«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет17/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Малды сою және ұшаны мүшелеу.Санитариялық-гигиеналық шаралар, сою 
технологиясымен, тері сыпырумен, ұшаны үйітумен, ішкі ағзаларын бөліп алумен, 
ұшаны, технологиядық жабдықтарды және басқа да нысандарды санитариялық өңдеумен 
тығыз байланысты. 
Малдарды сояр алдында, 2 сағатқа, цех жұмысының уақытын үнемдеу үшін қораға 
қамайды. Оқшауланған орындарда малды сойып, ұшасын мүшелейді. Басқа бөлімдерде 
қан алатын шелектер мен бидондарды жуып, дезинфекциялайды; мал ұшасының тексеру 
қорытындысы шыққанша қанды дезинфекциялап, тұрақтандырады. Еттің ластануын 
алдын-алу мақсатында троллейлерді майлап, оқшауланған бөлмелердегі ілгіштермен 
таратқыштарды жуып, кептіреді. Мүліктер мен құрал-саймандарды, цехты санитариялық 
өңдегеннен кейін арнайы орындарға жинап, сақтайды. 
Мал сою және ұшаны мүшелеу цехтарын жақсы жарықпен (мысалы 
ветеринариялы-санитариялық экспертиза жүретін жерлерде қызатын лампаларының 
жарығы 150 лк кем емес, ал люминесцентті лампа 300 лк болу керек) және желдеткішпен 
қамтылу керек. Ғимараттан бір жұмысшыға 13м
2
кем емес орын және 4м
2
өңдіріс орыны 
бөлінуі қажет. Ауаның келуі, бөлмедегі ылғалдылық микроорганизм, шаң, зиянды 
газдарды (аммиак, көмірқышқыл газы және т.б.) бөліп шығару үшін табиғи (фортачка, 
фрамуга) және жасанды ағымды-сорғыш вентиляция орнатылады. Сорғыш электро-
вентиляцияны малды конвейірге ілетін, ұшадан теріні сыпыратын, ішкі ағзаларды 
шығаратын, ұшаны ылғалды тазалайтын және қарынды жыңнан тазартатын жерлерге 
орналыстырады. 
Әрбір жұмыс орнына қол, құрал-сайман, жабдықтарды, мүліктерді, ішкі ағзалар 
мен мал ұшасын, еден мен бөлме қабырғаларын жуатын, суық және ыстық су құбырын 
жүргізеді. Жұмыс орнын әр уақытта таза ұстап, қолды және құрал-саймандарды 
зарарсыздандыратын дезинфекциялық ерітінділермен қамтамассыз етеді. 
Малдың жұқпалы аурулары табылғанда жүргізілетін ветеринариялық-
санитариялық шаралар.Ет комбинаттарына топалан, қарасан және басқа да қауіпті 
ауруларымен ауыратын немесе күдікті малдарды малдарды жібермейді. Агония күйіндегі, 
сонымен бірге топалаң, құтырыққа қарсы вакцинамен егілген және топалаңға қарсы қан 
сарысуы егілген малдарды 14 күн өтпей союға жібермейді. Ет комбинаттарында жұқпалы 
аурулармен ауыратын мал немесе конвейірде ұша табылса, онда тиісті нұсқалар бойынша 
ветеринариялы-санитариялық шаралар жүргізіледі. Бұл шаралар сыртқы ортадағы, малды 
ет комбинаттарына әкелген транспорттағы, жайлардағы, жабдықтардағы, мүліктердегі, 
қолдағы, кәсіпорын жұмысшыларының арнайы және санитариялық киімдеріндегі, мал 
күтушілерінің киімдеріндегі инфекциялық ауру қоздырушыларын жоюға бағытталған. 
Жұқпалы ауру қоздырушыларымен ластанған ағын суды, қиды және басқа да нысандарды 
зарарсыздандырады. Аса қауіпті инфекциялық ауруларға топалаң, қарасаң, маңқа және 
т.б. жатады. 
Топалаң. Топалаңға күдік туған кезде малдәрігер мал сою және ұшаны мүшелеу 
цехтарының жұмысын тоқтатып, басқа көршілес цехтарға хабарлайды. Кейін «Сойыс 
малдарын ветеринариялық тексеру және ет және ет өнімдерін ветеринариялық-
санитариялық сараптау ережелері» бойынша шаралар жүргізіледі. Күдікті мал ұшасынан 
көкбауыр, өзгерген ұлпа бөліктерінен кесінді және зақымданған лимфа түйіндері мен 
құлақты алып лабораторияға микроскопиялық, биологиялық және бактериологиялық 
тексеруге жібереді. Зерттеу нәтижелері белгілі болғанша ұшаны және ішкі ағзаларды 
бөлек алып, қолды, құрал-саймандарды, аяқ киімді және киімдерді дезинфекциялайды. 
Микроскопиялық зерттеу кезінде топалаң қоздырғышы табылса, ұшаны ішкі 
ағзалармен және теріні басқа зерттеулердің нәтижесін күтпестен бұрын өртеу үшін 
ветеринариялық-санитариялық өтелзауыттарына немесе арнайы бөлінген жерлерге 


жіберіледі. Барлық түрсізденген өнімдерді (сирақ, құлақ, желін, қан және т.б.) топалаңмен 
ауырған мал өнімімен аралсқан болса, оларды техникалық өтелге (жоғары режимді 
стерилизациялау ережелерін сақтап, азықтық ұн өңдіруге) жібереді немесе өртейді. 
Топалаңмен ауырған мал терісімен жанасқан сау мал терілерін дезинфекциялайды. 
Топалаңмен ауырған мал тұрған қораны дезинфекциялық ерітіндімен ылғалдап, қидан 
мұқият тазалап, 20% хлорлы әк ерітіндісімен (5% белсенді хлор бар), және тура осындай 
мөлшердегі белсенді хлоры бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісімен немесе 10% күйдіргіш 
натрийдің ыстық ерітіндісімен дезинфекциялайды. Дезинфекцияны экспозициясы 3 сағат 
болатын, арасы бір-бір сағаттан 3 мәрте жүргізеді. Сонымен қатар малды сою және ұшаны 
мүшелеу цехтарынан мал ұщалары мен ішкі ағзалар шығарылғаннан кейін ондағы құрал-
жабдық, мүлік және ғимараттың өзі өңделіп, дезинфекциялайды. Бұл цехтардағы 
қабырғаларды еденнен 2м биіктікке дейін дезинфекциялайды. 
Құрал-саймандарды және санитариялық киімдерді 2%-тік кальций тұзының 
ерітіндісінде, жабық ыдыста қайнатып немесе автоклавта 90 минут бойы ұстап 
зарарсыздайды. 
Топалаңмен уырған малмен немесе одан алынған өніммен жұмыс істеген барлық 
жұмысшыларды топалаң ауруындағы профилактикалық ережелерімен таныстырып, 
санитариялық қадағалауымен санитариялық өңдеуден өткзіледі. 
Топалаңмен ауырған мал немесе өлексе табылған базадағы қимен араласқан 
төсеніштерді және азық пен жем қалдықтарын өртейді. Ет комбинатының
территориясындағы қиларды өртеу немесе биотермиялық әдіспен өңдеу арқылы 
зарарсыздандырады. Ауырған малмен бірге ұсталған малдарды термометриялайды. 
Клиникалық сау малды карантинге қояды да, топалаңға қарсы қан сары суын егіп, 
күнделікті термометриялайды. Малдың температурасы бір қалыпты болса, оны 4 күннен 
кейін санитариялық қасапханада сояды, ал қызуы көтерілген малдарды оқшауханада 
емдеп, жазылғаннан кейін 14 күннен кейін санитариялық қасапханада сояды. 
Топалаң қоздырушысын сыртқы ортада жою үшін ағын суларды хлорлайды. 
Оқшаухана және карантин орындарын топалаң кезінде 5% белсенді хлоры бар хлорлы 
әктің мөлдір ертіндісімен немесе 4%-ті формальдегид ерітіндісімен және 10% йодтың бір 
хлорлы ертіндісімен дезинфекциялайды. Клиникалық сау малды союға, барлық шаралар 
жүргізіліп, инфекция толық жойылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. 
Қарасан. Қарасан қоздырушысы қан араласқан қида 6 айға дейін сақталады. Спора 
кептірілген күйінде органикалық ортасы мен рн-қа байланысты 9 айдан 18 айға дейін 
сақталады. Ауру малды оқшаулап емдейді де, жазылғанан кейін 14 күн өткен соң союға 
жібереді.Жайды 
жабдықтарды 
және 
басқада 
нысандарды 
топалаңдағыдай 
дезинфекциялайды. 
Бруцеллез. Ауру қоздырушысының көзі болып бруцеллезбен ауырған малдар 
болып табылады. Адамға бруцеллез ет және сүт өнімдері арқылы, және еттің өндеу 
кезінде «бруцеллездің адамға жұғуының алдын-алу ережелерін» сақтамаудан жұғады. 
Бруцелла инфекциялық плацентада 4 айға дейін, ал қоражайларда 1 айға дейін 
сақталады. Температурасы 80С болатын таза суда олар 2 минутта өледі. 
Өңдіріс орындарын, технологиялық жабдықтарды және мүліктерді дезинфекциялау 
үшін 4% күйдіргіш натрий (70-80С) ерітіндісі, 3% каспос ерітіндісі, 5% кальцийленген 
сода ертіндісі, 2,5% белсенді хлоры бар хлорлы әктің мөлдір ерітіндісі және 20% хлорлы 
әк ерітіндісі қолданылады (1м2 жерге 1л.). Санитариялық киімді 2% кальциленген сода 
ертіндісінде 30 минут қайнату арқылы зарарсыздандырады. Арнайы киімді 1% хлорамин 
ерітіндісінде 3 сағат бойы немесе дезинфекциялық камерада буға ұстап, ал жолсеріктердік 
киімін формалин бу камераларында зарарсыздандырады. 
Мал қораларында және оқшауханада дезинфекцияны әрбір ауру мал шыққанда 
және іш тастағанда жүргізеді. Іш тастағанда түсікті су өтпейтін ыдысқа салып, ет сүйек 
ұнын өндіруге жібереді. Түсік жатқан жерге хлорлы әк сеуіп, қораны дезинфекциялайды. 


Бруцеллезге оң нәтиже берген малдарды өңдеуге, жұмысшылардың бруцеллезден 
сақтау ережелерін орындаған жағдайда ғана жіберіледі. 
Туберкуллез. Ыстық ауа (70С) микробактерияның таза өсіндісін 10 минутта, ал 
100С-та бірден өлтіреді. Төмен тепературалар туберкуллез таяқшасына әсер етпейді. 
Туберкулинге оң нәтиже берген малдарды күтіп-бағу, сою және ұшасын мүшелеу кезінде, 
еткомбинаттарындағы жұмысшылардың туберкуллезды жұқтыруына қарсы шаралар 
жүргізіледі. 
Құрал-жабдықтарды, мүліктерді және жұмыс орындарын құрамында 5%-ті 
белсенді хлоры бар хлорлы әктің ақшыл ерітіндісімен немесе құрамында 3%-ті күйдіргіш 
натрий ерітіндісі және 8%-ті формальдегиді бар формальдегидтің сілтілі ерітіндісімен 
дезинфекциялайды. 
Санитарлық киімдерді кальциленген сода ерітіндісінде қайнатып, ал құрал-
жабдықтарды ыстық бу немесе 90С ыстық суда дезинфекциялайды. Ағын суды хлорлау 
арқылы, көңді биотермиялық әдіспен, ал автокөлікті формальдегидтің сілітілі 
ерітіндісімен зарарсыздандырады. 
Сальмонеллез. Сальмонеллезбен ауыратын және сальмонелла алып жүруші 
малдарды өңдеу кезінде, ет, техникалық құрал-жабдықтар, мүліктер, құрал-саймандар 
және жұмысшылардың қолдары сальмонеллалармен ластануы мүмкін. Инфекция 
қоздырушысының көзі адам, кеміргіш тышқандар және жануарлар болуы мүмкін.
Техникалық құрал-жабдықтарды, мүліктерді және жұмыс орындарын құрамында 
3%-ті белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісімен, 4%-ті күйдіргіш натрийдің ыстық 
ерітіндісімен және 4%-ті формальдегид ерітіндісімен дезинфекциялайды. Санитарлық 
киімдерді 1%-ті кальциленген сода ерітіндісінде қайнатып, ал құрал-саймандарды 
стерилизатордың (95С) ыстық суда қайнатады, суында немесе буында, қолды құрамында 
0,2%-ті белсенді хлоры бар хлорамин ерітіндісінде, көңді биотермиялық әдіспен 
зарарсыздандырады. 
Аусыл. Ауруға күдікті малды тезарада санитарлық союға жібереді. Сау және 
ауруға күдікті малды сою, еткомбинатының малды сою және ұшаны бөлшектеу 
цехтарында жүргізеді.
Малдардың қора-жайларын күн сайын дезинфекциялайды. Еден, жем және көң 
жолдарын және ағынды сайшаларға күнделікті жаңа сөндірілген әк ұнтағын сеуіп, ал 
қабырғаларды 20%-ті жаңа сөндірілген әк шөгіндісімен ақтап, дезинфекциялайды. 
Науаларды 2% күйдіргіш натрий ерітіндісімен, 1% формальдегид немесе 2% белсенді 
хлоры бар хлорлы әктің ақшыл ерітіндісімен дезинфекциялайды. 
Жұмысшылардың аяқ-киімдерін дезинфекциялау үшін ғимараттың кіретін және 
шығатын жеріне, 3% күйдіргіш натрий ерітіндісімен ылғалдандырылған кілемшелер 
төселеді. Арнайы киімдерді, құрал-саймандарды және жұмысшылардың қолдарын
хлораминмен немесе құрамында 0,5%-ті белсенді хлоры бар хлорлы әктің ақшыл 
ерітіндісімен зарарсыздандырады. Мал қора-жайларын және құрал-жабдықтардың кезекті 
дезинфекциясы күніне бір рет жүргізіледі. Ал қорытынды дезинфекцияны – арасы бір 
сағат болатын етіп екі рет жүргізіледі. Бұл кезде 1%-ті күйдіргіш натрий ерітіндісі, 
құрамында 2% белсенді хлоры бар немесе 5% бірхлорлы йод ерітіндісі бар хлорлы әктің 
ақшыл ерітіндісі және 3% каспос ерітіндісі сияқты дезинфектанттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет