Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Жануарлардың құрама жемнен улануы



бет21/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

29. Жануарлардың құрама жемнен улануы.
Құрама жем – құнарландырылған және ірі азықтардың белгілі бір малға арнайы рецепт бойынша өндірісте өндірілетін қоспасы, арнайы құрама жем өндіретін зауыттарда дайындалады. Құрама жем ұнтақ, брикет, түйіршек түрінде ірі қараға, шошқаларға, құстар мен балықтарға беріледі.
Құрама жемнен уланудың негізгі себебі -оның құрамында ас тұзының тиісті мөлшерден асып кетуі. Тәжірибе көрсеткендей бұған өндірушілер де, тұтынушылар да кінәлі. Алғашқыларының кінәсі – ас тұзын мөлшерден тыс көп қосып жібергендігін, екіншілері малдың бір түріне арналған жемді шатастырып, екінші бір жануарлар түріне бергендігі болып табылады. Осының салдарынан мал мен құс өлім-жітімге ұшырайды.
Малдардың құрама жемнен улануының екінші себебі – олардың белгіленген талапқа сай болмауы. Улану азық баланысының бұзылуынан емес, құрамды жемді сақтағанда уақытынан бұрын бұзылғандығынан туындайды. Бұл жағдайда құрама жем зең және басқа да зиянды саңырауқұлақтармен зақымдалады, құрамы және құнарлық қасиеттері өзгеріп, асқорыту органдарының қызметінің бұзылуына әкеледі. Талапқа сай емес құрама жеммен азықтанып, ауырған малдардың клиникалық көріністері әр түрлі.
Алдын алу шаралары. Құрама жемді тек қолдану аясына сай пайдалану керек. Яғни ірі қараға арналған құрама жемді шошқалар мен құстарға беруге болмайды. Әсіресе ересек малдарға арналған құрама жемді жас малға беру өте қауіпті. Ұнтақ масса түріндегі құрама жемді малға бергенде өте абай болған жөн, себебі тұз оның төменгі жағына шөгіп, малдарға қауіп туғызуы мүмкін. Ересек малдардың өзіне құрамында 1%-дан артық ас тұзы бар құрама жемді беруге болмайды.
Азықтық сапасы күмән келтіретін құрама жемнің барлық партиясына химиялық талдау жүргізу қажет. Егер олай жасауға жағдай болмаса, малдардың аз тобына беріп, биосынама жасау керек.
30. Фузариотоксикоз.
Фузариотоксикоз дегеніміз - Fusarium туысына жататын улы саңырауқұлақтардан зақымдалған азықты малға бергенде туатын улану. Соңғы мәліметтер бойынша фузариотоксикоз этиологиясында, саңырауқұлақ Fus. Sporotrichiella үлкен роль атқарады.
Fus. Sporotrichiella қыста қардың астында қалған азықтық заттарды зақымдайды. Fus. Sporotrichiella көп тараған микросаңырауқұлақтардың бірі, әртүрлі өсімдіктерде мекендейді. Көбінесе өсімдік дәндері зақымданады.
Фузариотоксикоз кәзіргі кезде жануарлар ішінде жиі кездесетін микотоксикоз.
Ауруға ауылшаруашылық малдары мен құстары бейім. Ірі қара және ұсақ мал төзімді, тек қышқыл азықты (сүрлем, қызылша сығындысы) көп мөлшерде бергенде уланады. Ауруға жас және буаз малдар сезімтал келеді.
Н. А. Спесивцеваның мәліметтері бойынша, жылқының фузариотоксикоздан уланып өлуі көптеген шаруашылықтарда малдың жалпы санының 65-75%-ын құрайды. Әсіресе шошқалар мен құстарда фузариотоксикоздан уланып өлу үлкен пайызды көрсетеді.
Жылқыларда фузариотоксикоздан улану дәнді азықтарды бергенде жиі кездескен.
А. П. Онегов және Н. А. Наумов құлындар мен торайларға қыстан қалған астық туқымдас дақылдарды бергеннен кейінгі (сұлыны) токсикологиялық әсерін зерттеп,олардың улануы кезінде, ойық-жара, өліеттену процестер (стоматит, гастроэнтерит, дерматит) және де жүйке жүйесінің бұзылуы секілді белгілер байқаған.
Fusarium туысының саңырауқұлақтары табиғатта кең тараған және кейбір түрлері бидайды жиі зақымдайды. Бидайдың зақымдалуына 18-27 C температура және бидай ылғалдылығы (20-25%) әсер етеді. Сонымен қатар, санырауқұлақтардың кейбір түрлері төменгі температурада да өсе береді .
Академик П.Е.Сергеевтің пікірі бойынша, егістікте қалған астық тұқымдастардың жоғары ылғалдылығы 0-10°С температурада Fus. sporothirichioides саңырауқұлағының өсуіне қолайлы жағдай туғызады.
А.Х.Саркисов және Е.С. Квашнин егістікте қыстан шыққан астық тұқымдастардың әртүрлі жануарларға уыттылығын зерттеген.
Әртүрлі аудандардан әкелінген уытты дәндердің 107 үлгісінің микрофлорасын зерттегенде және саңырауқұлақтардың 250 түрінің ішінде ең уытты болып Fus. Sporotrichiella саңырауқұлағы болып шықты.
Улану себебі барлық азықтардың зақымдануына байланысты: сабан, шөп, дәндер, астық тұқымдастар ұны, құрама жем, кебек.

Астық тұқымдастар алқабында ірі қара малдар жайылғанда барлығы фузариотоксикозға шалдыққаны белгілі.


Fus. Sporotrichiella саңырауқұлақтарымен зақымдалған құрама жемді шошқаға және құсқа бергенде жіті және созылмалы улану байқалған.
Фузариотоксикоздың ерекшелігі, қысқы мерзімнің өзінде (1-3 күнде) жануарлардың көпшілігі ауырады.
Фузариотоксикоз толық зерттелмеген. Біздің елімізде Л. Е. Олифеонов осы бағытта зерттеулер жүргізген. Ол дәнді F. Sporotrichiella-мен зақымдап, одан токсикалық стероидтар-енорофузариогенин және ноофузариогенин бөліп алған. Олар етаниботриотоксиндерге жақын болып келеді.
Фузариотоксикоздар әсері бойынша жалпы токсикалық және дермацидтік уларға тән. В. И. Билай оларды жалпы плазматикалық әсері бар уларға жатқызады. Фузариотоксикоздардың әсер ету механизміне қарай И. Куршанов оларды орталық және вегетативтік жүйке жүйесіне әсер ететін жалпы токсикалық улардеп екіге бөледі.
Улану кезіндегі белгілер төмендегідей: мал мазасызданады, ауырсынуы байқалмайды, рефлекстер жоқ, ішек-қарын жолының моторлық қызметі және жүрек тамыр жүйесінің жұмысы бұзылады. Сонымен қатар қан түзетін мүшелердің жұмысын өзгертеді, соның салдарынан қанның морфологиялық құрамы өзгереді, лейкопения дамиды.
Зақымданған азықты ұзақ уақыт беру жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етіп, қан айналымында өзгерістер тудырады. Соның салдарынан геморрагиялық диатез, өкпе домбығуы қалыптасады.
Ауру азықтың саңырауқұлақтардан зақымдалуына байланысты жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Ауырған мал ішінде өлім-жітім жоғары болады. Зерттеулер мәліметі бойынша, улану 2-9 күнге созылып, ақыры өліммен аяқталады. Ірі қара мал жіті уланғанда 2-3 күнде өлімге ұшыраған. Өлтіре әсер ететін мөлшері: жылқыға 0,5-4,6 кг, ірі қара малға 0,5-4,8 кг, ұсақ малдарға 0,4-1,2 кг, шошқаларға 0,25-0,9 кг.
Клиникалық белгілері. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша фузариотоксикоздың жіті және жітілеу түрінде, жылқы мен ірі қарадағы алғашқы белгілер орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Сиырларда жалпы әлсірейді, іші өтеді, аяқтардың бұлшық еттері тартылып қалады, қарын атониясы, іш өтумен қатар, бас ісінеді, лейкоцитоз белгілері білінеді. Уланудың алғашқы күндерінде мал мазасызданады, тері сезімталдығы және рефлекстер жоғалады немесе төмендейді, дененің алдыңғы бөлігінде бұлшықет дірілі байқалады. Мойын бұлшық еті тартылып қалады. Ауру дами келе артқы бөлігі салданады. Жылқы жатқан жерінен тұра алмай қалады.
Жүрек жұмысы бұзылады, тамыр соғуы жиілейді (жылқыда 100-1 минутта) және аритмия байқалады. Температурасы межеден 0,5-7-ке төмендейді. Ішек қарын жұмысы бұзылған. Ірі қара малда мес қарын атониясы , ішек қарын перистальтикасы күшейген. Жылқыда шайнау және жұтынуы қиындайды, ішек қарын перистальтикасы бәсеңдеп, іш қату байқалады.
Фузариотоксикоз кезінде қанда өзгерістер болады. А.Е. Цветкованың мәліметтері бойынша эритроциттері 1-1,5 млн, лейкоциттер 200-ге дейін азайған.
А.И. Носкова және И.А. Курманованың зерттеулері бойынша қойларда фузариотоксикоз жітілеу түрде (5-8 күнде) өткен және малдың өлуімен аяқталған. Қойлар мазасызданған, аз қимылдайды, ауыз қуысынан көбікті сұйық ағады, танау қуысынан сірілі сұйық ағады.
Коньюктива, ауыз және танау қуысының кілегейлі қабығы бозарып, кейде сарғаяады. Дене температурасы 39-39,60С, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Ішектің перистальтикасы күшейеді. Қой арықтайды, сыртқы тітіркендіргіштерге көңіл бөлмейді.
Шошқа фузариотоксикозы – кең тараған аурул жалпы күйзеледі, жатақши береді, іші өтеді, тәбеті жойылады, құсады, басының, денесінің, ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында некрозды ошақтар пайда болады. Кейбір жағдайда ойық жаралы стоматит қалыптасып, басы, мойны ісінеді, қызыл дақтар болады. Тыныс алудың бұзылуынан өліп кетуі мүмкін.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. А.Е. Цветаеваның (1961)


зерттеулері бойынша жылқыларда еріндері домбығып, жарылған.
Кілегейлі қабықтарда некроз, ойық жаралар, қанда лейкопения,
лимфоцитоз байқалады.
Бауыр тығызданып, қызыл түстенген, көлемі ұлғайған, шекарасы анық емес; жүрек бұлшықеті босаңсыған, құрсақ қуысында қызыл түсті сұйық жиналған.
В.П. Лотков өлген шошқада көмекей және лимфа түйіндерінде сірлі инфильтрат бар екенін, мойын, бас, шажырқай лимфа түйіндері гиперемияланганын анықтаған.
А.И. Носкова және И.А. Курмановтың зерттеулері бойынша қойларда төмендегідей патологиялық өзгерістер болады: жұмыршақ кілегейлі қабығы және ішек геморрагиялық қабынған, ішінде шырышы мол. Паренхиматозды мүшелерде нүктелі қанталау кездеседі, жүрек бұлшықеті бозарған, босаңсыған. Бүйрегі жұмсақ, капсуласы тез ыдырылады, шекарасы анық көрінбейді. Талақ көлемі кішірейген.
Балапандарда безді қарын мен ішекте катаральды және гемораргиялық қабынулар байқалады. Бауыр және өкпеде көптеген қанталаулар бар, біркелкі боялмаған, іші қанмен толған. Барлық малдарда ішкі мүшелер дистрофияланып, бауырдың диффузды және жергілікті зақымдануы, стаматит байқалады. Өкпе ісініп кетеді.
Балау клиникалық белгілерін, гематологиялық көрсеткіштерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескере отырып қойылады.
Емі. Біріншіден: малдың азықтық рационынан саңырауқұлақтармен зақымданған және оған күдікті азықтарды алып тастайды. Фузариотоксикоз ауруының спецификалық емі жоқ, бірақ симптоматикалық терапия қолдануға болады.
И.А. Курмановтың ұсынысы бойынша фузариотоксикоздың ауыр өтуі кезінде венаға кофеин, күнделікті глюкозамен бірге уротропин (1 күнде 1рет) жазылғанша қолданады.
Сепсистік процесті алдын алу мақсатында бұлшықетке пеницилин, стрептомицин, бицилин енгізеді.
Алдын алу шаралары. Fusarium саңырауқұлағымен зақымданған азық арнайы зертханалық зерттеуге жіберіледі. Бұл саңырауқұлақпен зақымданған азықты малға беруге болмайды.
И.А. Курманов кейбір жағдайда, егер биосынамада зақымдалу деңгейі төмен азықты ірі қара малға беруге болады деп есептейді. Ал бордақыдағы малға шектеулі мөлшерде береді (тәулігіне 30-40%) және де ол қышқыл азықпен (сүрлем, қышқыл жом) бірге берілмеуі керек. Fus. Sporotrichiella саңырауқұлағымен зақымданған жем суда еритін уытты өнімдерді түзеді. Сондықтан И. А. Курманов залалсыздандыру үшін жемді суға салуды ұсынды. Ол үшін жемге төрт есе су құйып, бір тәулік ұстайды. Тәулік бойы 4-5 рет суды ауыстырып тұрады. Содан кейін жемді 1000С температурада 1 сағат қайнатады.
А. В. Васин жәнне Ю. П. Квиткин уытты саңырауқұлақтармен зақымданған жемді 1%-ті күйдіргіш натрий, калий немесе аммиакпен өңдесе уытты қасиеті жоғалатынын анықтаған.
Фузариотоксикоздың алдын алу үшін алдымен азықты жинағанда, сақтағанда дәнді дақылдардың тұқымын дәрілегенде бұзылуын болдырмау керек.
Ылғалдылығы жоғары (17%жоғары) азықта саңырауқұлақ спорасы жақсы дамиды, соның салдарынан азықта уытты зат жиналады.
Жоғарыда аталған шаралармен қатар И.А Курманов келесі жағдайларды ескеру керек дейді:
1) малға берілетін азық мұқият ветеринариялық санитарлық бақылаудан өту керек;
2) құрама жемді дайындауда бақылау жүргізу, құрама жемге бөгде иісі жоқ дәнді жіберу.
31. Пестицидтердің негізгіәсер ету механизмдері. 

5.Сонымен бірге улы заттар ағзаға эмбриогенді, тератогенді, мутагенді, канцерогенді және аллергиялық әсер етеді.


1.эмбриогенді әсерде – эмбриондардың өсіп-өнуін тоқтатады.
2.тератогенді әсерде – эмбриондардың өсіп өнуі жойылмағанымен әртүрлі қолайсыз жағдайларға ұщырайды(кемістік).
3.мутагенді әсерде – жыныс мүшелерінің қызметі нашарлап, дұрыс дамып жетілмеген ұрпақтар пайда болады.
4.канцерогенді әсерде – клетка элементтерінің өсуі шектен тыс көбейіп зарарлы ісікке ұшырайды.
5.аллергиялық әсерде - әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады.
17
1-2 жыл
6 айдан 1 жылға дейін 1 айдан 6 айға дейін
1 айға дейін

Канцерогендік әсеріне қарай пестицидтер 4-ке бөлінеді: а) Айқын канцерогенді


ә) Канцерогенді
б) Әлсіз канцерогенді
в) Бластомогенді
Тератогенді әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Айқын тератогенді
б) Тератогенді
Эмбрионды- улы әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Талғамды-аналық тәсілге улы әсері төмен
б) Біркелкі -әртүрлі әлсіз улы әсерлері бар
Аллергиялық әсер етуіне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Күшті аллергендер-төменгі мөлшерінің өзі аллергия шақырады
б) Әлсіз аллергендер -жеке мүшелерге әсер ететін аллергиялық заттар

32. Фтор қосылыстарынан улану. 


Уланудың клиникалық белгілері. Фтор және оның қосылыстарынан улану жануарларда жіті және созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрде өтуін көбінесе флюороз деп те атайды. Жіті улану – фторлы және кремнийдің фторлы натрийін жануарларға гельминтоз кезінде антигельментик ретінде қолданғанда және азықтық жеммен бірге ағзаға түсуінен, жануарлардың фтор және оның қосылыстарын қолданатын кәсіпорындардың жанында ұзақ ұсталуынан немесе жайылуынан болады.
Ірі қара малы фторлы натриймен жіті улану кезінде малда жалпы әлсіздік, шаншу, құрсақ қабырғасы аумағының ауырсынуы, бұлшық еттердің тартылуы байқалады. Өкпе, жүрек қызметтері бұзылады, тыныс алуы жиілейді, тамыр соғуы әлсірейді, дене температурасы қалыпты жағдайда немесе сәл жоғарылайды. Ұзаққа созылған жағдайда температурасы 36С°-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Таз қарынның желге толуы байқалады. Малдың тәбеті болмайды, кейде зерттегенде ауыз қуысының кілегейлі қабықтарының ісініп, қызарғанын, көз қарашығының үлкейгенін, мүйізді қабатының бұлдырауын көруге болады. Уланудан кейін 2-3 тәуліктен соң несеп құрамынан фтор кездестіруге болады. Зәр қоюлау және түсі әдеттегідей күңгірттеу. Мал тыныс алу орталығының және жүректің параличінен (салдануынан) немесе ауыр жағдайда 2-3 тәулік ішінде мал өледі. Мал жазылған жағдайда қалпына келу процесі әсіресе, асқорыту аппаратының қалпына келуі ұзаққа созылады. Фтормен созылмалы улану кезінде малдың өнімділігі едәуір төмендейді. Алғашқыда сүттің бөлінуі күрт азаяды, мал арықтайды, тәбеті төмендейді, ал соңынан флюорозға тән клиникалық белгілер көрініс табады. Созылмалы түрдегі уланудың айқын көрінісі ірі қарада алғашқыда терісі құрғайды, серпімділігі жоғалады, түктері сынғыш келеді, іші өту, тәбетінің төмендеуі байқалады. Тіс эмальдарының дақтануы, уланудың созылмалы түрінің алғашқы белгілерінің бірі.
Зертханалық зерттеу кезінде зақымдалған сүйектерде фтордың мөлшері қалыптағыдан 5-6 есе көбейгенін анықтаған. Американдық зерттеушілердің
58 мәліметтері бойынша жануарлар сүйегінің құрамында фтордың мөлшері 0,6мг-ға дейін жоғарлайды.
Балау. Фтор қосылыстарымен улануды балау едәуір қиын. Алдымен, шаруашылықта құрамында құрамында фтор бар қосылыстар мен минералды зат бар-жоғын анықтап аламыз. Клиникалық белгілердің балауда алатын орны шамалы.
Емі. Фтор ағзада кальциймен қосылып, нәтижесінде кальций мөлшері азайып, ұлпалардың декальцинациясы туындайды. Осыған байланысты жіті улану кезінде кальций препараттарын, 10% - ды хлорлы кальцийді венаға егеді және асқазанды жылы сумен жуып-шаяды. Бұдан басқа созылмалы улану кезінде (флюороз) ірі қара малының рационына алюминий препараттарының (сульфат және хлорид) 0,5%-ға дейінгі мөлшерін қосуға болады. Соңғы кезде фтормен улануда антидот ретінде магнезия сульфатын ірі қараға 800г, ұсақ малдарға 100г зонд арқылы береді. Тамыр арқылы хлорлы кальций (200-300мл 10%-ды ерітінді түрінде баяу жібереміз), ауыз арқылы магнезия сульфатын беруге болады. Соңғысының мөлшерін 3-4 есе азайтып береміз. Ал қалғанына симптопатикалық (кофеин, жылу) ем жүргіземіз.
Алдын - алу шаралары. Фтормен уланудың алдын алу үшін, ең алдымен минералды азықтың құрамынан осы элементтің мөлшерін анықтаймыз. Көптеген минералды тыңайтқыштардың құрамында фтордың белгілі мөлшері болады, сондықтан жануарлардың, құстардың улануы байқалады. Минералды азықты берер алдында, оның құрамындағы фтордың деңгейі оның тағайындалған мөлшеріне сәйкес келуін қадағалау керек.
Малға беретін азық пен судың құрамындағы фтордың мөлшері бір литр суда 1мг-нан аспауы тиіс. Құстар сүтқоректілерге қарағанда фтор қосылыстарынан улануына өте төзімді келеді. Егер құстың азығының
60

құрамында фтордың мөлшері 300-400мг/кг-ға дейін рұқсат етілсе, ал ірі қараға 10 есе аз болуы керек, яғни 30-40мг/кг.


33. Буынаяқтылар уларынан улану.


Жануарлардың буын аяқтылар уынан улануы
Бунақаяқтылар қатарына өрмекшілер жатады. Олардың ең улысы - қарақұрт болып табылады. Мекендейтн жері Орталық Азия, Дағыстан, Молдавия, Қырым. Аналық өрмекшінің ұзындығы
1,5-2 см, денесі шар тәріздес, құрсағы қара тығыз
келген, арқасында қызыл, ақ дақтар көрінеді.
Жыныстық дамыған аналық өрмекшінің уы ең улы
болып саналады. Қарақұрттың уы жыланның уына
қарағанда 10-15 есе улы. Өрмекшінің уы суда
ериді, реакциясы сілтілі, 100 градус спиртте
немесе эфирде бұзылады.
Қара құрттың уына көбінесе жылқылар, түйелер,
қояндар аса сезімтал. Тістелген жері қызыл дақ
болып көрінеді де тез жойылып кетеді. 10-15
минуттай мал мазасызданады, құсады, қаңқа
бұлшықеттері тырысып-бүріседі,
гемодинамиканың бұзылуы, жүректің әлсіреуі
және кілегей қабығының көгеруі байқалады.
Ірі малдарды қарақұрт шаққан кезде, қарақұрт уына қарсы сарысуды бұлшық етке дереу егу керек (30-40мл).
Өрмекшілердің қауіптілерінің бірі - тарантул.Оның ұзындығы 3,5 см, түсі сарғыш-бурыл түсті. Шөл жерлерде, жартылай шөлді, орманды жерлерде мекендейді.
Бунақаяқтылар отрядының бұрыннан танымалы – сарышаян.Оның ұзындығы 10 см шамасында. Сарышаяндар сыртқы орта әсеріне шыдамды болады. Олар жарты жыл бойы азықсыз өмір сүре алады. Олардың уы құйрығында болады. Шаққан жері ауырсынады, домбығады, 20-30 мин кейін жазылады. Әдетте 1-2 күннен кейін көрінген белгілердің бәрі жойылып, малдың жағдайы жақсарып кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет