Тобы: вм-503 Тексерген: Ахметжанов О. Н. Семей – 2018 жыл Жоспар


Г) ас қорыту мүшелерінің қабынуы және жарақаттану ретикулиті



бет10/12
Дата07.01.2022
өлшемі194,17 Kb.
#18270
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-81958

Г) ас қорыту мүшелерінің қабынуы және жарақаттану ретикулиті

Азық қорыту мүшелерінің қабынуы. Ішек пен қарынның қабынуы әсіресе төл арасында жиі байқалатын сырқаттық процесс.

Көбінесе катарлы қабыну, сирегірек қан араласқан, фибринді, іріңді, кейде продуктивтік қабыну процестері түрлерінде, кілегейлі қабықтың тек үстіңгі телімлерінің ғана қабынуы, мүше қабырғасының тереңінің де қабынуы сипаттарында байқалады. Процесс жіті, жітілеу және созылмалы өтеді.

Этиологиясы. Негізгі сырқат ретінде де, басқа бір сырқаттың салдарынан екінші кезекті де туындайды. Белгілі бір биологиялық агенттің әрекеті мен қоздырылған ерекше сипатты қабыну түрлеріінде байқалады. Сырқаттың туындауы мен етек алуы белгілі бір дәрежеде малды сапасыз шем-шөппен және ретсіз азықтандыруға, малды бағып күту ережелерінің бұзылуына тәуелді.

Ауыз қуысы кілегейлі қабығының қабынуы. Көбінесе жарақаттануынан, ыстық-суықтың, химиялыққ және инфекциялық факторларының әсерінен болады. Кілегейлі қабықтың қызаруына, ісінуіне қатарлы, фибринді, жайыла іріңдеп қабынулар, күлдіреуіктердің, іріңдіктердің, ойылымдардың пайда болуымен бітелетін қабыну процестерінің сипаттарында байқалады. Тіл кілегейлі қабығы қабынғанда тіл ісінеді, қабықтар ақ сұр немесе сұрғылт-сары шөгінділерімен бүркелген ойылымдар пайда болады. Қабынған қызыл иек ісінеді, қызарады, кейде қанталайды.

Жұтқыншақ кілегейлі қабығының қабынуы, көмей мен миндалиналардың қабынуы, миндалиналардың қабынуы көптеген инфекциялық ауруларға байланысты туындайды.

Өңеш қабынуы. Жарақаттанудан, физикалық-химиялық әсерлерден болады. Ол фарингитте және гастритке жалғасада туындайды. А витаминнің жеткіліксіздігі кілегейлі қабықта мүйіздену затының мол пайда болуына, ал С витаминнің жеткіліксіздігі қанталаулар мен ойылымдардың туындауына әкеледі. Кілегейлі қыбық қызарады, ісінеді, қанталауларға, ойылымдарға ұшырайды.

Жарақаттану ретикулиті. Жұмыршақ қарынның бөгде дегенмен жарақаттанып, жіті немесе созылмалы қабыну.

Этиологиясы мен дерттенуі. Сырқат сапасыз дайындалған ірі талшықты пішен мен сүрлем құрамында болуы мүмкін өткір ұшты бөгде денелермен жарақаттану нәтижесінде өршиді. Азықтың жеткілікті шайналмай, тез жұтылуы, ірі қара мал тілінде жұтқыншаққа қарай қисая орналасқан ұзын емізікшелердің болуы сырқаттың туындауына септігін тигізетін жағдайлар. Жұмыршақ қарын қарқынды жиырылғанда, әсіресе құрсақ қуысындағы қысым артқанда, жеткіліксіз шайнаған азыққа еріп, асқазанға енген өткір ұшты бөгде заттар жұтқыншақтың қабырғасына еніп, оны жарақаттап, кейін мүше қуысына қайту да, құрсақ қуысында, көкірек қуысына өтіп, ондағы мүшелердің зақымдалуы да мүмкін. Жарақаттанған жерерде қанталаулар туындайды, потогенді микробтар әрекеті іріңді, іріп-шіріп қабыну процестеріне әкеледі.

Потологиялық анатомиясы. Жұмыршақтың алдыңғы бөлігінің кілегейлі қабығында немесе мүше қабырғасының тереңінде қанталаулар, мүше қуысымен өзек арқылы жаласып тұрған іріңдік болады. Өзектің қабырғасы гиалинозға ұшыраған дәнекер өрмеден тұрады. Бұл жерде бөгде заттың өзінде болуы мүмкін. Өткір ұшты заттар көбінесе жұмыршақ қабырғасы арқылы диафрагмаға, одан әрі жүрек қабына жәнее жүрекке өтіп, оларды қаынуға ұшыратады. Зақымданған мүшелер бір-біріне дәнекер өрме мен жабысуы мүмкін. Кейде бөгде зат плевралық қуыста, өкпеде табылады. Құрсақ қусына өткен бөгде зат бауырды зақымдап, іріңдіктің туындауына, бет перденің фибринді қабынуына әкеледі. Перитонит жайылмалы сипатта да болуы мүмкін.

Ауруға потологиялық анатомиялық диагнозды қоюдың қиындығы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет