Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Жануарлардың мақта күнжарасынан улануы



бет20/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
28. Жануарлардың мақта күнжарасынан улануы.
Мақта күнжарасы. Мақта тұқымдарынан алынатын күнжараның маңызы зор. Бұл күнжараның құнарлылығы жоғары, бірақ малдар жаппай улануы мүмкін.
И.Е.Мозговтың жүргізген жан-жақты зерттеулері мынаны көрсетті: мақта күнжарасы мен шрот жақсы құнарлы азық. Оны жас малға да, өнім беруші және жұмыс машығындағы малдарға да азық ретінде беруге болады.
Мақта күнжарасының улы қасиеттері олардың құрамындағы арнайы бояғыш
зат-госсиполмен байланысты. Күнжара құрамындағы госсипол ішінара еркін түрде, ішінара байланысқан күйде болады (Д-госсипол). Белсенді улы зат-бұл бос госсипол. Мақта күнжарасының бос госсиполдың мөлшері әртүрлі себептерге байланысты өзгереді: мақта сортына, мақта өсуінің экологиялық және метеорологиялық жағдайларына және әсіресе май алу әдісіне байланысты. Тұқымнан май неғұрлым толық алынса және ұсақталған тұқым массасы жеткілікті мөлшерде сумен неғұрлым ұзақ және қатты қыздырылса, күнжарадада бос госсипол соғұрлым аз болады. Пресстеу әдісімен алынған күнжара құрамында 0,04—0,26% бос госсипол болады. Бұл мөлшер шамадан тыс көбейіп кетсе, жануарларда ауыр түрдегі улану белгілері қалыптасуы мүмкін Жануарларды азықтандыруға жарамды мақта күнжараның құрамында бос госсиполдың мөлшері 0,01% - дан аспауы керек.
Госсипол – суда ерімейтін, сілтілерде жақсы еритін сары түсті зат (формуласы C3H30O9). Тұқымдарда госсиполдың мөлшері әртүрлі факторларға байлансты 0,04%-дан 2,5% аралығында ауытқиды. Әсіресе госсипол піскен тұқымда көп. Дәннен майды бөліп алғанда госсиполдың 3/4 бөлігі алынады да, 1/4 – бөлігі күнжарада қалады. И.Е.Мозговтың пікір бойынша, малдың улануы үшін госсиполдың осы мөлшері де жеткілікті. Мақта шротын малға бергенде зиянсыз, себебі оның құрамында госсиполдың мөлшері аз немесе тіптен болмайды.
Құрамында 0,02%-дан төмен госсипол бар күнжараны уытты деп санамайды. Госсиполдың мөлшері бұл мөлшерден көп болса, малдарда улану тудырады (берген күнжара мөлшеріне байлансты). Сондықтан тәуліктік рациондағы күнжараның мөлшерін үнемі бақылап отыру қажет. Госсипол кумулятивті әсер ететін у екендігін ұмытпау қажет, сондықтан улану белгілері біраз уақыттан кейін (15 тәуліктен соң) байқалуы мүмкін. Сезімтал мал: жас төл, шошқа, ірі қара, құс.
Тәуліктік рационның құрамында госсиполдың мөлшері 0,1-0,2 пайыздан аспауы тиіс, немесе күнжараның берілетін мөлшері рациондағы басқа заттардан 20 пайыздан аспауы тиіс.
Мақта күнжарасының құрамындағы госсипол мөлшерін төмендету
үшін, оны 2 сағат бойы құрғақ буда қыздырады немесе ыстық суға
Мақта күнжарасын бірден көп мөлшерде бермеу керек, оны аз- аздан біртіндеп беру керек. Ірі қара малға, жылқыға алғашқыда 2-3 кг-нан бере бастау керек. Қойға – 0,2 кг, шошқаға да 0,2 кг.
бұқтырады.
Токсикодинамикасы: Госсипол организмнен өте баяу бөлініп шығатындықтан кумулятивті әсер етеді. Кейбір жағдайларда, күнжарамен азықтандыруды тоқтатқаннан кейін де біраз уақыт (10-30 күн) улану белгілері білінуі мүмкін.
Госсиполдың әсері оның қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін арттыру қабілетімен күрделене түседі, нәтижесінде қан плазмасы мен қанның формалық элементтері қан тамырларынан қоршаған тіндерге енеді, бұл
зардап шеккен органдарда бірнеше қан кетулермен сипатталынып, инфильтраттармен серозды-геморрагиялық қабынуды тудырады Мақта күнжарасынан уланудың патогенезінде госсиполдың нейротроптық қасиеттері өте маңызды. Липоидтердегі жақсы ерігіштігі оның жүйке жасушаларында жиналуына ықпал етеді. Кумулятивті әсер ете отырып кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп оларды қабындырады. Липидтерде жақсы еритіндіктерден гемолитикалық, нейротопты және некроз түрінде әсер етеді. Нәтижесінде аминқышқылдарының жетімсіздігі пайда болады.
Клиникалық белгілері. Жануарлардың барлық түрлері госсиполмен улануға бейім. Жас жануарлар оларға ерекше сезімтал келеді. Енесінің сүтімен қоректенетін бұзауларға госсиполдың сүттегі аз мөлшерінің өзі улы әсер етуі мүмкін Нәтижесінде, іш өту салдарынан (2-3-ші күні) бұзаулар өліп қалуы мүмкін. Ересек жануарлардың ішінде шошқалар, содан кейін жылқылар госсиполға өте сезімтал; қойлар мен ірі қара малының сезімталдығы әлсіз.
Жылқыларды мақта күнжарасымен азықтандыру ауыр түрдегі улануды тудырады. Кейбір жағдайларда, әсіресе айтарлықтай физикалық стресс кезінде жұмыс істейтін жылқылардағы улану белгілері күнжарамен азықтандырғаннан кейінгі күні пайда болуы мүмкін. Жылқыларда колик және гастроэнтерит белгілері білінеді. Әдетте іш қату байқалады. Жануарлардың нәжісі көбінесе шырыштанған, кейде қан араласқан болады. Жүрек соғысы, импульс күшейеді (минутына 80-100 соққыға дейін).
Кейінірек өкпе ісінуінің белгілері пайда болады (тыныс алу күшейеді және жиілейді, мұрыннан көбік ағып кетеді).
Ірі қара малда улану жіті түрде де, созылмалы түрде де өтеді. Аурудың өтуіне байлансты клиникалық белгілері де әртүрлі болуы мүмкін.
Алғашқы уланған мал тынышсызданады, жалпы қозу пайда болады, сонан соң жалпы әлсіреу, депрессия сатысына алмасады. Асқорыту функциясы бұзылады, жем-шөп жеуден қалады, атония, перистальтика баяулап іш қатады, кейбір кездері қанды іш өтеді. Кейде респираторлы синдом-аритмия, жөтел, мұрыннан қанды сұйықтық ағу, сырыл білінеді, өкпе ісінеді. Жүректің қызметі әлсірейді, сіресу тремор. Несептің түсі – қара, (Нв, белок, пигмент)
Сонымен қатар, улану тәбетінің төмендеуімен, шөлдеумен, сүттің азайып қалуымен байқалады. Дене қызуы қалыпты. Қозғалысының бұзылғандығы, бұлшық еттерінің сіресуі, әлсіздік көрінеді. Тыныс алуы тереңдеп, жиілейді. Кілегейлі қабықтар көгеріп, жүрек жұмысы әлсірегенін, тамыр соғуы жиілегенін (80-100 рет минутына) көруге болады.
Уланған малдардың көпшілігінде мескарынның тимпаниясы және ішектердің перисталтикасының әлсірегені байқалады. Нәжісті сирек бөледі. Жіті түрінде ауру 2-3 тәуліктен арыға созылмайды. Өлім көрсеткіші жоғары (35%-ға дейін). Созылмалы түрінде клиникалық белгілері әртүрлі. Мал тез арада арықтап кетеді.
Шошқалар. Шошқалардың улануы тәжірибие жүзінде жиі, көп кездеседі. Өлім көрсеткіші өте жоғары болады.
Клиникалық белгілері ірі қараға ұқсас, азықтан бас тартады, іші кебеді, құсу, ентігу, ауыз бен мұрын қуысынан көбікті сұйықтық ағады, дене қызуы қалыпты. Ауру жіті түрде өтіп, 1-ші тәуліктің ішінде-ақ өлімге ұшырайды.
Шошқаларда созылмалы түрінде жамбасында дерматиттер пайда болады, құйрығы мен құлақтары зақымданады.
Улануды балау өте қиын емес. Бірақ инфекциялық аурулардан, соның ішінде, энцефаломиелиттен ажырата білген жөн.
Болжам. Өлім көрсеткіші жоғары болғандықтан болжам қолайсыз. Шошқаларда, әсіресе торайларда, өлім көрсеткіші 67%-ға дейін жетеді. Ересектерін лажысыз сояды. Ірі қара малының да арасында өлім-жітім кездесіп тұрады.
Емі. Мақта кұнжарасы рационнан біртіндеп алынып тасталынып, симтоматикалық ем жүргізіледі. Осы күнге дейін ауырған малды емдейтін тиімді ем табылған жоқ. Іш өткізгіштерді берсе, глаубер тұзы және сода клизмасын жасаса жақсы нәтиже береді.
Жүрек препараттарынан кофеинді қолданған дұрыс. Маргенец қышқыл калийді (1:1000) тұз қышқылымен (НCl) араластырып, күніне 3 ас қасық зондпен енгізгенде жақсы әсер етеді. Бірақ симпатикалық ем әр кезде жақсы нәтиже бере бермейтіндігін ескеру қажет.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Уланып өлген ірі қараның қарнын жарып көргенде, ірі азыққа толы екендігін көруге болады. Бұл әсіресе қатпаршаққа қатысты. Азықтың қорытылмауына, сіңірілмеуіне байлансты, оның мөлшері екі есеге ұлғаяды. Көзге көрінетін кілегей қабықтары бозарған. Кеуде және құрсақ қуыстарына сұйықтық жиналған. Өкпе қанталаған және ұлғайған, жүрек еті босаңсыған. Ішек ұзына бойы катаралды – геморрагиялық қабынған. Бауыр, көкбауыр, бүйрек босаңсыған, қан құйылу орындары бар. Өт қабы өтке толған, ұлғайған. Қан сұйылған. Шошқаларда да дәл осындай көрініс байқалады.
Алдын алу шаралары. Мақта күнжарасын азыққа қолданар алдында арнайы нұсқауларға сүйену керек. Мақта күнжарасын, шротын азық ретінде абайлап қолданған жөн. Малға көп бергенде организмде ақзат көбейіп, зат алмасу процесстерінің бұзылуына алып келеді. Мақта күнжарасы жалпы рационның 5-15%-ын ғана құрағаны жөн және құрамындағы госсиполдың мөлшері төмен болуы керек (0,05-0,07%). Оның деңгейінің ауытқып кетіуі улану тудырып отырады. Мақта күнжарасын рационға, кальций мен натрий тұздарының, А және В дәрумендерінің мөлшері аз азықтармен бірге бергенде өте абай болу керек.
1. Сауын сиырларға тәулігіне 4 кг артық бермеген дұрыс (тиімді рацион 2,5—3 кг) 0,5—1 кг бастап біртіндеп үйрету керек; буаз сиырларға бір басына 2 кг дейін немесе қолданбаған дұрыс, төлдеуден 10-15 күн бұрын
күнжара беруді тоқтатады.
2. Бұзауларға мақта күнжарасынын 2 айдан бастап беруге болады,
алғашқы күні 100 г аспайтын молшерде және оларды біртіндеп көбейте отырып, 4 айлық жасында 0,25 кг-ға дейін, 6 айдан бастап-0,5 кг, 1 жасқа дейін — 1 кг және 1,5 жастан асқан — 1,5 кг жеткізуге болады.
3. Ересек қойларға 200 г дейін.
4. Ересек шошқаларға, буаз және бала емізетін мегежіндеріне 200 г-нан артық емес; бордақыланатын шошқалардың рационына күнжараны 15-20% - ға дейін, бірақ тәулігіне 1 кг-нан аспайтын мөлшерде енгізуге болады.
5. Жұмыс жылқыларын басқа жеммен араластыра отырып, күніне бір басына 2-3 кг күнжара беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет