Тобы: вм-503 Тексерген: Ахметжанов О. Н. Семей – 2018 жыл Жоспар


Д) қарын мен ішектің қабынуы және қарынның ойылым аурулары



бет11/12
Дата07.01.2022
өлшемі194,17 Kb.
#18270
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
stud.kz-81958

Д) қарын мен ішектің қабынуы және қарынның ойылым аурулары.

Қарын мен ішектің қабынуы. Ішек қарын тұтас ұзына бойына қабынуы да, ішек бөліктері өз алдында қабынуы да мүмкін. Төл арасында жиі байқалады. Жіті де, жітілеу де, созылмалы да өтеді. Серозды, катаралды, фибринді, қанараласа және іріңді қабынулар түрлерінде байалады.

Серозды гастрит пен энтерит кілегейлі қабықтың ісінуімен, қызаруымен, қанталаулардың пайда болуымен сипатталады. Микроскоппен қарағанда кілегейлі қабықты құрамында торшалар көп емес серозды экссудаттың жайылғаны, тамырлардың қанмен кернелгені көрінеді. Жамылғы эпителидің бірен-саран торшалары дистрофияға ұшырайды, орнынан сыдырылып түседі. Серозды қабыну көбінесе қарын-ішек қабынулардың басқа түрлері ұласады.

Қарын мен ішек жіті катаралды қабынғанда кілегейлі қабық дақты-жолақты қызарады, ісіеді, әдетте жылтырлығынан айырылып, көмескіленеді, созылмалы, лайсаң серозды-кілегейлі, кейде кілегейлі іріңді, сирек аздаған қан араласады, құрамында ақшыл сұр ірмектер бар шөгіндімен бүркеледі. Кілегейлі қабықта майда қанталаулар мен ойылымдар болуы мүмкін. Кейдк, әсіресе жас малдарда, орыннан мол мөлшерде сыдырылып түскен жамылғы эпителий торшалары ішектің ішіндегісіне қайнатқан күріш маңызының сипатын береді. Жекеленген және топтасқан лимфоциттер түйіршіктері қабыну процесімен қамтылып, гиперплазмаға ұшырап, көлемі ұлғаюы мүмкін. Олар домалақ немесе сопақша пішінді, жиегі дөңестенген құрлымдар түрлерінде байқалады.

Микроскоппен зерттегенде жамылғы эпителий торшаларының кілегейлену дистрофиясына ұшырағаны, кілегейлі қабық пен оның астыңғы қабатты аздаған серозды сұйықтың және торшалар топырларының кеулегені, тамырлардың қанмен кернелгені байқалады. Саны артқан бокал тәрізді торшалардың орнынан көптен сыдырылып түсуі кей жерде ішек бүрлері бетінің жалаңаштануына, тіптен ойылымдануына әкеледі, оған жауап ретінде орын толтыру процестері туындайды.

Қарын мен ішектің катаралды қабынуы көбінесе созылмалы сипат алады да, кілегейлі қабықтың қалыңдауына, нығыздалуына әкеледі. Кілегейлі қабық атрофияға ұшырап, жұқаруы да,, оның бездері көлемінің кішіреюі және атрофиялық катарға ұшыраған телімдер қатар жатады.

Гипертрофиялық созылмалы катарға ұшыраған кілегейлі қабық қалыңдайды, бүктесінделеді, нығыздалады, сұрғылт тартады, онда қанталаулар жұртында пайда болған көптеген қара қошқыл нүктелер байқалады. Мүшенің ішіндегісінде мол мөлшерде өою, жабысқақ, лайсаң кілегей болады. Оның шөгіндісін кілегейлі қабық бетінен сумен шайып жіберу оңайға түспейді.

Микроскоппен зерттегенде жамылғы эпителий торшаладың кілегейлі дистрофияға ұшырап орыннан сыдырылуынан басқа, кілегейлі қабықта сияқтанып кеңейгені байқалады. Дәнекер өрме кілегейлі астындағы қабатты да, ет қабығында да, тіптен ылғалдының астындағы өрмені де кеулеуі мүмкін. Оның құрамында гистиоциттер, лимфоциттер мен нейтрофильдер болады.

Атрофиялық катарлы гастроэнтеритте кілегейлі қабықтың жұқаруы, бездер көлемінің кішіреюі, кейбір телімдерде жойылып та кетуі тән. Созылмалы гастроэнтеритке ұшыраған малдың қоңы тым төмен болады, төлдің өсуі мен дамуы тежеледі. Қарын мен ішек фибринді қабынғанда кілегейлі қабық қызарады, ісінеді, кебекке ұқсаған немесе сұрғылт-сары, оп-оңай сыдырылатын фибрин үлдірігімен бүркеледі. Кейде фибрин экссудатты ішектің ішкі бетін тұтас көмкерген түтік түрінде байқалады. Көбінесе тоқ ішекте байқалатын және фибриннің мүше қабырғасын терең, кейде кілегейлі астындағы қабатқа дейін кеулеуімен сипатталатын дифтериялық қабыну жайылмалы және ошақты түрлерде кездеседі. Фибрин шөгіндісі сұрғылт-қоңыр түсті, кедір-бұдырлы нығыз үлдіріктер немесе ошақты түйме сияқты, қабат-қабат қабыршақтар түрлерінде болады. Ошақты қабынулар лимфоциттердің топтасқан немесе жекеленген түйіршіктері орналасқан жерлерінде туындайды. Фибринмен кеуленген өлі өрмелі алып тастағанда орнында ойылымдар пайда болады. Ауырудың ақыры сәтті болған жағдайда бұл ойылымдар тыртықтанып жазылады. Қабыну ошағы микроскоппен зерттегенде қан мен өрменің өліге ұшыраған торшалары, нәзікталшықты немесе біркелкі масса түріндегі фибрин және реактивті қабыну белдеуі байқалады. Соңғысы көптеген лейкоциттермен макрофагтардың, дәнекер өрменің өсіп-өніп көбею бабындағы торшаларының шоғырлары түрінде болады. Әдетте созы лмалы өтетін қабынудың бұл түрі торайлар обасы сальмонеллезбен асқынғанда, тауық обаға ұшырағанда, т.б байқалады.

Қарын мен ішектің қанараласа қабынуы жайылмалы және шектелген түрлерде байқалады, жіті өтеді, әдетте сәтсіз аяқталады, кілегейлі қабықтың кмескіленуімен, домбығуымен, қопсыумен, қара қызыл түске иеленуімен сипатталады. Қабықта көптеген қанталаулар болады. Мүшенің ішіндегісі көп мөлшерде қанды сұйық араластырып, оған қызыл түс береді. Ішектің жайылмалы сипаттағы қанараласа қабыну көптеген инфекциялық ауруларға жіне улануға байланысты туындайды. Шектелген анараласқан энтерит қараталақтың ішек түріне т.б кейбір ауруларға тән. Гистологиялық тұрғыдан процесс кілегейлі қабық тамырларының қанмен кернелуімен, меншікті қабатын серозды-қанараласқан сұйықтың жайлауымен, жамылғы және без эпителий торшаларының бүлініп, орыннан сыдырылуымен сиппаталады.

Қарын мен ішетің іріңдеп қабынуы көбінесе жайылған іріңді катар түрінде байқалады және серозды және кілегейлі қабықтардың жалғасы ретінде организімнің сепсистік-пиемиялық ауруларына, ішек гельминтоздарына байланысты туыдайды. Кілегейлі қабықтың сұрғылт-жасыл түсті сұйық немесе қою серозды іріңі экссудат бүркейді. Сұр-қызыл, домбыққан, қопсыған кілегейлі қабықта көптеген қанталаулар болады. Микроскоппен зерттегенде тамырлардың қанмен кернелгені, кілегейлі қабық бүрлерін және эпийтелий жабынысын кеулеген негізінен нейтрофильдерден тұратын торшалар шоғырланады, эпителий бүлініп, орыннан сыдырылып, ойылымдармен ойымдардың пайда болғаны көрінеді. Ішек қабырғасындағы бұдырмақтар түрлерінде көрінетін іріңдіктердің ішінде ақ сұр қоймалжың болады.

Ішек-қарын қабынуының ақыры әр қилы. Жіті қабынулар тұншыққан жағдайда бүлінгенді әдеттегі қалпына келтіруге мүмкіндігі жоғары кілегейлі қабық тез жазылып кетеді. Созылмалы қабынуға байланысты туындаан тұрақта өзгерістер өрімінің әдеттегі құрлымының деректі бұзылуына әкелуі мүмкін.

Қанның ойылым аурулары. Көбінесе енесінен ажыратылған торайлармен бордақыдағы жас шошқаларда, жас бұзауларда, кейдк иттерде байқалады.

Этиологиясы мен дерттенуі. Өте күрделі. Негізінен стестік және қоектік факторларға байланысты туындайды, яғни жануарларды бағып күтудегі, азықтандырудағы ақаулардан, кқ, жалпы организімдегі зат алмасу процесінің бұзылуынан болады. Стрестік жай-күй, ұзақ үзілістенн кейін азықтандырады дағдыға айнадыру, тек құрғақ азықты немесе тек сұйық азықты жегізу және т.б кқ қорғану қабілетін төмендетіп, бүлінуге әкеледі. Нәтижесінде кқ қарын сөліндегі ферменттер әсерінен ыдырауға ұшырайды.

Потологиялық морфологиясы . сырқаттық өзгерістер шошқалардың қарынында гиперкератоз, ойылымдар, ойылымды гастрит, жіті және созылмалы ойылымдар мен ойылымдардың тыртықтануы түрлерінде байқалады. Әдетте қарынның өңештік бөлегі мен фундалдік бөлегі бүлінеді. Дистрофиялық және өліге ұшырай бүлінуі кілегейлі қабықтың тек үстіңгі қабаттарында гиперкератоз және ойылымдар немесе ылғалды қабыққа дейін тереңдеген ойылымдар түрінде болады. Ойылымдар әр түрлі өлшемді, дөңгелек немесе сопақша пішінді келеді.

Олардың түбі ілкіде қара-қызыл, қара-қойыр түсті болады, уақыт өте келе ақсұр, сұрғылт сары тартады, бұдырланады, жиегі дөңгеленеді. Бұл сырқаттың процеске әдетте ұарындағы қанталаулар, аш ішектің катарлы, паренхималық мүшелердің дистрофиясы, анемия қосарланады. Организімдегі қан аздық терінің ақшылдануына әкеледі.

Жануарларды сойып зерттегенде байқалатын қанталаған ойылымдар мен қарынның қан араласқан ішіндегісі ойылым ауруларына диагноз қоюға негіз болады. Кейде ойылымдар қарын қабырғасының тесілуіне ұласып, сөйтіп қанның құрсақ қуысына шығып, қан ұйыстарының пайда болуына, нәтижесінде анемияға, жайылмалы немесе шектелген перитонитке әкеледі. Қарындағы ұзаққа созыла өткен ойылымдар тыртықтанады, басқа өзгерістер шамалы болады. Жануарлады сойып зерттегенде өлімге әкелеген ауруға ешқандай қатысы жоқ қарын мен ішек ойылымдары табылуы мүмкін. Қарын мен ішектегі бірен саран немесе көптеген ойылымдар мен ойымдар әр түрлі ауруларға байланысты да, сол аурулардың нышандары ретінде де туындауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет