Сабақтың мазмұны және орындалу тәртібі:
Зертханалық жағдайда стерильденген тест-объектіге әр-қайсысына 0,3г-нан қи
сеуіп, үстіне 1мл 2 млрд. тест-культурасы себіледі. Тест-объектілерді келесі
материалдардан дайындайды; алюминий, мырышталған темір, резеңке, пластмасса және
шыны.Тест-культура ретінде ішек таяқшасы немесеалтын түстес стафилококк
микроорганизмдері қолданылды. Тест-объектілерді3 қатар етіп орналастырады. 1-ші қатар
15-минутты экспозиция, ал, 2-ші қатар 30 минутты экспозиция, 3-ші қатар бақылау
болады. Контаминирленген тест-объектілерді көлденеңінен 20-25минутқа сұйық толық
буланып кеткенінше қояды. Пипетка көмегімен 0,5%-ды дезинфекциялық ерітіндіден
тест-объектінің 1-2-ші қатарларына 1мл-ден, ал, бақылау қатарына сондай мөлшердегі
физиологиялық ерітінді құйылады. Бұдан соң тест-объектілердің 1-ші қатарын 15 минутқа
және 2-ші қатарын 30 минутқа қалдырады. Уақыт өткен соң тәжірибелік және бақылау
объектісінен арнайы суға матырылған стерильді мақталы тампон көмегімен шайынды
алады. Тампонды жақсылап 10мл стерильді суы бар флаконға салып шаямыз.
Сұйықтықты 30 минутта 3000 айналым/минутты центрифугаға салып айналдырады. Содан
соң сұйықтықтағы тұнбаны төгіп, пробиркаға стерильді суды құйып, қайтадан 20 минутқа
центрифугаға салады. Ресуспенделген тұнбаны ЕПА-ға себеміз. Себілген аяқшаны 37°С-
ғы термостатқа қоямыз. 24 сағаттан соң зерттеу нәтижелерін ескере отырып,
микроорганизмдердің өсуін анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: