«Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері»


Химико – токсикологиялық талдаудың мазмұны мен



бет6/9
Дата31.12.2021
өлшемі51,54 Kb.
#23795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.3. Химико – токсикологиялық талдаудың мазмұны мен

міндеттері

Улы химикаттарымен жұмыс жасағанда сақтайтын жеке қауіпсіздік шаралары:

Улы химикаттарымен дұрыс пайдаланбағанда денсаулыққа қауіпті жағдайлар тууға мүмкін, сол себеппен олармен жұмыс жасаған жұмыскерлер жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға тиіс.

1. Токсикологиялық зертханаларына медициналық тексерістен өткен және техника кауіпсіздік бойынша инструктаж өткен адамдар ғана жіберіледі.

2. Жасөспірім, екіқабатты және емшектегі баласы бар әйелдер улармен жұмыс істеуге жіберілмейді.

3. Зертханадағы жұмыскерлер тегіс ақ халат кию керек.

4. Токсикологиялық зертханада қандай да жұмыс болса да, оны асықпай, нақты, сапалы жұргізу керек.

5. Жұмыскерлер улы заттармен жұмыс істегенде тазалық және тәртіпті сақтауын тиіс.

6. Зертханадағы жұмыскерлер сәтсіз оқиғада алғашқы медициналық көмек көрсетуін білу керек. Мысалы, тез арада қан тоқтату, жасанды дем беру, және жүрекке массаж жасау т.б. Көзге көрінетін жерде дәрі- дәрмектерімен арнайы аптечка тұру керек.

7. Жұмыс орнында жұмысқа деген тек қана керекті реактивтер, құрал жабдықтар болу керек.

8. Егер зертханада апат оқиғасы болғанда (улы және газ буларымен ауа жұқтырылғанда) апатты тоқтату үшін тек противогазбен жұмыс істеуі керек.

9. Жануарлардан, өсімдіктерден патологиялық материал үлгілерін алғанда, мал қораларын улы химикаттарымен өндегенде, противогазбен, су өткізбейтін бас киім, тығыз комбинизон және резенкелі етіктер, қолғаптар пайдалану қажет. Арнайы киімді таза ұстайды және бөлек шкафта сақтайды.

10. Улы химикаттары сақталатын жерде және олармен жұмыс істеген уақытта тамақ, су ішуге, темекі шегуге болмайды. Ол үшін жұмыскер бөлек бөлмеге шығады, алғашқыда қолын, бетін жақсылап жуады және ауызын шаяды.

11. Улы заттар бөлек бөлмеде, темір сейфта, құлыпталған, пломбалы болу керек. Бөлменің терезесі темір решеткамен және темір есікпен жабдықталған болу керек.

12. Улы заттар сақталатын бөлменің және шкафтің кілті, штампі зертхананың меңгерушісінде болуы керек. Улы заттарды зертхананың меңгерушісі жазбаша түрінде береді.

13. Келесі жағдайларда сақтық білдіру керек:

А) азыққа консерванттарды қол әдісімен қосқанда (траншея, шұнқыр ішінде) газдар және консерванттардың булары жиналуы мүмкін, сол себептен противогазды пайдалану керек.

Б) каустикалық соданы ұсақтағанда, залалсыздандыратын, тынайтқыш, улы заттарды және мочевинаны бөлектеп салғанда олардың шаны көзге, денеге жабысуы мүмкін, сол себептен көзге көзілдірік киеді, аузымен мұрынына көп қабатты дәкелі таңғыш танады, оны ең алғашқыда сумен ылғалдырады, қолына қолғап киеді.

В) дезинфекция, дератизация, дезинсекция жасағанда газдар және булар көп мөлшерде бөлініп шығады. Сол үшін жұмыстын ұзақтылығы 4 сағат болады (тәнертенгі уақыт ыңғайлы болады) және әр 30 минут сайын 10-15 минутке үзіліс жасалады. Дезинфекция жасағанда жем шөпке, суға, сүтке улы заттарды тигізбеу үшін ыдыстарың қаппақтарын жақсылап жабады. Кеміргіштерді жоятын қармақты малдың аяғы жетпейтін жерге салу керек.

С) аммиак суымен жұмыс жасағанда тек противогаз және жеңіл комбинезон киәп әстеу керек.

Д) уланып өлген малдың өлексесін ашық ауада немесе вентиляциясы жақсы бөлмеде жарады. Пат.материал сынаптарын бекітілген ыдысқа салады.

Е) егер ұлы химикаттарды төгіп алған жағдайда, уды жинап алып, төгілген жерді залалсыздандыру керек.

Ж) барлық зерттеу шараларын тек ауа тартқыш шкафта істеу керек.

14. Жұмыс аяқталғаннан кейін, пайдаланған ыдыстарды, аспаптарды, қорғаныс киімдерді 1 пайыздық натрий тотығы ерітіндісімен өндейді, немесе кәдімгі кір жуатын содамен жуып, таза сумен бірнеше рет шаяды, қолын 12 пайызды аммиак ерітіндісімен залалсыздандырады.

15. Жұмыскерде улану белгілері пайда болса (басы ауырса, айналса, құсса, сілекейі ақса, терлесе, іші ауырса, бұлшық еттері дірілдесе) тез арада дәрігерге жолығу керек.

Химико–токсикологиялық талдау – бұл малдәрігерілік қызметінде химия және биологиялық зерттеулер әдістерінің бірі болып саналады.

Химико–токсикологиялық зерттеуге патматериал сынамаларын жинап жіберілуі Қазақстанда бекітілген малдәрігелік заңдылығы ережелеріне сәйкес болуы тиісті.

Негізгі міндеттері – жем – шөп азықтарын және патматериалды (қан, несеп, ас қорыту жолының ішіндегі сұйықтық) улы заттарға химиялық әдістермен зерттеу. Сондықтан химиялық – токсикологиялық талдау арқылы уақытымен емдік және аурудың алдын – алу шараларын өткізуге болады.

Патматериалды таза, құрғақ, қақпағы бар шынылы сауытқа жинап салады. Химиялық зерттеу үшін бөлек шыныда 0,5 кг салмағында келесі сынамаларды жібереді: асқазан бөлігі ішіндегісімен бірге, жінішке және жуан ішектің бөлігін (2 жағынан байланған) ішіндегісімен бірге, бауырдың үлгісін қапшығымен бірге, бір дана бүйректі, қуықты, қанқа бұлшық етті. Кейде қосымша үлгі ретінде терісін, өкпе, жүрек, көк бауыр бөліктерін, бас миын, қанды жібереді. Зертханалық ұсақ жануарлардың және құстардың өлекселері және мүшелері тегіс жіберіледі. Су қоймасында балықтар жаппай уланғанда 2 метр терендікке дейін әр жерінен ортаңғы үлгесі алынады, балық өлекселерінің әр түрінен 5-5- тен жинап алады және судың кеуіп кеткен түбіндегі лайды алады (0,5 кг). Аралар уланғанда 400- 500 г өлген араларды жинайды және 100 г кәрізді бал алынады.

Зерттеу алдында химик – токсиколог жолдама хатымен танысады, келген патматериалдың бүтіндігін тексереді. Кейде жұқпалы аурудың жоқ екендігін анықтайды. Содан кейін қораптарды ашып сыртынан қарайды және жұмыс журналына тіркейді.

Келіп түскен материал 3-ке бөлінеді: бір бөлігіне мөр басып 6 айға сақтап қояды, екі бөлігін зерттеу жасауға пайдаланады. Талдау жасау алдында зерттеу жоспары құрастырылады. Әр үлгіні сараптау бойынша барлық химиялық зерттеулерді басынан аяғына дейін бір ғана токсиколог маман жүргізеді. Барлық жүргізілген талдаулар, алынған нәтижелер және жасалған есептер жұмыс журналына тіркеледі.

Патологиялық материалдан және азықтан улы заттарды бөліп алу әдістері. Уларды бөліп шығаратын негізгі әдістер 3 түрге бөлінеді:

1 Ерітінділермен экстракция жасау

2. Минерализация арқылы бөліп алу

3. Су буымен ажырату

Улы заттардың еріткіштігіне байланысты экстракция (сығынды) жасау үшін су, ацетон, хлороформ, гексан және басқа органикалық еріткіштер пайдаланады. Минерализацияны күкірт қышқылымен, пергидрольмен, тұз қышқылымен және калий хлоратымен жасайды. Су буымен айыру әдісімен синил қышқылы, формальдегид, фенол ХОК, ФОК және басқада қоспалароды анықтайды. Үгітілген материалды айратын колбаға салады да жүзім тұнбасынан алынған немесе қымыздық қышқылымен қышқылтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет