Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Орындаған: Бейсен Назген
Тобы1404-19
Қабылдаған: Мұсақұлов.Қ
Графика және жобалау әдістемесіне сипаттама
Жоспар
- Оқыту әдістері
- Инженерлік технология
- Теориялық оқытудың әдістері
- Жаттығуларды классификациялау
Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға койған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Оқыту әдістері деп – оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған оқытушы және оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Инженерлік психологияда іс-әрекеттің мына түрлері бар: пәндік-практикалық; пәндік-ойлау; практикалық белгілеу; ойлау белгілері аркылы.
Пәндік-практикалық іс-әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәнге ие.
Пәндік-ойлау іс-әрекеті пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.
Практикалық белгілеу іс-әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген (түрлі есептерді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б).
Теориялық оқытудың әдістері:
- Монолог түрінде жүргізілетін әдіс. Бұл әдіс бойынша теориялық сабақ өткізуде оқытушының рөлі басым. Оқытушы акпаратты ауызша жеткізеді, ал оқушылар болса атқарушы рөлінде болады, олардың іс-әрекеті берілген үлгі бойынша ұйымдастырылады.
- Көрнекілік әдіс. Оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы тәжірибе түрінде түсіндіреді. Оқушылардың іс-әрекеті репродуктивті.
- Диалог түрінде жүргізілетін әдіс оқытушы теориялық материалдарды диалог ретінде баяндайды.
- Эвристикалық әдіс. Оқу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол оқушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу материалын түсіндіруде проблемалық сұрақтар қойылып, оны оқушылар оқытушы көмегімен шешеді.
- Іздену әдісі. Оқытушы мен оқушының өзара іс-әрекеті іздену арқылы ұйымдастырылады.
- Бағдарламалап оқыту әдісі. Бұл әдіс оқу үрдісін бағдарламалаған оқу-әдістемелік құралдар көмегімен іске асырылады.
Кейінгі кезде теориялық немесе өндірістік оқытудың белсенді әдістері кең жолға қойыла басталды
Жаттығуларды классификациялаудың екі түрі бар. Біріншісі - дидактикалық мақсаты бойынша: бастапқы білік қалыптасты-руға арналған, дағды қалыптастыру, күрделі білік қалыптастыруға арналған жаттығулар. Екіншісі - мазмұны бойынша: еңбек тәсілдерін орындау; еңбек операцияларын орындау бойынша, технологиялық процесті басқару бойынша жаттығулар. Жаттықтыру жаттығулары оқытудың бірінші кезеңінде оқушылардың жекелеген жұмыс қозғалысын, қиын емес операцияларды және тәсілдерді орындаудың бастапқы біліктілігін қалыптастыру.
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |