ІІІ. Ер елі үшін туады. (мақалды жалғастыру)
1. Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)
2. Отан оттан да ... (ыстық)
3. Туған елдей ел болмас, (туған жердей жер болмас).
4. Ит тойған жеріне...(ер туған жеріне).
5. Батыр туса, ел ырысы ... (Жаңбыр жауса, жер ырысы).
6.Туған жердің күні де ыстық ... (түні де ыстық).
7. Ел болам десең, ... (бесігіңді түзе)
8. Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)
9. Ер бір рет өледі, ... (қоқақ мың рет өледі).
10. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,... (батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін).
ІҮ. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ – жауап)
Ұлы Отан соғысы батырларын ата?
Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
“Шығыстың қос жұлдызы” кімдер?
Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры?
Соғыс дегенді қалай түсінесің?
Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?
Ұлы Отан соғысы батырларын ата?
Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш?
Әлия мен Мәншүкке жасаған ерліктері үшін қандай атақ берілді?Бейбітшілік дегенді қалай түсінесің?. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)
Ұяшықта соғыс кезінзе пайдаланылған соғыс техникалары, құрал-жабдықтар, қару-жарақтар жасырылған. Осы ұяшықты ашып, көрсетілген суреттегі заттың атын табу.
ҮІ. Отты күндер елесін, кітаптан оқып білесің.(кітап көрмесі).
Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні хормен орындалады:
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Мұғалім:
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі 7 «Б» сынып оқушылары арасында өткізген тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
Орындаған қазақ тілі пәні мұғалімі: Расулова Е.А.
Достарыңызбен бөлісу: |