Токиева Сара МиФ 417 Қай жылы радиоактивтік құбылысы ашылды?



бет1/6
Дата03.12.2022
өлшемі64,51 Kb.
#54602
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Токиева Сара МиФ 417 ай жылы радиоактивтік былысы ашылды


Токиева Сара МиФ 417

  1. Қай жылы радиоактивтік құбылысы ашылды?

Ядролық физиканың даму тарихына көз жүгіртсек, оның қайнар көзі 1886 жылы француз ғалымы А. Беккерель ашқан табиғи радиоактивтік құбылысынан басталады. Атомдардың тұрақты еместiгi ХIХ ғасырдың ақырында ашылғанды. 46 жыл өткен соң ядролык реактор жасалды. Радиоактивтiктiң — атом ядросының күрделi құрлысын дәлелдейтiн құбылыстың ашылуы сәттi кездейсоқтықтың жемiсi болды. Рентген сәулелерi алғаш рет шапшаң электрондар разрядтық түтiктiң шыны ыдысының кабырғаларының соқтығысуынан алынған. Олармен бiр мезгiлде түтiк қабырғаларының жарық шығаруы байкалған. Беккерель ұзақ уақыт осы тектес құбылысты — алдын ала күн жарығына сәулелендiрiлген заттардың соңынан сәуле шығаруын зерттеумен шұғылданған.
Радиоактивтіліктің екі түрі бар:
1) табиғи; 2) техногенді;
Табиғи радиоактивтілік миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және ол барлық жерде кездеседі. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейігі кезеңде және тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болатын. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында болған. Кез келген адамда белгілі бір мөлшерде адиоактивті болады. Адам денесі тканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий – 87, калий – 40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80%-ін жабық кеңістікте, яғни үйде не кеңседе өткізеді де,радиацияның негігі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтағанмен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік болады. Адамның ионды сәулеленуіне радон және оның ыдырау өнімдері әсер етеді.
Техногенді радиоактивтілік – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болвтын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің, мұнайдың, газдың және т.б. жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Адамзаттық авияция сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет