Ток пен кернеуді өлшеу



бет3/5
Дата27.01.2023
өлшемі341,73 Kb.
#63271
1   2   3   4   5
Байланысты:
КЕРНЕУЛЕРДІ, токты өлшеу

4.1 -сурет. Өлшеу аспаптарын қосу схемалары: а – амперметр; б – вольтметр

Тізбектегі кернеуді өлшеу үшін вольтметрді параллель қосады (4.1, б сур.). Тізбек параметрлері айтарлықтай өзгермеуі жəне тоқ тарамдалмаған бөлігінде артпауы үшін, вольметр кедергісі үлкен болуы тиіс. Вольметр кедергісі неғұрлым көп болса, құрал соғұрлым жақсы. Өлшеу шектерін кеңейту үшін вольметрмен ретті түрде қосымша резисторды қосады.



4.2 -сурет. Ваттметр қосу схемасы
Тұрақты жəне айнымалы тоқ тізбектеріндегі қуатты өлшеу үшін электродинамикалық жүйелі ваттметрлерін пайдаланады. Электродинамикалық жүйесі бар ваттметрін қосу схемасы 4.2 суретінде ұсынылған. Ваттметрдің жылжымайтын (амперметрлік) орамын тізбекке ретті түрде, жылжымайтын орамын (вольтметрлік) – тұтынушыға параллель қосады. Осыған сəйкес ваттметрдің беткі бөлігіне екеуі I белгісімен (тоқ қысқыштары), басқа екеуі – U белгісімен (кернеу қысқыштары) белгіленген төрт қысқыш шығарылған. Екі қысқыш нүктемен белгіленген жəне генераторлық деп аталады.
Мұндай схеманы алу үшін генераторлық қысқыштарды біріктіру жəне бір сымға қосу қажет. Генератор қысқыштары орам бастары болып табылады. Ваттметрді дұрыс қосу жағдайында нұсқар оң жаққа ауытқитын болады. Нұсқар ауытқуының бағытын өзгерту үшін, ваттметр орамдарының кез келгеніндегі тоқ бағытын өзгерту қажет.


Кедергіні өлшеу

Кедергіні амперметр мен вольтметр арқылы анықтау əдісі жанама болып табылады, себебі бұл жағдайда Rx белгісін кедергісін I кедергі арқылы өтетін тоқ жəне оның қысқыштарындағы U кернеу белгілі болса, Ом заңы арқылы табуға болады:


R x =U/I
Кедергіні бұл əдіспен өлшеу кезінде аспаптар екі тəсілмен қосыла алады, бұл ретте, екі жағдайда да сəйкес түзетулер енгізбесе, нəтижелер дəл болмайды.
Қарастырылған кедергіні өлшеу əдісі əрқашан ыңғайлы емес, себебі қосымша есептеуге уақыт шығынын қажет етеді. Одан басқа, ол аспаптардың ішкі кедергілерінің əсері себебінен жоғары емес дəлділікпен ерекшеленеді.
Кедергілерді өлшеу үшін кеңінен арнайы аспаптар – омметрлер пайдаланылады, олар магнитті-электрлі миллиамперметр мен арнайы өлшеу схемасының қиыстыруы болып табылады. Омметрдің негізді схемасы 4.5 суретінде келтірілген.
Rx резистивті элементін а жəне b клеммаларының арасында қосады.
Өлшеу кезінде К кілті ажыратылған.
Ом заңының негізінде келесіні жазуға болады: I =E/(Rогр+Rx )
Е жəне Rогр тұрақты мəндерінде тізбектегі I тоғы тек Rx кедергісінен тəуелді, сондықтан тоқ өлшеуіш тікелей кедергі бірліктеріне – омдарға бөлінуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет