239.Егер Нептунның орбитасын шеңбер деп қарастырсақ, оның Күнді айнала қозғалысының орбиталық жылдамдығы
A) ≈ 30 км/с
B) ≈ 5 км/с
C) ≈ 23 км/с
D) ≈ 17 км/с
E) ≈ 21 км/с
240.Жер мен Юпитердің Күнді айнала қозғалыстарының центрге тартқыш үдеулерінің қатынасы
A) 4,6
B) 12
C) 27,7
D) 2,3
E) 1,2
Тұрмыстағы электр тұтынушылары
Саяжайдағы үйдің электр желісіне қосылған тұтынушылардың біріккен қуаты 3,5 кВт-тан асатын болса, электр желісінен автоматты түрде ағытатын ажыратқыш іске қосылады. Желідегі кернеу 220 В.
Үйдегі 220 В кернеуге арналған электр тұтынушылардың ток күштері кестеде көрсетілген.
Электр бұйымы
Ток күші, А
Телевизор
1,8
Электрлік жылытқыш
9,0
Шаңсорғыш
2,9
Тоңазытқыш
0,8
Қысқа толқынды пеш
3,6
Электр шәйнегі
9,0
Электр үтік
6,8
241.Электр шәйнегінің тұтынатын қуаты
A) 1980 Вт
B) 3600 Вт
C) 1432 Вт
D) 1823 Вт
E) 4123 Вт
242.Үздіксіз жұмыс жасаған тоңазытқыштағы токтың бір айдағы жұмысы (1 ай = 30 күн)
A) 400 МДж
B) 321 МДж
C) 285 МДж
D) 456 МДж
E) 502 МДж
243.Үйдің желісіне бір мезгілде қосуға болатын үтіктер саны
A) 1
B) 3
C) 2
D) 5
E) 7
244.Үйде бір мезгілде электр желісіне қосуға болмайтын бұйымдар жиыны
A) электр шәйнегі мен электр үтік
B) қысқа толқынды пеш пен электр үтік
C) тоңазытқыш және электрлік жылытқыш
D) электрлік жылытқышжәне электр шәйнегі
E) шаңсорғыш және электр шәйнегі
245.Тоңазытқыш пен электрлік жылытқыш бір ай бойы үздіксіз жұмыс жасаған жағдайда үй иесінің төлейтін сомасы
(1 кВт∙сағ энергияның құны 15 теңге, 1 ай = 30 күн).
A) 21 820 тг
B) 16 450 тг
C) 23 300 тг
D) 2 320 тг
E) 4 680 тг
Эскалатор
Әлемдегі алғашқы эскалатор саяхатшыларға арналған аттракцион ретінде 1894 жылы Нью-Йоркте пайда болған. Қазір бұл «ғажайып сатылар» метрополитендерде, вокзалдарда, сауда орталықтарында және басқа қоғамдық орындарда жұмыс жасауда. Эскалатор 0,75 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, сағатына 10 мың адамды өткізу қабілетіне ие.
Әлемдегі ең ұзын эскалатор Петербург метрополитенінің «Адмиралтейская» станциясында орналасқан. Оның ұзындығы 137 м, ал жүргіншілерді көтеру биіктігі 70 м –ге жетеді.
246.Эскалатордың жұмыс режиміндегі қозғалысы
A) түзу сызықты бірқалыпты
B) түзу сызықты теңүдемелі
C) түзу сызықты теңкемімелі
D) қисық сызықты бірқалыпты
E) қисық сызықты теңүдемелі
247.Эскалаторда қозғалмай тұрған адамның Жермен байланысқан санақ жүйесіндегі жылдамдығы
A) 0,75 м/с
B) 0
C) 1,5 м/с
D) 2 м/с
E) 0,5 м/с
248.«Адмиралтейская» станциясында асыққан жүргінші жұмыс жасап тұрған эскалатормен 1 минут 40 с -та көтерілген болса, оның эскалатордағы қозғалыс жылдамдығы
A) 0,75 м/с
B) 0,62 м/с
C) 0,26 м/с
D) 0,51 м/с
E) 0,45 м/с
249. «Адмиралтейская» станциясында эскалатор бір адамды көтеру үшін ауырлық күшіне қарсы 42 кДж жұмыс жасаған болса, осы адамның массасы
A) 60 кг
B) 65 кг
C) 70 кг
D) 75 кг
E) 80 кг
250.Екі адамның біреуі жұмыс жасап тұрған эскалатордың көтеру сатысымен, екіншісі түсіру сатысымен оның қозғалыс бағытында эскалатормен салыстырғанда бірдей жылдамдықпен жүріп барады. Олардың бір - біріне қатысты жылдамдығы 2,5 м/с болса, эскалатор сатысына қатысты жылдамдығы