2.2. Токсикологиялық талдаудың негізін тексеру әдістері
1. Биологиялық әдіс. Патологиялық зерзат және азық құрамындағы улардың шыбындарға, шіркейлерге әсеріне негізделген. Зертханалық жануарлардың (ақ тышқан, қоян, теңіз шошқасы) терісі астына және құрсақ қуысына азықтан алынған уытты заттың судағы немесе спирттегі экстрактысын ету арқылы, удың әсерін, клиникалық белгілерін және өлімге ұшырататын мөлшерін анықтайды.
Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп, оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн. Ол түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану.
2.Биохимиялық әдіс. Қоянның гемолизденген эритроциттеріне ацетилхолин эстераза және натрий, калий ферментін қолдануға негізделген. ФОҚ-тар мен карбаадаттардың бар жоғын анықтағанда, сынаманың судағы экстрактысымен эритроциттерге әсер етіп, 2 сағаттық жанасудан кейін, көрсетілген ферменттердің белсенділігін анықтайды. Фермент белсенділігінің 30-дық әлсіреуі, тексерілген зерзатта ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар екендігін дәлелдейді.
3. Химиялық әдіс. Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу реакциясы принциптеріне негізделген. Колориметрия - улы заттардың әртүрлі рективтермен әрекеттесіп, түрлі-түсті кешендер түзілуіне негізделген. Боялу дәрежесіне қарай, тексерілген азық құрамынан уытты заттар концентрациясын анықтайды. Құстар мен шошқаларға (бұл малдар ас тұзына өте сезімтал) арналған құрама жемнен МаСІ анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс. Ал алколойдтарды анықтауда шөгінді шөгу реакциясын қолдану үлкен нәтиже береді. Су құрамындағы алколойдтар: танин, сынап хлориді, фосфор. Вольфрам, фосфор-молибден немесе пикрин қышқылдарымен әрекеттесіп, суда ерімейтін шөгінді түзеді.
4. Физикалық-химиялық әдіс. Бұл әдісті іс-тәжірибе жүзінде қолдану өте тиімді, жұқа қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады. Жұқа қабатты әдіс-хроматографиялық пластинкада жылжымалы ерітінділердің бір нүктеден (старт) екінші нүктеге (финиш) дейінгі жылжу ара қатынасына негізделген. Сапалық анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін үлгілік ерітіндімен салыстыру барысында жүргізеді. Газдық хроматография әдісі - хлорорганикалық және фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауда кеңінен қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық физикалық-химиялық әдісі.
Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.
Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1) хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2) Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3 )Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
4) Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5)Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.
Физикалық ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).
Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.
5. Ботаникалық әдіс. Улы өсімдіктің бар-жоғын анықтауда мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген.
Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымей жүргізілуі қажет.
Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты -жайылымнан немесе азық қүрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты бөлімдерін анықтау.
Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігі - азық және азық қоспаларын әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы. Азық - жануарларды азықтандыру үшін қолданылатын, жұғымды пішіндегі қоректік заттары бар және жануарлардың саулығына зиянды әсер етпейтін өсімдіктерден, жануарлардан алынатын, минералды, микробиологиялық, химиялық өнімдер болып табылады.
Азық қоспасы - жануарлардың рационында жетпейтін қоректік және минералды заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералды және (немесе) синтетикалық заттар.
Азықтық құндылық - олар болған кезде жануарлардың қажетті заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігі қанағаттандырылатын азық қасиеттерінің жиынтығы;
Құрама жем - белгілі бір түрі, типі және өнімділігі бойынша жануарларды толық азықтандыруды қамтамасыз ететін түрлі азық және азық қоспаларының қажетті мөлшеріне дейін қоспалардан тазартылған және ұсақталған қоспа;
Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) үшін жануарлар мен адамдардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз мекендерден (аумақтардан) алынған шикізаттарды пайдалануға тыйым салынады.
Азық және азық қоспаларын жануарлардан алынған тіндерден өндіруге (дайындауға) тыйым салынады.
Азық және азық қоспаларын өндіруге (дайындауға) арналған шикізаттарды дайындау, сақтау және тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сүрленген азық (кептірілген азық, пішендеме, сүрлем) табиғи немесе өңделген түрде азық ретінде және азық пен азық қоспаларының толық рационды құрамында шикізат ретінде қолданылады.
Кептірілген азық стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген сапа көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Көгеру, улы өсімдіктердің бөтен иіс белгілері болмауы тиіс.
Ірі азық (пішен, сабан) таза түрде және түйіршіктелген азық өндіруге арналған азық қоспасының құрамында шикізат ретінде қолданылады. Ірі азық құрамында көтерген бөліктер, улы өсімдіктер (жатаған кекіре, қоянбеде), бөтен иістер (борсыған, зең, шіріген), патогендік саңырауқұлақтар мен иеркөк болмауы тиіс.
Шикізат - құрама жем мен дәнді бұршақты азық дақылдарын (жаздық сиыржоңышқа, ноқат, азықтық бұршақтар, жасымық, азықтық бөрібұршақ, соя, бұршақ) өндіру үшін азықтық мақсаттарға жеткізілетін астық (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, тары, жержаңғақ, күнбағыс дәндері, тритикале) құрамында қастауыш, қара күйе, зиянкестер мен бөтен қоспалар болмауы тиіс. Шикізат ретінде қолданылатын астық тиісті Техникалық регламентте белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.
Шикізат - тамыртүйнекжеміс және бақша (азық) дақылдарында көгеру белгілері болмауы және құрамындағы қауіпті және улы заттар белгіленген нормадан аспауы тиіс.
Улы өсімдіктермен улану сәйкесінше балаларда кезеседі, өйткені олардың көңілі жабайы өсіп тұрған әр түрлі жидектерге ауады. Улану туғызатын 100-ден –аса жабайы және дақылды өсімдіктер белгілі. Олардың ішінде көп тарағаны қара белена, дурман, улы вех, дақты белиголов, ит петрушкасы, акконит, қасқыр боровигі, олеандр, беладонна (красавка), хлопчатник және тағы басқалар.
Балалар мекемелерінің жер учаскелері және тұрақты серуендеу орындары улы өсімдіктерден тазалау керек. Бұл үшін жерді қайта-қайта қазу, улы өсімдіктерді жою үшін оларды тазалау және жұлу керек.
Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін, төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:
1) Өсімдіктің түрімен танысу;
2) Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы өсімдікті жеу - жемеуі;
3) Улану сәтін және күнін анықтау.
Мұндай деректерді есепке алу, синил қышқылының түзілуінен,
Өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
4) Мал бағушылардан, жергілікті тұрғындардан жайылым жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтижесінде патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану себебін білуге болады.
Белгілі жағдайларда ғана улы болып келетін азық-түліктермен тамақтық улану.
Белгілі жағдайларда ғана болып келетін азық-түліктермен тамақтық улану өте сирек кездеседі. Бұл топтарға өсімдік текті (шикі фасоль фазині, сүйекті жемістер ұрығындағы амигдалин, бук жаңғақтарының фагині, картоп соланині) және жануар текті (балық, миндин тіндері, ара балы) азық-түліктермен уланулар жатады.
Амигдалин. Шабдалы және өрік сүйектерінің ұрықтары жоғары амигдалинді құрамымен сипатталады. Амигдалин гидролиз кезінде синиль қышқылын ыдыратпайды.
Улану бас ауру және жүрек айнумен жүреді. Ауыр жағдайларда көгеру, тартылулар, естен тану байқалады. Амигдалинмен улану шабдалы және өрік майларының өндірісі процесінде қалған жмыхтарды қолданудан болады. Сүйекті жемістерден жасалған тосаптарды қолдану қауіпсіз, өйткені қайнату процесі кезінде фермент белсенділігін жоғалтады және синиль қышқылы түзілмейді.
Шабдалы және өрік сүйектерінің сатылуына жол берілмеуі керек, оларды тек май алу үшін қолдану керек.
Фагин. Фагин бук жаңғақтарының әсер етуші бастамасы болып табылады. Термиялық өңдеу кезінде фагин инактивтеледі. Шикі бук жаңғақтарымен улануда адам өзін нашар сезінеді. Бас ауруы, жүрек айнуы, ішек дисфункциясы болады.
Бук жаңғақтарын қолдануға 120-130 С-та 30 минуттан кем емес уақыт бойы жылулық өңдеуден өткізгеннен кейін ғана жіберіледі.
Соланин. Картоптың соланинімен улану сирек кездеседі, өйткені оның көп мөлшері оны қабығынан тазалаған кезде алынып тасталынады.
Картоптағы соланин құрамы бойынша сапониндерге және глюкозидтерге жақын және гемолитикалық у болып табылады.
Соланиннің мөлшері картоптың өнуі мен көктеуі кезінде жоғарлайды. Соланиннің мөлшері көптеген картопта 0,42 – 73%-ке дейін жетеді. Адам үшін улану туғызатын соланиннің дозасы 200-400 мг.
Соланиннің улану кезінде құсу және ішектің дисфункциясы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |