«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет18/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Шартты жарамды етті өңдеу.Шартты жарамды етті – бұл еттің қауіпсіздігі мен 
адам организіміне зиянсыздығын қамтамасыз ету үшін, химиялық және термиялық 
өңдеуден өткізілген, ауру малдың еті және үлпіршек ағзалары болып табылады.
Мұндай шартты жарамды етке қойылатын негізгі санитариялық талаптарға, еттің 
термиялық өңдеуден кейін қайта эгзогенді микробтармен ластануын және жұқпалы 
аурулар қоздырушыларының таралуын алдын-алу болып табылады. 
Мүліктердің, технологиялық құрал-жабдықтардың және өндіріс орындарының 
санитариялық өңделуі. Күнделікті жұмыс біткен соң, барлық технологиялық құрал-
жабдықтар, мүліктер, столдар, ванналар, ыдыстар, арбалар, ковейір, еден және малды сою 


және ұшаны мүшелеу орындарының қабырғалары механикалық түрде қаннан, шырыштап 
және т.б. ластанулардан тазартылып, жылы су (40С) және жуғыш ерітінділерімен жуып, 
зарарсыздап кейін дезинфекциялық заттардың қалдықтарын кетіру үшін тағы жылы сумен 
шаяды. 
Дезинфекцияны «Ветеринариялық дезинфекцияны, дезинвазияны, дезинсекцияны, 
және дератизацияны жүргізу ережелерін» басшылыққа ала отырып жүргізеді. 
Қоздырушысының төзімділігіне байланысты зарарсыздандыруды құрамында 2 - 3% 
белсенді хлоры бар хлорлы әктің ақшыл ерітіндісін, 2 - 10% (80С) күйдіргіш натрий 
немесе 3 - 15% каспос ерітіндісін қолданады. 
Сілті ерітінділер - тот баспайтын болатты, темірді, шойынды коррозияға 
ұшыратпайды, әйнекелі плиткаларды зақымдамайды және нысандардың сыртқы түрін 
өзгертпейтін, иісі жоқ дезинфектант. Мұндай ерітінділерді споралы және спорасыз 
микроорганизмдермен 
ластанған 
нысандарды 
зарарсыздандыруға 
пайдаланады. 
Қайшыларды, пышақтарды, кескіштерді, мускаттарды, лигендерді және сол сияқты майда 
мүліктерді жуғыш ерітінділермен жуып болған соң, сумен шайып, стерилизаторды немесе 
автоклавта бумен зарарсыздандырып, 2% кальциленген сода ерітіндісінде қайнатады. Күн 
сайын жұмыс кезегі біткен соң, техникалық өнімдерді ветеринарлық конфисканттарды 
және етті стерилизациялау бөлімдерінің мүліктері, құрал-жабдықтарды және ғимараттың 
өзі механикалық тазаланып, жуғыш заттармен майсыздандырылып, дезинфекцияланады. 
Жүк түсіру бөлімдерінің ғимаратын, құрал-жабдықтарын және мүліктерін майсыздандыру 
үшін кальциленген сода мен күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісі қолданылады. Бұл 
нысандардың дезинфекциясы кем дегенде 5 күнде бір рет жүргізілу тиіс.
Санитарлық сою орындарының жұмысшылары жеке бас гигиенасын қатаң түрде 
сақтап, қолдарын құрамында 0,2% белсенді хлоры бар хлорлы әктің ақшыл ерітіндісімен 
немесе хлораминмен дезинфекциялайды. 
Санитарлы және арнайы киімдерді жұмыс біткен соң зарасыздандырады. Құрал-
саймандарды стерилизатордың ыстық суында (95С) немесе бумен дезинфекциялайды. 
Ағын суды хлорлап, ал көңді биотермиялық зарарсыздандырады. Инфекциялық ауру
қоздырушыларының таралуын алдын-алу үшін жүйелі түрде деротизация немесе 
дезинфекция жүргізіледі. 
Суб өнімдерді өңдеу.Суб өнімдерді сақтау ұзақтығы мен олардың микробтық 
ластану дәрежесі, өңдеудің санитарлық гигиеналық шарттарын орындалуына байланысты 
болады. Суб өнімдерді салқындатқаннан кейін ондағы микроорганизмдердің көбеюі 
белсендейді, ал тоңазыту кезінде бактериялардың көбеюі тоқтайды. Бірақ олардың 
температурасы 15С жоғары жерде ұзақ уақыт сақтау кезінде, оларда кейбір зең 
саңылауқұлақтар дамиды. Жұмыс орындарын, құрал-жабдықтарды, мүліктерді және 
қолды ластаған сайын жылы сумен жуып отыру қажет. 
Жұмыс орындар мен құрал-жабдықтарды санитарлық өңдеу.Күнделікті жұмыс 
уақытының аяқталуымен, субөнімді өңдеу цехындағы құрал-жабдықтар, мүліктер мен 
ыдыстарды 2% калциленген сода (60-70С) ерітіндісімен, 4%-і демп және 2%-і натрийдің 
метасиликат ерітіндісімен жуады. Жуғыш заттар қалдығын алдымен ыстық, артынан суық 
сумен шаяды. Майлы бояумен сырланған қабырғалар мен құрал-жабдықтар бетін, 1%-і 
сабынның ыстық ерітіндісімен жуады. Аспалы ожаулар мен едендік арбаларды әр 
қолданғаннан кейін жылы сумен, ал қатты ластанса сілті ерітіндісіне малынған щеткамен 
тазалайды. Көлденең барабандарды, үстелдер мен ағаш тақтайларды жұмыс кезегі 
аяқталысымен жылы сумен жуылып, ыстық жуғыш заттармен майсыздандырылып, ыстық 
сумен шайылады. 
Ет және еттің тағамдық өнімдерімен жанаспаған, майлы бояумен сырланбаған 
құрал-жабдықтар мен мүліктерді (алюминийден дайындалған құралдан бөлек) және 
әйнектелген плиткалар мен қабырғаларды тазалағаннан кейін, оларды 2% күйдіргіш 
натрий (60-70С) ертіндісімен, 4% демптің жылы (65-70С) ертіндісімен, 3%каспостың 
ыстық ерітндісімен, 0,1% натрий дихлоризациянурат ертіндісімен, 0,8-1,5% хлорамин


құрамында 1-2% белсенді хлоры бар хлорлы әктің ақшыл (65-70С) ерітіндісімен немесе 
құрамында 0,03-0,07% белсенді хлоры бар трихилоризоцианурлы қышқыл ерітіндісімен 
дезинфекциялайды.
Хлоры белсенді препараттармен өңделген объектілерді 30 минуттан кейін суық 
сумен жуады. Ал сілтілер қолданғанда, 45 минуттан кейін ыстық сумен жуады. Егерде 
жууды жұмыс соңында жасаса, онда келесі күні, жұмыс барысында технологиялық 
құралдарды екінші рет сумен жуады.
Ыдыстар мен кішігірім мүліктерді (жәшіктер, тақтайлар, жаймалар, пышақтарды, 
қайрақты) ыстық 2% кальциленген сода ерітіндісімен немесе 2% депты ерітіндісімен 
жуып, шайғаннан кейін оларды температурасы 100С болатын стерилизатордың қаныққан 
буында 60 минут бойы немесе қысымы 0,05МПА (температура 111С) болатын автоклавта 
30 минут бойы ұстап, зарарсыздандырады. 
Субөнімдерді тасымалдайтын құбырларды ыстық кальциленген сода ертіндісімен 
жуады немесе бір мезгілде 4% ыстық демп ертіндісімен жуып зарарсыздандырады. Бұл 
ерітінділерді тозаңдатқышы бар форсунка щеткалы құралымен немесе ортадан тепкіш 
форсункалар арқылы шашады. 1 сағаттан кейін құбырдағы сілтіні толық кетіргенше 
ыстық сумен шаяды. Бұл үшін түтігі бар форсунканы құбырдың ішіне 3 реттен кем емес 
болатындай түсіреді. Санитарлық-гигиеналық шаралар кешеніне санитарлық өңдеуден 
басқа өндіріс орындарының дезинфекциясы және деротизациясы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет