Токиева Сара МиФ 417 Қай жылы радиоактивтік құбылысы ашылды?


«Нейтрон» деген қандай бөлшек және қашан, қалай ашылды?



бет5/6
Дата03.12.2022
өлшемі64,51 Kb.
#54602
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Токиева Сара МиФ 417 ай жылы радиоактивтік былысы ашылды

«Нейтрон» деген қандай бөлшек және қашан, қалай ашылды?

Нейтрон - бірінші ашылған орнықсыз элементар бөлшек. Оның өмір сүру уақыты шамамен 16 минут. Боте мен Беккер 1930 жылы кейбір жеңіл элементтерді (Lі, Ве) αбөлшектермен атқылау кезінде протонның орнына заттарда өте нашар жұтылатын бөлшектер ұшып шығатынын байқады. 1932 жылы ерлі-зайыпты Жолио-Кюрилер бұл нұрдың жеңіл ядролармен әсерлесу кезінде ядролардың 4 тебілетінін анықтады. Ол кезде белгілі нашар жұтылатын нұр γ ғана болатын. Бірақ, импульс пен энергияның сақталу заңдарына сүйенген есептеулер бұл бөлшектердің γ- кванттар еместігін көрсетті. Сол жылы Чэдвик импульс пен энергияның сақталу заңына сүйеніп, осы бөлшектің массасын есептеп, оның протонның массасына жуық екенін тапты. Затта нашар жұтылу үшін, бұл бөлшек электрбейтарап болуы керек. Сөйтіп, "нейтрон" деп аталған, массасы протонның массасына тең дерлік, электрбейтарап жаңа бөлшек ашылды. Дәл өлшеулер нейтронның массасының протонның массасынан 2,5 электрон массасына артық екенін көрсетті. Олай болса, ол бөлшектің протон мен электронға ыдырауы мүмкін. Ондай ыдырауды 1950 жылы бір-бірлеріне тәуелсіз Спивак пен Сосновский, Робсон жөне Спелл ашты.



  1. «Позитрон» деген қандай бөлшек және қашан, қалай ашылды?

Американдық физик Андерсон ғарыштық сəулелерді тəжірибе жүзінде зерттеу нəтижесінде 1937 жылы мезонды ашты. Олай болса, Юкава гипотезасы тəжірибе жүзінде дəлелденді. Бұған дейін 1933 жылы Андерсон позитронды (оң зарядты электрон) ашқан болатын. 1939 жылы атом ядросының энергиясын пайдалану идеясының алға қойылуы үлкен жаңалық болды.
1928 жылы Дирак, электрон үшін релятивистік кванттық механикалық теңдеуді зерттеу кезінде, зарядтан басқа қасиеттері электронмен бірдей, ал электр заряды оң, бөлшек - позитрон болу керек деген тұжырым жасады. Ондай бөлшекті 1932 жылы Андерсон, космостық сәулелерді зерттеу барысында ашты. Бұл бірінші ашылған антибөлшек болатын. 1934-жылы Жолио-Кюри, жеңіл ядроларды α-бөлшектермен атқылау кезінде жасанды радиоактивтілік пайда болатынын ашып, лаборатория жағдайында позитронды бақылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет