Тұрақты ток желісіне кедергісі 5 Омға тең резистор қосылған. Осы резисторда бөлінген жылу мөлшерінің уақытқа тәуелділік графигі төмендегі суретте көрсетілген.
255.Егер резисторда 5 минут 15 с –та бөлінген жылу мөлшері массасы 150 г суға берілсе, су температурасының өзгерісі ( ссу= 4200 Дж/(кг·К))
A) 4 ºС
B) 10 ºС
C) 15 ºС
D) 20 ºС
E) 23 ºС
Динамометр
Оқушы «Серпімділік күшін зерттеу» деп аталатын зертханалық жұмысқа қарапайым динамометрді қолданды.
Динамометр - күшті өлшеуге арналған аспап. Динамометрдің құрылысы оған түсірілген кез келген күшті серпімділік күшімен салыстыруға негізделген. Динамометрдің негізгі бөліктері: тілшесі бар серіппе және шкала. Динамометр шкаласы градуирленген. Серіппенің ұзаруы күшке тура пропорционал болғандықтан шкала бөліктерінің ара қашықтықтары бірдей болады.
Суретте тыныштықтағы динамометрдің көмегімен дене салмағын өлшеу көрсетілген (g=10 м/с2).