«Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы тк ttotzhP 3307– «Тігін-трикотаж өндірісінің технологиялық жабдықтары және процессстері»



бет10/22
Дата13.09.2022
өлшемі1,04 Mb.
#38981
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Тех.оборуд. ЛЕКЦИЯ

Бақылау сұрақтары

1. Ақау-өлшеу машинасының құрылғысы мен жұмыс принципі қандай?


2. Материалдың ені мен ұзындығы не арқылы анықталады?
3. РЛ– 6 пішу машинасының құрылғысы мен жұмыс принципі қандай?
4. РЛ – 6 машинасының басқа машиналардан айырмашылығы қандай?
5. Таспа- пышақ үзілген кезде қандай шаралар қолданылады?


Әдебиет тізімі

1 Крючкова Г.А. Технология швейно-трикотажных изделий. – М.:


Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.
2. Полянская Т.В. Особенности технологии обработки трикотажных изделий: учеб. пособие. – М., ИД «ФОРУМ»: ИНФРА–М. 2006. –160 с.: ил. –(Высшее образование)
3. ЕрмаковА.С. Оборудование швейных предприятий. – М.: Издательский центр «Академия», 2003. – 432 с.
6– ДӘРІС


Тоқыма бұйымдарын тіккенде пайдалынатын инешаншымдар, тігімдер және тігістер түрлері. Инешаншымдар мен тігістердің классификациясы

Трикотаж бұйымдардың бөлшектерін біріктіру, олардың шетін өңдеу және әрлеу үшін әр түрлі инешаншым және тігімдермен орындалған жіпті тігістерді қолданылады.


Инешаншым деп иненің материалды екі қатарлас шаншу арасындағы жіптердің айқасуын атайды.
Тігім деп инешаншымдардың біріккен бірізді қатарын атайды. Тігімдерді тігісті орындау, бұйымдарды өңдеу және қиықтарды торлау үшін қолданылады.
Тігіс деп материалдың екі немесе одан артық қабаттарын тігімнің көмегімен біріктіруін атайды.
Тізбекті инешаншымдар мен тігімдер
Тізбекті инешаншымдар бір-, екі- және көпжіпті болады. Тізбекті инешаншымдардан алынған тігімдердің оң жағында ине жібінен құрылған пунктир сызығы көрінеді. Ал теріс жағында тігімдер ілмектерден құрылған тізбектен тұрады.
Трикотаж бұйымдарын өндіру үшін көпжіпті тізбекті жамылғы жіптері бар және ондайы жоқ тігімдерді қолданылады. Жамылғы жіптер бұйымның оң жағында орналасып, екі немесе одан артық параллельді тігімдерді өз араларын біріктіргендей болады. Жамылғы жіптері жоқ тігімдерде бұйымның оң жағында параллельді орналасқан екі, үш және одан артық қатарлардың пунктирді сызықтары көрінеді.
Біржіпті тізбекті инешаншым (4 сур.) инелі жіптердің ілмектерінің айқасуын көрсетеді. Біржіпті тізбекті инешаншым инелі жіптің әрбір келесі 2 ілмегі алдыңғы 1 ілмекке материал инешаншым мөлшеріне жылжығаннан кейін, иненің бірізді кіріунің арқасында құрылады. Осы кезде алдыңғы 1 ілмек, иненің жолында 3 ілгектің тұмсығымен ұсталып түрады. Ине 1 ілмекке кіргенненсоң, ілгек осы ілмекті түсіреді және ине материал арқылы өтуін жалғастырып, 1 ілмекті тарта оны материалға қарай тартады.
Біржіпті тізбекті инешаншым сызықты және ирек-ирек тігімдерді құрайды. Ирек тігім (5сур.) машинаның инесі жоғары төмен қозғалысынан басқа көлденең ауытқуынан немесе материалдың тігім сызығына қаранда жылжуынан пайда болады.

4 сур. Біржіпті тізбекті инешаншым 5сур. Біржіпті тізбекті ирек инешаншым


Біржіпті тізбекті инешаншымды уақытынша және әрлеу тігімдерді алу үшін қолданылады.


Екіжіпті тізбекті инешаншым (6 сур.) инелі жіптің 1ілмегі мен ілмектегіштің 2 ілмегінен тұрады, олар бір біріне кезегімен кіреді.
Материалдың тігім сызығына қаранда жылжуынан алынған ирек тігімдерді түйме қадау, бекітпе жасау және ілмектерді торлау үшін қолданылады. (7сур.)
6 сур.Екіжіпті тізбекті ирек инешаншым 7сур. Ілмектерді торлайтын екі жіпті тізбекті ирек

инешаншым




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет