« Реляциялық деректер қоры. Big Data. Деректер қоры түсінігі»
Семей – 2023 ж.
Өтетін орыны: 415 аудитория
Өтетеін күні: Тобы: Тақырыбы: «Big Data. Деректер қоры түсінігі»
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді, жан - жақты болуға үйрету;
Дамытушылық:Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік:«Оқу инемен құдық қазғандай», – еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, дербес компьютер.
Сабақтың барысы: 1. Алдынғы сабақ тақырыбын талқылау.
2. Жаңа сабақ тақырыбын талқылау.
3. Сабақ барысында тапсырмалар.
4. Жана сабақты қортындылау.
5. Сергіту сәті.
6. Үйге тапсырма.
1. Алдыңғы сабақ тақырыбын талқылау: Ақпаратты кодтау 1. Кодтау дегеніміз не? Кодтау – символдардың машиналық кодқа сәйкестігі, сонымен қатар ақпаратты компьютерлік тілден адамға түсінікті тілге аудару және керісінше.
2.Ақпаратты кодтаудың қандай түрлері бар? Морзе әліппесі, ASCII (American Standard Code for Information Interchange) коды, Apple фирмасының компьютерлері Mac OS операциялық жүйесінің басқаруымен өздерінің жеке Mac кодтау түрін пайдаланады, Unicode, Одан басқа стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (International Standards Organization, ISO) орыс тілі үшін ISO 8859-5 деп аталатын кодтау түрін ұсынды.
3.
3. ASCII бойынша кодтау
«ПАРТА» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтарды табамыз.
П – 8Ғ, А – 80, Р – 90, Т – 92, А – 80.
ПАРТА сөзінің коды 8Ғ80909280.
Ал 2-ші кесте бойынша. 8Ғ – 10001111, 80 – 10000000, 90 – 10010000, 92 – 10010010
Бұларды тізбектеп жазсақ:
10001111 10000000 10010000 10010010 10000000