«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»


Пәннің мақсаты және міндеті



Pdf көрінісі
бет2/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Пәннің мақсаты және міндеті 
Мақсаты. Болашақ мамандарға ет-сүт өңдеу орындарында санитариялық сапасы жоғары өнім 
алуды қамтамасыз ететін тиімді профилактикалық ветеринариялық санитариялық шараларды 
ұйымдастыру (патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің биологиялық 
ерекшеліктерін ескере отырып) және іске асыруды үйрету.  
Міндеттері: 
 адам мен мал арасында инфекциялық және инвазиялық аурулардың алдын-алу және жою 
шараларын ұйымдастыруды үйрету; 
 сыртқы ортаны патогенді, шартты патогенді микроогранизмдермен және химиялық заттармен 
ластанудан қорғауға бағытталған шаралар жасауды оқыту; 
 ет және сүт өңдеу кәсіпорындарын жобалау және салуға қойылатын ветеринариялық 
санитариялық талаптармен таныстыру. 
Студенттің жұмыс уақытының бөлінуі 
Барлығы, 
сағаттар 
Аудиторлықсабақтар 
Ауд.тысжұмыстар 
Дәрістер 
Зертханалықсаб
ақтар 
Тәжірибеліксабақ 
СОӨЖ 
СӨЖ 
5 кредит 
150с. 
50 мин./саб. 
50 мин./саб. 
50 мин./саб. 
50 мин./ кездесу 
75 сағат 
15 сабақ 
20 сабақ 
15 сабақ 
25 
Пәнді меңгергеннен кейін студент 
білуі тиіс: 
- ет-сүт өңдеу орындарында дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дезодорацияны 
жүргізу тәсілін; 
- технологиялық қондырғылардың беткейіндегі химиялық санация заттарының қалдығын 
анықтау әдістерін; 
- дезинфекциялық заттардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және антимикробтық 
қасиеттерін анықтау әдістерін. 
дағдысы болуы керек: 


- ет-сүт өңдеу орындарында ветеринариялық санитариялық шараларды ұйымдастыру және 
жүргізуге; 
- ет-сүт өнеркәсібіндегі санитариялық шараларды жүргізуде қолданылатын заманауи 
техникалық құралдармен жұмыс істеуге; 
- дезинфекциялық және дезодорациялық заттармен, инсектицидтермен, родентицидтермен 
жұмыс істеуге. 
құзіретті болуы керек: 
- ет-сүт өңдеу орындарында ветеринариялық санитариялық шараларды өзі жүргізуге; 
- ақпараттық және зерттеу мәліметтеріне сүйеніп, санитариялық сапалы ет-сүт өнімдерін 
өндіру технологиясын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстары бар ветеринариялық-
санитариялық қорытынды жасауға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет