Төмендегі кестеде кейбір жүгіру пәндерінен әлемдік рекордтар көрсетілген



бет16/57
Дата02.11.2023
өлшемі3,12 Mb.
#121435
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Қалаішілік жолаушы автобусы
Нұр-Сұлтан қаласының қалаішілік 80-ші маршрутында қатынайтын, Семей қаласының зауытында шығарылатын DAEWOO GDW 6126 HG маркалы автобусының сипаттамалары:
Автобустың таза массасы – 12350 кг
Тиелген автобустың рұқсат етілген массасы – 18000 кг
Автобустың ұзындығы – 12000 мм
Автобустың ені – 2550 мм
Автобустың биіктігі – 3200 мм
Қозғалтқышы – турбоүрлегішті (Евро-5)
Моделі – GL11K (DOOSAN)
Қуаты – 290 ат күші
Айналдырушы момент - 11270/13200 Н·м
Алдыңғы/артқы дөңгелектерінің диаметрі – 22,6 дюйм
Трансмиссия - автоматты"ALLISON" (T325R)
Максимал жылдамдығы – 95 км/сағат
100 км жолға жанармай шығыны – 30 л
Осы айтылған автобус Нұр – Сұлтан қаласының 80 маршруты бойынша жүреді. 80 маршруттың жүру кестесі:
№2 Ақмола облыстық емханасы – «Күйгенжар» тұрғын массиві
Маршрут ұзақтығы – 23,6 км
Интервал – 15-20 минут
Маршрутты жүріп өту уақыты 80 минут
141.Автобустың маршрутты өту барысындағы орташа жылдамдығы
A) 26,8 км/сағат B) 17,7 км/сағат C) 60 км/сағат D) 42,5 км/сағат E) 21 км/сағат

142.Автобус қала ішінде жүргенде оның жанармай шығыны екі есе артады. Автобус маршрутты бір рет жүріп өткенде жағатын жанармай шығыны
A)  30 литр B)  14,2 литр C)  68 литр D)  45,6 литр E)  26,8 литр

143.Автобус маршрутты бір рет жүріп өткенде жағатын жанармайдан бөлінетін жылу мөлшері ( =800 кг/м3, q=44 МДж/кг)
A)  500 МДж B)  625 МДж C)  308 МДж D)  352 МДж E)  900 МДж

144.Автобус 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалса, оның дөңгелегінің айналу жиілігі (1 дюйм = 2,54 см)
A)  8,3 айн/с B)  3,14 айн/с C)  16,6 айн/с D)  4,15 айн/с E)  12 айн/с

145.54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автобустың тарту күші (1 ат күші = 735,5 Вт)
A)  16340 Н B)  18450 Н C)  8495 Н D)  14220 Н E)  8845 Н




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет