Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Су тіршілік көзі



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі28,63 Kb.
#97822
түріҚұрамы
  1   2

Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Су – тіршілік көзі
Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының ¾ бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 %-ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су – өмір нәрі» деп бекер айтылмайды. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік үрдісі жүрмейді. Жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, мұзды және қарлы аймақтағы су, атмосфералық ылғал кіреді. Жер шарының сулы қабатын, яғни өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, тоғай, су қоймалары және шалшықты-батпақты жерлер жиынын гидросфера деп атайды. 
Су – түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші. Суды, негізінен, тіршілік иелері – адамзат, жан-жануар, микроағзалар және өсімдіктер дүниесі пайдаланады. Су тірі ағзалардың дене кұрамына кіріп, ондағы зат және энергия алмасуына қатысады.
Су табиғатта үш күйде: сұйық, қатты және газ тәрізді түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады.
Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады. 
Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі ағзаға қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.
Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде жыл сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.

(336 сөз)


1-тапсырма


Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Айрықша -ерекше[1]
Керек -қажет [1]
Өңірдегі аймақ [1]
Қолданады - пайдаланады[1]
Көлемде -мөлшерде [1]
Барлығы: [5 балл]
2-тапсырма
Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
Мысалы: Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат.
Жауабы: Табиғатта ең көп таралған, тіршілік көзі – су.

  1. Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше.

Су табиғат ресурстарының ішінде орны арнайы.1]

  1. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.

Жер бетінде су емес-тіршілік емес
[1]

  1. Жер бетінің 77,5 %-ын су алып жатыр.

Су жер бетінде 77.5 %-ын болып табылады
1]

  1. Су – түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші.

Жақсы ерітуші, түссіз, иіссіз және дәмссіз сұйықтық-су________________________________________________________
________________________________________________________________[1]

  1. Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады.

Физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда су ең қиын нәрсенің біріне жатады1]

  1. Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет