«Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері»



бет3/9
Дата31.12.2021
өлшемі51,54 Kb.
#23795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.1. Әдебиетке шолу

Б.Атшабаро, О.С.Глозман, Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина, Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Е.А.Біртанов Қазақстанда токсикология ғылымының қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдар.

Баженов С.В. айтуы бойынша улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы немесе өлімге душар болуы мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.

Э.Л.Бейсебаеваның зерттеулеріндегі токсикологиялық талдау негіздерінде шалқан құрамында гликозидтердің ыдырауы нәтижесінде түзілетін аллильды қыша майы болатындығы көрсетілген. Егістік қышасынан улануға қарағанда, жабайы шалқаннан ауылшаруашылық малдарының улану жағдайлары аз кездеседі.

Медведя Л.И пікірі бойынша қазіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) -LIМ ас, ЛМо (ЛDO), ЛМ50 (LD50) және ЛМ[00 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/ кг). Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері ЮООмг/кг (Ігр/кг) болса, улылығы аз чат болып есептелінеді.

Гладков А.Д айтуы бойынша кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй-жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жағдай улы заттарға да тән қасиет. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық ,газ) әсер ете береді.

Дмитриев С., Джуров А., Антонов С осы ғалымдардың пікірі бойынша улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғүрлым жылдам болған сайын, оның сіңгіштігі де соғүрлым жоғары болады да,әсер етуі тез арада пайда болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдеріпің де көптеген заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза сөлдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ещбір токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (НgС12)- ерігіштігі өте жоғары улы зат, ал каломель болса (НgС12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде қолданылатын зат.

Жуленко В.Н.,Смирнова Л.А. пікірлері бойынша әсер ету уақыты қатты күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялық құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т.б.) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосы-лыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (ОН, NН2,СН3.,т.б.) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды.Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метилрадикалы (СН3) енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.)түсу ерекшеліктеріне де байланысты.

Жуленко В.Н., Рабинович М.И., Таланов Г.А.пікірлері бойынша барлық шөп қоректі жануарларлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес. Мысалы: ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарында малдар үшін, у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминінің жетіспеушілігі басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында «В» витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.

Кузнецов А. Ф. пікірі бойынша улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз коньюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.

Мозгов И.Е. айтуы бойынша улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет