Қышқылдар негізіндегі дезинфекциялық ерітінділерді дайындау әдістемесі және олардың дезпрепараттардағы массалық үлесін анықтау Азот қышқылы ең күшті қышқылдар қатарына жатады. Микробтарға қарсы өте
қысқа мерзімде жақсы әсер етеді. Оның себебі қалыпты ерітінділерде жоғары деңгейде
диссоциацияланады. Азот қышқылын негізінде сүт өндіру аппараттары мен
қондырғыларын жуғанда сүт тастарын шаю үшін пайдаланады.
Жұмыс істеу тәртібі.
1. Азот қышқылын ыдыстарды және қондырғыларды жуу үшін қолданғанда оны ең
күшті (концентратты) түрінен дайындайды.
Дайын ерітінділердегі азот қышқылының мөлшерін титрлеу арқылы анықтайды. Ол
үшін 10мл азот қышқылының ерітіндісіне метилоранж индикаторының 1-2 тамшысын
тамызып, 0,1Н NaOH ерітіндісімен титірлейді. Титрлеуді ертінді солғын түс пайда
болғанша жүргізеді. Титрлеуге кеткен 0,1H NaOH мөлшерін келесі формуламен есептеп,
HNO
3
пайыздық мөлшерін анықтаймыз.
HNO
3
= a×0,063К
Мұндағы: а- титрлеуге кеткен 0,1H NaOH ерітіндіснің мөлшері, мл; 0,063- есептеу коэффициенті; К титрді түзету коэффициенті. №4 Тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Сутегі асқын тотығы негізіндегі дезинфекциялық ерітінділерді
дайындау
Сабақтың мақсаты: Сутегі асқын тотығы негізіндегі дезинфекциялық ерітінділерді
дайындау әдістемелерін меңгеру және олардың дезпрепараттардағы массалық үлесін
анықтау.
Қажетті жабдықтар мен материалдар:Сутегі асқын тотығы, химиялық таза 1:4 қатынасындай сұйылтылған күкірт қышқылы, дистилденген су, 0,1 Н калий перманганат ерітіндісі, цилиндрлер, колбалар, пробиркалар, пипеткалар, бюреткалар. Сутегі асқын тотығы негізіндегі дезерітінділерді дайындау Сутегінің асқын тотығын дайындау үшін кез-келген ыдыстарды қолдануға болады.
Пергидрольді сумен араластырап оған жуғыш заттар қосады.
10 литр жұмысшы ерітіндіні дайындау үшін төмендегі кестені қолдануға болады:
Жұмысшы ерітінділердің құрамы
Пергидроль
мөлшері, мл
Су
мөлшері,
мл
Жуғыш зат
мөлшері, г
Сутегі асқын тотық
концентрациясы,%
Жуатын препарат
концентрациясы,%
1
0,5
400
9550
50,0
2
0,5
800
9150
50,0
3
0,5
1200
8750
50,0
4
0,5
1600
8353
50,0
5
0,5
2400
7550
50,0