Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші болады, олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұлтаралық қақтығыстардың жалғасуы, ұлттық экстремизмнің өсуі және т.б., сонымен қатар әлеуметтік зорлықтың әртүрлі жағдайларында жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың толерантты мінез-құлқын азаматтық келісім өлшемдерінің негізі ретінде әлеуметтік практикаға енгізу қажеттілігі сияқты ортаның cұранысы ескерілуі қажет.
Толерантты мінез-құлықты тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін үдерісте де жүзеге асуы мүмкін. Мұнда тәрбиелік әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара әсері арасында заңды байланыс бар: бұл байланыс педагог пен оқушының арасында болады да, қалыптастыру үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатына жетті деп оқушыларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік пайда болған кезді есептеуге болатынын ескерту керек.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатына жетті деп оқушыларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік пайда болған кезді есептеуге болатынын ескерту керек.
Сонымен қатар жүйені белгілі бір деңгейде сипаттайтын параметрлер мен критерийлер бір-біріне байланысты емес және әрқайсысы өзінше өмір сүреді деген әсер қалмауы керек. Олардың арасындағы байланысты анықтау үшін берілген деңгейлер жіктелетін ортақ белгі болуы керек.
Біздің ойымызша, мұндай белгі ретінде төмендегілерді айтуға болады:оқушылардың тұлғасы, теория мен практиканың теңбе-теңдігі, қалалық орта мектеп жағдайында оны қалыптастырудың нақты құралдарын толерантты мінез-құлықтың жалпы қағидаларына трансформациялау логикасы.
Педагогика ғылымында қағидаларды сипаттауда әртүрлі көзқарастар бар.
Педагогика ғылымында қағидаларды сипаттауда әртүрлі көзқарастар бар.
А.В.Сластенин педагогикалық үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен тәрбиеленушілердің әрекетін бүтін педагогикалық үдеріс позициясынан қарау қағидасының келесі түрлерін атап көрсетеді: