«Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері»



бет8/9
Дата31.12.2021
өлшемі51,54 Kb.
#23795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ Microsoft Word

III. Қорытынды бөлім
Барлық уланулар улы заттардың асқорыту жолынан қанға тез сіңірілетіндіктен, олардың қысқа инкубациялық кезеңімен сипатталады. Профилактикасы санитарлық-ағарту сипатына ие: балаларды және жасөспірімдерді белгілі жергілікті өсетін улы өсімдіктермен таныстыру.

Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол замандаулар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген салаларында минералдық заттар және пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін «Улар» деген атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде кейбір ғалымдар «у» деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды.

Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары қазіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру кебінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін.

Токсикалық гепатиттердің алдын алу сұрақтарын шешу кезінде алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулердің маңызы зор. Жұмысқа алар алдындағы алдын ала тексерулер үшін жұмысшының токсикалық гепатитпен және алкогализммен зардап шекпейтінін гепатотропты заттармен жұмыс істеудің қарсы көрсеткіштерінің болмауына қатал түрде қадағ,алау жасау керек.

Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 топқа бөлінеді:

1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.).

2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар. Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: минерал тектес, өсімдіктектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар.

Улану мүшкілдігі көктеген картопты қабығымен қайнатып көп мөлшерде қолданғаннан болады.Балық тіндерімен улану. Уылдырықты және балықтың кейбір түрлерінің молок қолдануымен байланысты уланулар бұрыннан белгілі. Бұлшық ет тіндерінің толық залалсыз кезінде тағамға уылдырықты және молоктарды қолдану кейде холеротекті ағым алатын түрдегі гастоэнтеритпен жүреді.

Бұл уланулар балықтардың уылдырық шашу кезінде олардың қорегі болатын планктонына өзгеруіне байланысты токсикалық қасиетке ие болатын уылдырық, молок және бауырын қолданғаннан болады.

Химико- токсикологиялық зерттеуге алынған пат материалдарды жууға және консервілеуге болмайды. Бірақ кей жағдайда тез арада зертханаға жеткізу мүмкіндігі болмаса (3-5 күнге дейін), онда 1:2 ара қатынасында спирт- ректификатпен консервілеуге болады. Бұл жағдайда зертханаға жеке ыдыспен 50 мл спиртті сынама жіберіледі. Патматериалмен бірге зертханаға жолдама хат дербес хабарламамен жіберіледі. Жолдама хатында малдың түрі, жасы, жынысы, жеке номері көрсетіледі, сонымен қатар алғашқы диагнозы жазылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет