Тобының оқушысы



бет2/9
Дата04.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#47459
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І. Әдебиеттерге шолу

М. Сабаншиев, Т. Сүлейменовтің [12] мәлеметтерінде өкпе қылқұрт ауруы қой мен ешкінің гелъминтоздарының ішінде көп кездесетін қатерлі бір түрі.


Диктиокаулездің шаруашылыққа әкелетін зияны орасан зор. Бұл дерттен көптеген төл қырылып қалуы да мүмкін. Індетке шалдыққан малдың қоңы төмендейді, түліктің өсу қарқыны тежеледі, оның ет, жүн сапасы нашарлайды.
Г. С. Кузнецов және А. И. Протасовтың [10] деректерінде диктиокаулезді жұқтырушы – ауру тасушы диктиокаулюстар. Оның ұрғашысы малдың тыныс органдарының қуысына өздерінің жұмыртқаларын салады. Ол қақырықпен ауызға түседі де, мал оны жұтып қояды. Ішекте олардан личинкалар шығып, нәжіспен бірге сыртқа тарайды да инвазиялық кезеңге дейін (қойда 6 - 7, ірі қарада 3 – 4 күнге одан да көпке дейін) өсіп - өнеді.
К. И. Абуладзе, Н. В. Демидовтың және т. б [1] еңбектерінде ұрықтанған ұрғашы қоздырушылар өз жұмыртқаларың қойлардың ауа тамырлары мен кеңірдегіне салады, ол жұмыртқалар кейін ауыз қуысына түсіп сілекеймен ішке жұтылады. Ас қорыту жолымен өту кезінде әсіресе, тоқ ішекте жұмыртқадан личинкалар шығады, соңғылары нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады.
Қалыпты жағдайда личинкалар дами келіп, екіге түлейді. Осыдан кейін олар инвазиялық даму сатысына түседі, яғни жұұқпалы ауру тудырады. Мал азығымен немесе сумен қойлардын ішіне енген личинкалар ішектің кілегей қабығына еніп, одан сөл жүйесі және қан айналым жүйесі арқылы өкпеге барады. Өкпеде личинкалар қан айналу жүйесінен кетіп, алъвеолярлы жүйеге және бронхиолға өтеді, одан кейін ауа тамыр мен кеңірдекке орналасады.
К. М. Ерболаттың [6] айтуынша диктиокаулез әлемнің көптеген елдерінде таралған ірі қара малдың, койдың қауіпті құрт ауруы. Бұл ауру Қазақстанның көптеген аудандарында кездеседі және мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық залал тигізеді. Жануарлар диктиокаулді жайылымнан жұқтырады, яғни шөппен немесе сумен бірге тоғышар құрттың инвазиялық личинкаларын жұтады, содан ауру пайда болады.
К. Л. Мальцев және И. А. Архиповтың [11] зерттеулерінде зарарлағыш дәрежесіне жеткен балаңқұрттар шық түскен шөпте өте көп кездеседі. Шық түскен, суланған өсімдікті жеген мал диктиокаулезге тез шалдығады. Асқазан – ішекке түскен балаңқұрттар сыртқы қабықтарынан ажырп, ішек қабаттарын тесіп, сөл торабына түседі, одан әрі қарай қанның кіші айналымы арқылы өкпеге келіп тоқтайды. Кеңірдек пен ауа тамырларда 1 – 2 айдың аралығында жынысы жетілген ересек құрт сатысына ауысады. Қой мен ешкі денесінде өкпе қылқұрты 2 жылға дейін өмір сүреді.
М. Ф. Боровков, В. П. Фраловтың және т. б [5] деректерінде бұл жануарлар диктиокаулезбен аурған жағдайда жыл мезгіліне қарамастан оларға дереу емдік дегелъминтизация жасайды. Диктиокаулездің қосалқы инфекциясы асқынған жағдайда ол жануарларға дегелъминтизациямен қатар антибиотиктер, сулъфаниламидтер және т. б қолданады. Диктиокаулез кезіндегі қой мен ешкінің дегельминтизациясы үшін нилверм, мебендазол, дитразин цитрат, ветеринарлық дитразин, дивезид немесе йодтың сулы ертіндісін қолдану ұсынылады.
М. Ш. Акбаев, Ф. И. Василевичтің және т. б [2] мәлеметтерінде ірі қара мен ұсақ жануарлардың диктиокаулдері көбірек тараған. Мал жемшөппен немесе сумен бірге личинкаларды жұтқан кезде ауру жұқтырады, бұл личинкалар ішектен лимфогематоген жолымен өкпеге ауысады, сөйтіп бронхыларда (кеңірдек тарамдарында) жынысы жетілген гелъминттерге айналады. Диктиокаулдар ірі қараның бронхаларында бір жыл бойы, ал қойдың бронхыларында – екі жылға дейін тіршілік етеді. Бір және екі жастағы мал диктиокаулезге неғұрлым шалдыққыш келеді. Жайылымда бұзаулар мен қозылар ауруға шалдыққан малмен бірге жүргенде немесе бір жайлым учаскесін пайдаланғанда жұқтырады. Қой бұл ауруға тамыз – қыркүйек және наурыз – сәуірде, ал бұзаулар қыркүйек – қазанда неғұрлым көп шалдығады. Диктиокаулдің личинкалары сыртқы ортада бүкіл жайылым маусымында тіршілігін сақтайды және бірқатары қыстап шығады.
Г. А. Кононовтың [9] еңбектерінде қозылардың личинкаларды жұтып, ол личинкалардың дамып диктиокаулюс дәрежесіне жетуі үшін 21 – 25 күн қажет.
Қозының ағзасында диктиокаулюстің паразиттену ұзақтығы 2 айдан 12 айға дейін созылады. Бұл біріншіден малды азықтандыруға, ұстау жағдайына, екіншіден малдың ағзасының физиологиялық жағдайына байланысты. Малды жақсы азықтандырса, күтіп бақса диктиокаулюстің паразиттенуін тоқтатуға болады.
Отарда қозылардың ауруы туған жағдайда олардың ішек құрттарын айдап, жеке мал қораға қояды. Қажет болған жағдайда ішек құрттарын айдауды қайталайды, тек 12 күннен кейін істеу қажет. Диктиокаулез асқынған малдарға антигельминтиктермен қатар антибиотиктер және т. б қолданады.
Г. С Шабдарбаеваның [13] деректерінде диктиокаулез бұл кеңірдек пен ауа тамырларында жайғасқан нематодалардың әсерінен туындайтын, тыныс алудың бұзылуымен, ауа жетіспеуімен, жөтелдің пайда болуымен, бронхопневмония және іш өту белгілермен сипатталатын қатерлі инвазия. Бұл ауру әртүрлі малда және жабайы жануарлар арасында жиі кездесетін, аса қауіпті гельминтоз.
Д. Н. Антипин, В. С. Ершов және т. б [3] еңбектерінде бұл ауруды тудыратын – жұмыр құрттар, Dictyocaulidae тобына жатады, қойлардың ауа тамыры мен кеңірдегінде тіршілік етеді. Бұл ауру энзоотия түрінде (індеттің белгілі аймақта орын тебуі) қалыптасып, ауырған қозының өлуіне әкеліп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет