Төсемді бормен сызу. Төсемнің жоғарғы қабатын бормен сызу, немесе оған пішілетін бөлшектердің контурын түсіру екі тәсілмен орындалады: лекало не трафарет бойынша.
Лекало бойынша бормен сызу кезінде, төсемнің жоғарғы қабатына жайылмасының суретіне сай лекалдарды жаяды, осы кезде жайманың ауданын тиімді пайдалану өте маңызды.
Төсемнің жоғарғы қабатына лекало контурын жіңішке ұшталған бормен түсіреді. Сызықтың қалыңдығы 0,2 см жоғары болмау керек.
Трафаретті қолданған кезінде, оған жайылған лекалдардың контуры бойынша айналдыра сызу, сонан соң тесу, яғни оларды тесіп өту.
Трафарет бойынша бормен сызудың мақсаты – төсемнің жоғарғы қабатына трафарет салып, лекало тесіктерін ұнтақпен, бормен не талькпен опалану.
Жайманы пішу.Жайманы пішу алдында, төсем жасау және оны секцияға кесу операциялары өткізіледі. Желіжіптік жайманы жайып немесе бүгіп (бүктеп) төсейді. Бұйымдардың шағын партиясын пішкенде бүгіп төсеуді пайдаланады. Ені үлкен жаймада лекалдардың рационалды орналасу себепті, жайып төсеу, бүгіп төсеуге қарағанда, өте тиімді; сонымен қатар, осы тәсілде жайманы бақылау жеңілдеу болады.
Жайманы төсеу машинамен және қолмен орындалады.
Төсемнің биіктігі жайманың түрі мен оның қалыңдығына байланысты және пішетін машинаның жұмыс органдарының мөлшерімен шектеледі.
Тік пышақпен пішкенде, төсемнің келесі шамалы биіктігі ұсынылады: иірмелі мақталық жайма үшін –13 см, ұйпалы –15 см., ал диск сияқты пышақпен жасанды және синтетикалық жіптерден алынған жайманы пішкенде – 7 см дейін.
Жайманың төсемін жылжымалы тік және диск сияқты пышақтармен және тұрақты таспалы пішу машинасымен кеседі. Төсемді алдымен жылжымалы диск пышақпен секцияға бөліп, сонан кейін тұрақты таспалы машинамен пішкенде, пішімнің (пішілген бөлшектің) жоғары сапасы қамтылады.
Пішімді жинақтау.Бақылау және сұрыптаудан кейін пішімдерді будаға жинақтайды. Осы кезде оларды тексереді, түсі және реңкі бойынша бөледі, машинамен төсемде кесілмей қалған жерін кеседі, механикалық пішімнің дәлсіздігін жояды.
Пішу цехының соңғы өнімі – жинақ, яғни пішімнің будасы, олар жайманың артикулы, түсі, реңкі және суреті бойынша іріктеледі. Жинақтықты қамту үшін, пішімнің будасына қосалқы материалдарды іріктейді; жинақтың бірлігі ретінде әдетте он дананы қабылдайды. Буданы тігін цехына жібереді.