ТӨЖ
Тақырыбы: Мектепке дейінгі топтың / ұйымның заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының сапасын бағалау нәтижелерін талдау және түсіндіру
Орындаған: Полатова М .
Қабылдаған: Калиева Х.
Мектепке дейінгі топтың / ұйымның заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының сапасын бағалау нәтижелерін талдау және түсіндіру
Полатова Меруерт Исаховна
Түркістан обылысы .Сарыағаш ауданы
«Балаби» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Мақсаты:Мектепке дейінгі ұйымдардың заттық-кеңістік дамытушы ортасының сапасын бағалау қойылатын талаптары мен қағидалары туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру
Міндеті:Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын құрудағы талаптарына сай қағидалары туралы білімді меңгеруді қамтамасыз ету
«Балалар сұлулық əлемінде, яғни ойын, ертегі, əн, сурет, қиял жəне шығармашылық əлемінде, өмір сүруі керек. Бұл əлем баланы қоршап алуы қажет...», — деп В.Сухомлинский айтқандай, мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып, жетілуі үшін қажетті дамытушы ортаны қалыптастыру керек.
Мектепке дейінгі білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын іске асыру үшін дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны бағалау рәсімі ұсынылған. Топтағы дамып келе жатқан пәндік-кеңістіктік ортаны ұйымдастырудың негізгі мәселелері тұжырымдалған. "Топтағы үздік дамытушы орта" байқау-конкурсын өткізудің мақсаттарын, кезеңдерін айқындаудан, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді іріктеуден бастап нәтижелері бойынша бірыңғай басқарушылық шешімдерді әзірлеуге дейінгі негізгі құраушылары ашылды. Мектепке дейінгі ұйымда пәндік-кеңістіктік ортаны жобалаумен байланысты мәселелерді шешу бойынша жұмыс бағыттары анықталды. Бұл жұмыс барысында тәрбиешінің атқаратын міндеттері сан-алуан. Тəрбиешінің міндеттері:
-заттық-дамытушы ортаны қажетті құраммен толтыру жəне құрастыру;
-баланың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін, өз бетінділігін жəне шығармашылығын қалыптастыруда заттық-дамытушы ортаны ұтымды пайдалануға жағдай жасау.
Заттық-дамытушы ортаны құру кезінде келесідей қағидаттарды басшылыққа алу қажет:
- ортаның жартылай функционалдылығы: заттық-дамытушы орта көптеген мүмкіндіктерді ашып, тәрбиелеу-білім беру үдерісінің барлық құраушыларын қамтамасыз етуі тиіс, осы мағынада көпфункционалды болуы тиіс;
- ортаның жартылай функционалдылығымен байланысты оның түрленуі – бұл жағдай бойынша бірінші орынға кеңістіктің қандай да бір функциясын шығаруға (белгілі бір кеңістікке функцияны бекітетін монофункционалды зоналауға қарағанда) мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;
- вариативтілік, заманауи білім беру үдерісінің сипатына педагог-практиктермен дайындалатын ортаның нақты нұсқалары, түптұлға ретінде мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері үшін модельдік нұсқаларды нақтылайтын заттық-дамытушы ортаның шекті (өзекті) жобасы ұсынылуы тиіс.
Заттық-дамытушы ортаны құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет:
1. Орта білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функциясын атқаруы тиіс. Заттық-дамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс;
2. Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;
3. Заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс;
4. Декор элементтері оңай ауысуы тиіс;
5. Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;
6. Топтық кеңістікте заттық ортаны ұйымдастыра отырып, психикалық даму заңдылықтарын, олардың денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар, эмоционалдық-қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;
7. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;
8. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;
9. Топтың заттық-дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.
Балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы-заттық ортаны құру қажет.
• ойын зонасы;
• оқшаулану зонасы;
• заманауи ойыншықтар;
• дамытушы ойындар;
• дидактикалық және көрнекі материалдар;
• өнімді іс-әрекеттерге арналған материал;
• шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар;
• эксперимент жасау бұрышы;
• табиғат бұрышы;
• логопедиялық бұрыш;
• фонотека, видеотека;
• спорт құралдары мен жабдықтары және т.б.
Топтық кеңістік шартты түрде үш зонаға бөлінеді:
- тыныш: оқу, «оқшаулану», кітап бұрышы;
- орташа қарқынды: театрланған, музыка, құрастыру зонасы;
- қарқынды қозғалыс зонасы: спорт бұрышы.
Топтар кеңістігі аясында шартты түрде баланың барлық қызығушылықтарын қамтитын ойын және тақырыптық зоналарды атап көрсетуге болады:
- Денсаулық зонасы.Қимылды және спорттық ойындарға арналған құралдар,қимылды ойындарға арналған атрибуттар,маскалар,саусақ жаттығуларына арналған,тыныс алу жаттығуларына арналған,майтабанға арналған кілемшелер,
- театрланған зонада («коммуникация» білім беру саласы) әртүрлі театр қуыршақтары, маскалар, декорациялар, ширмалар бар;
- Кітапхана бұрышы («коммуникация» саласы бойынша)
- танымдық даму зонасы («Таным» білім беру саласы) шағын-зертхана (қызықты математика, сөйлеуді дамыту, ғарыш), мұнда энциклопедиялар, әртүрлі логикалық ойындар (лото,мазайка т,б) бар;
- құрастыру зонасы ірі еден үсті, ұсақ үстел үсті құрастырғыштың, ойын ойыншықтары, құрастыру сызбалары, жол қозғалысы, қауіпсіз өмір сүру ережелері бойынша материалдың болуын қарастырады;
- көркем-эстетикалық даму зонасында(«шығармашылық» білім беру саласы бойынша)сурет салу, музыкалық аспаптар, шығармашылық «қабырға», декоративті-қолданбалы өнер туындыларының үлгілері және т.б. бар; (түрлі түсті қарындаштар, ермексаз, альбомдар, түрлі-түсті қағаздар т.б)
- экологиялық тәрбиелеу зонасында («әлеумет» білім беру саласы) өсімдіктер, жануарлар, табиғи зона макеттері, көшірмелерді дайындауға арналған әртүрлі табиғи материал, экологиялық дамытушы ойындар және т.б. болады;
- «зертханада» тәжірибе өткізуге арналған материалдар бар
- «оқшаулану бұрышы»;
Балабақшада дамыту орталығын құру бала мен үлкендер арасындағы тірек болып табылады. Ортаны құру стратегисясы мен тактикасы осы қалыптың ерекшеліктерімен байқалады.
Мектепке дейінгі ұйымда дамытушы орта кеңістігін ұйымдастыру әр баланың өзінің дамуына, отбасының, оның тұрмысының, мәдени таңдаулардың ықпалын сезінеді. Бүгінгі таңда өзім қызмет ететін балабақшада балалардың табиғатқа ондағы тіршілік иелеріне деген қызығушылығын байқадым. Алдағы уақытта балабақшамызда тірі табиғат бұрышы, жылыжай орталығы ашылып тәрбиешілердің шығармашылығын жетілдіру жұмыстары жүргізілсе деп ойлаймын.
Балабақша тәрбиеші ретінде жұмыс кестеме сай әр топтағы дамытушы орта жайы, оның дұрыс жасақталынып, уақытылы жаңартылып отыруын қадағалаймын. Бақылау соңында сараптама жүргізіп отырамын. Мектепке дейінгі баланың жеке басын және танымдық процестерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік – дамытушылық ортаны және оның құралдарын қолдана отырып, балаға өзіне тән нәрсені табуға және дамытуға көмектесуге болады. Сондықтан балабақшада мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін оқыту және өзін-өзі дамыту жүзеге асырылатын ортаны жобалауға ерекше назар аударылады. Өздеріңіз білетіндей, барлық балалар әртүрлі, және әр мектеп жасына дейінгі баланың өзіндік даму жолына құқығы бар. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде балалар ұжымын тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалуы, сондай-ақ әрбір тәрбиеленушіге өзіндік ерекшелік пен шығармашылық көрсетуге мүмкіндік берілуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Данашева А. Заттық-дамытушы ортаның ұйымдастырылу тəртібі // Бастауыш мектеп. — — № 10. — 14 б.
Петровский В.А., Кларина Л.М., Смывина Л.А., Стрелкова Л.П. Построение развивающей среды в дошкольном учреждении. — М.: Новая школа, 1993. — 346 с.
Нұсқабаев О. Мектеп — жас ұрпақты əлеуметтендіру институты. — Алматы: Қазақстан, 1997. — 156 б.
Мудрик А.В. Социализация и смутное время. — М.: Просвещение, 1995. — 250 с.
Достарыңызбен бөлісу: |