Тоғжан ауылында



Дата26.09.2024
өлшемі14,12 Kb.
#145827
Байланысты:
11 сынып Т1 диктант


БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры А.К.Абылова
11 сынып
Тоғжан ауылында
Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші толы тірелген жүк, буулы тең менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, тұс киізбен қоршалыпты.
Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы - Әділбек, Асылбекпен - бәрі де қонақтармен бірге болды. Бұл үйге, әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы - Тоғжан. Абай келгеннен бері, Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері - баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп - жіңішке қасы да айдай болып қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп - үшкір боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей. (169 сөз)
(М.Әуезов)
Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Мәтіннен екі сөйлемді синтаксистік тұрғыдан талдаңыз.

  2. Үзіндіден сын есімдерді тауып, олардың қай сөздерге қатысты екенін анықтаңыз. Әр сын есімнің түрін (сапалық, қатыстық) анықтаңыз.

  3. Мәтіннің стилін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет