Қызуға беріктік дегеніміз - материалдың жоғары температурада пластикалық деформациялану және бұзылуына қарсылық көрсетер қабілеті.
Қызуға берік материалдардан жоғары температурада пайдаланатын бұйымдар, бөлшектер ( бу және газ жіберетін құбырлар, қазан бөлшектері) дайындалады. Жоғары температурада дайындалатын материалдар құрылымындағы дара түйіршіктің бойында дислокациялардың өздігінен жылжу құбылысы кездеседі. Мұндай құбылыс материалдың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан қызуға берік материалдар өндіруде осы құбылысты туғызатын факторлар есепке алынады. Мысалы, автомобильдің іштен жанатын двигателін жасайтын болат сильхром деп аталады. Сильхром- хромдыникельді болат, жұмыс атқару қабілеті 500... 600 0С-қа дейін жарамды. Жұмыс температурасы одан жоғары жағдайда 7000С-қа дейін хромдыникельді аустениттік болат пайдаланылады. Қызуға беріктігін көтеру мақсатымен аустенитті болаттар қосымша вольфрам, молибден, ванадий т.б. элементтермен легірленеді. Сильхром топты болаттардың кейбір маркалары: 4Х9С2, Х6С т.б.