Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Жануарлардың картоп өнімдерімен улануы



бет18/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
26. Жануарлардың картоп өнімдерімен улануы.
Картоптан улану
Картоп – алқа тұқымдастарына жататын бағалы азық және тағамдық тамыр тұйнекті жеміс. Көбінесе ірі қара малы, шошқа уланады. Улану себебі құрамындағы соланин деген гликоалколоидқа байланысты. Соланин көп мөлшерде картоптың жасыл жемісінде жинақталады (1%-ға дейін), гүлінде 0,7% болса, түйнегінде 0,002-0,007%-ға дейін кездеседі. Өскіні өсіп кеткен, солған және шіріген картоп құрамында соланин көбейіп кетеді.
Алқа тұқымдасының (Solanaceae) көптеген өкілдері бар. Олар вегетацияның белгілі бір фазасында көптеп ерекше зат –гликозид соланин бөледі. Оның ерекше болу себебі гликозидтікте, алкалоидтықта (соланидин) қасиет көрсете алады. Сондықтан ол гликоалколоидтарға жатады.
Соланин картоптың (S. Tuberosum), қызанақтың (S. Lukopersicum), баклажанның (S melongena) және тағы басқа да алқа тұқымдастардың құрамында болады.
Соланиннің токсикологиясы. Соланинді 1820 жылы көрнекті ғалым Деффос ашқан. Әр алқа тұқымдасындағы соланиннің мөлшері әр түрлі.
Соланин суық суда және эфирде ерімейді, спиртте және ыстық суда әлсіз ериді, ал 1-2% қышқылда өте жақсы ериді. Соланин күйдіргіш, ащы дәмді, кристалды түрде болады.
Соланиннің өсімдік бөліктерінде және әр алқа тұқымдасында біркелкі жиналмайтындығы бұрыннан белгілі. Соланиннің гликозид ретінде қайнату кезінде құрамы бұзылса, ал алколоид соланидин өзгеріссіз қалып, улану белгілерін тудырады. Соланин теріні және ішектің кілегей қабықтарын қабындырып, құрғатады және тітіркендіріп әсер етеді. Соланиннің барлық әсері бүйректің зақымдануына (қатерлі нефрит), гастритке әкеп соқтырады. Сонымен қатар, тыныс алу мүшелері, жүрек – қан тамыр жүйесі зақымдалады.
Соланиннен улану әр малда әртүрлі жүреді. Құсу процессі тән болғандықтан шошқалар соланиннен көп уланбайды. Өйткені, улы заттар құсықпен сыртқа шығып кетеді. Ал құсу тән емес малдарға өсімдік құрамына соланиннің көп жиналуы өте қауіпті. Қанға түскен солонин сапонин секілді әсер етіп, эритроциттерді гемолиздейді. Нәтижесінде несеп қызыл түстеніп кетеді.
Зертханалық жануарларға эксперимент жүргізу барысында соланиннің уытты мөлшері төмендегідей екені анықталған: 0,02г вена арқылы енгізгенде қояндар қатты уланса, ал аз мөлшерін (0,01) жылдам енгізсе өлімге ұшыратады; ауыз арқылы енгізілген 0,06-0,12г соланин қоянға өлтіре әсер етсе, итті 0,6 г жіті уландырады. 0,05г мөлшерін венаға енгізсе ит өлімге ұшырайды.

Клиникалық белгілері. Соланиннен улану жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Бұл азық құрамындағы гликоалколоидқа және жануарлардың сезімталдығына байланысты өтеді.


Жіті түрінде жүйке жүйесінің зақымдалу белгісі білінсе, жітілеу түрі жүйкелік-гастриттік белгілермен cипатталады.
Созылмалы түрінде –гастритке ұшырайды және тері зақымдалады.
Ірі қара мал. Бұл жануарларда улану азық құрамында соланиннің көп жиналуы нәтижесінен болады. Құрамында соланині бар өсімдікті жегенде бірнеше сағаттан соң улану белгілері біліне бастайды. Малдар салданып, өлімге ұшырайды. Ірі қарада жүйке жүйесі зақымдалады. Қатты уланғанда сілекей ағады, құсады, іші кебеді, бүйірі шаншып, іші өтеді, жүрісі бұзылып, әлсізденеді және терісінің сезімталдығы төмендейді. Коньюктива, ауыз қуысы қызарады, тыныс алуы қиындайды, жүрек қызметі нашарлап, дене температурасы төмендейді. Тамыр соғысы 60-80-ге дейін жиілейді.Сүті азайып, сүтінен жағымсыз иіс шығады. Буаз мал іш тастайды.
Жіті уланғанда ас қорыту жолы қабынып, 2 –3 күнде өлімге ұшырайды.
Жеңіл түрде уланғанда 2 –3 күннен кейін жазылып кетеді. Соланиннен уланған ірі қараның терісінің әр жерінде экзема (бөртпе) пайда болады. Бөртпелер желініне, шабына және құйрығының түбіне (аналь тесігі айналасына) тарайды. Тұяқтары жарылып, жүре алмай ауырсынады, жалқаяқ ағады.
Улану белгілері аусылмен уланған малдардың клиникалық белгілеріне ұқсас келеді. Нақты мәлімет алу үшін бірнеше рет эксперемент жүргізу керек.
Ауыл шаруашылық малдарын картоп бардасымен (қойыртпағы), картоп қалдығымен азықтандыру өте қауіпті. Картоп сабағынан уланған ірі қаралардың шабы алғашында қызарып ісінеді, кейіннен бөртпелер пайда болады. Олар жарылып, орны өліеттеніп, жара болып кетеді. Уланудың ауыр түрінде бұл көріністер дененің барлық бөлігіне тарап кетеді.
Ірі қараны көп мөлшерде ботва мен (өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі) азықтандырса атония, бауырдың зақымдануы, жүйкелік өзгерістер, кальций алмасуының бұзылуы, тері экземасы, сондай –ақ іш тастау байқалады. Барданы көп бергенде терінің ойық жарасы (язвасы), гангрена, іріңді артрит, стоматит, асқазан қызметінің бұзылуы, дене қызуының көтерілуі, арықтау мен сепсиске әкеп соқтырады.
Ұсақ малдар. Ірі қараға қарағанда соланиннен улануға қойларда төзімді келеді. Қойларды картоппен азықтандыру оларды анемияға және уремияға, ал қошқарды препуцияның (ен қабы) қабынуына әкеп соқтырады. Ешкілер соланинге өте сезімтал келеді.
Шошқа. Соланиннен улану шошқаларда жиі кездеседі. Шошқалар уланғанда гастритке және жүйкелік зақымдануға ұшырайды. Торайлар уланғанда құсады, іші өтеді және бүйірі шаншиды, дене температурасы
қалыпты, тамыр соғысы жиілейді немесе әлсізденеді. Салдану нәтижесінде 2 –3 күннен кейін өледі немесе жазылып кетеді.
Жылқыда. Соланиннен улану басқа жануарлармен салыстырғанда едәуір сирек байқалады. Бұл жануарларды құрамында картоп және тағы басқа алқа тұқымдасы бар азықпен азықтандырмайды. Жүйкелік формада уланғанда жылқылар тынышсызданып, кенеттен параличке ұшырап, тері сезімталдығы төмендейді, коллапс пайда болады және бірнеше минуттан кейін өлімге ұшырайды. Уланудың жүйкелік –гастриттік белгілері едәуір жиі кездеседі. Құрамында соланин, картоп қалдығы бар азықпен азықтандырғанда жылқылардың аузынан сілекей ағады, әлсізденеді, тәбеті болмайды және іші өтеді. Нәжісі сұйық, түсі қоңыр-қызыл, құрамында кілегейлі масса болады. Кейбір кездері жылқыларда шаншу байқалады. Дене температурасы қалыпты болады. Кілегей қабықтары ақшыл сары түстеніп кетеді. Уланудың әлсіз түрінде гастрит 2 –3 күн ішінде жазылып кетеді, ал улану ауыр өткенде жазылмай асқынып кетеді. Бүйрек қабынғанда зәр құрамында белок көбейеді, сірлі қабықтары қызарып, қанталайды.
Балау. Соланиннен улануды балау кезінде анамнез деректерін және клиникалық белгілерін талдау үлкен нәтиже береді. Ірі қараның улану белгілері аусылға, шошқаның улануы обаға ұқсас келетінін есте ұстаған жөн. Дифференциялды балау кезінде дене температурасын өлшейді. Уланғанда температура қалыпты, ал жұқпалы аурулар кезінде жоғары болады.
Болжам. Жануарлардың басым көпшілігі соланиннен уланғандан жазылып кетеді. Тек ірі қараның улануының экзантематозды формасы ғана сепсиске айналып кететіндіктен қауіпті. Гастриттік түрде өткенде уланудың ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Емі. Құрамында соланині бар өсімдікті рационға қосуды шектеу керек (картоп, қызанақтан жасалған ботқа). Асқазанын азықтан босатып, малды диетада ұстайды. Зонд арқылы жылқының асқазанын шайып, шошқаны құстыртады (вератрин –0,02 –0,03 г спиртке қосып тері астына). Гастрит кезінде іш өткізгіштер (кастор майы) және тұтқыр заттар (танин) қолданады. Ішке 20 –30 % глюкоза ерітіндісін 500 –1000 мл енгізу керек. Глюкоза ерітіндісін бір рет енгізудің өзі cалдануды, тырысуды қалпына келтіреді. Ішке антисептикалық заттар беруге болады. (ихтиол, креолин т.б.). Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин және камфора қолданады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Соланиннен уланудың патологиялық-анатомиялық өзгерістері улану әртүрлі формада өтуіне байланысты әртүрлі болады. Жүйкелік форманың патологиялық анатомиялық өзгерістері көзге көрінбейді.
Алдын алу. Малды алқа тұқымдастармен азықтандыру аса сақтықты қажет етеді. Малдарды өніп кеткен картоп өскіндерімен азықтандырмаған жөн. Картопты қайнатып бергенде қабығын алып тастап қайнатқан дұрыс, ал қайнағаннан қалған суын малға беруге болмайды. Шикі картоп пен жапырағын рационға біртіндеп енгізіп, кейіннен басқа азықтармен қосып береді. Буаз малдарға шикі картоп, барда берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет