Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:
3-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
«Майданға хат» (үзінді) оқитын Тұрсынбекұлы Арман.
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
үніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамад.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман-сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
«Майданнан хат» (үзінді) оқитын Бердібек Санжар
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз-анама
«Жақыным-жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |