«Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері»



бет4/9
Дата31.12.2021
өлшемі51,54 Kb.
#23795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ Microsoft Word

II. Негізгі бөлім

2.1. Токсикологиялық талдау

Токсикология (грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы: әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология; ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.

Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс, әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның кәсіптік улану немесе өндірістік улану деген жаңа салалары пайда болды. Токсикологияның ең маңызды саласы – медициналық токсикология. Ол жалпы, клиникалық және профилактикалық болып бөлінеді. Жалпы:


  • токсикологияның міндеті – химиялық заттардың токсикология әсерінің жалпы механизмін;

  • клиникалық токсикология – уланған адамдарға диагностика қойып, оларды емдеу әдісін;

  • профилактикалық токсикология – улануды болдырмау үшін алдын ала сақтандыру шараларын зерттейді.

Улы заттар туралы алғашқы деректер ежелгі Рим дәрігерлері Диоскорид, Үлкен Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды.

Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық-токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларға жіберіледі. Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты заттар, су, несеп, ішек-қарындағы азық қалдықтары, құсық бөліктері, әртүрлі мүше кесінділері (бауыр, бүйрек,өкпе және жүрек), улы химикат үлгілері (қабырға және еден қырындылары, астаудағы азық) болуы мүмкін.

Токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық мал дәрігерлік зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау иституттары зертханаларында жүргізуге болады, Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды.

Оған:


1. Тексерілетін заттар тізімі, иесінің аты - жөні, тұрғылықты жері және нақты керекті нәтижеге сұраныс.

2. Соттың және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық-ветеринарлық сою хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі. Химиялық-токсикологиялық талдау жүргізетін мекеме тексеру барысында - ағзада улы заттардың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, улы заттардың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.

Химиялық-токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу.

Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады.

Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы, хлороформ - өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын өзгертеді.

Тексеруге жіберілетін зерзат мөлшері мал түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы, ұсақ жануарларды (қоян, құстар, теңіз шошқасы) соймай-ақ, тұтас күйінде жіберуге болады. Ал үлкен малдардың мүшелерінің (бауыр, көк бауыр, өкпе және ішек-қарын ішіндегі азығымен) әр қайсысынан 250-500г сынама алынады, жүрек және бүйрек көлеміне қарай бүтіндей немесе жартылай, ал ми мен жұлыннан бірнеше кесек, сонымен қатар, малдың нәжісін, сілекейін тағы басқаларды жіберуге болады. Астаудағы азық және су қалдықтарында да улы затқа деген күдік болса, әрқайсысынан 1кг сынама алып, тексеруге жібереді.

Жолдама қағазында алынған сынамалардың мөлшері (кг немесе г), түсі, иісі және сақтауға қолайлы жағдайлар секілді азықты сипаттайтын белгілер жазылуы тиіс.

Зертханаға түскен зерзаттар 3 топқа бөлінеді: 1-бөлік тексеруге қолданылады. 2-бөлік қосымша ретінде. 3-бөлік мөрленіп, сақтауға жіберіледі.

Зерзаттарды қабылдаған зертхана қабылдау қолхатын беруге, ал тексеру қорытындысын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет