1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі Мектепке дейінгі жаста күн тәртібі 6 құрамдас бөлікке бөлінеді.
Өз бетінше істейтін іс-әрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б)
Тамақ қабылдау
Сабақтар
Үзілістер
Серуендер
Ұйқы
Күн тәртібінде мына талаптарды ескерген жөн:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Жасына қарай қимылдарының күрделенуі, жаңа қимылды ойындарды енгізу, ойын уақыты ұзарып, үлкендер тарапынан қарым-қатынастың өзгеруі.
Ауа райының жағдайын, жыл мезгілдерін ескеру.
Күн тәртібінің тұрақтылығын және ата-аналарының жұмыс істейтін мерзімін ескеру.
Күн тәртібін ұйымдастыру, оның бала тәрбиесіндегі маңызы. Балалардың өсіп, дамуы нәрестелік, бөбектік, сәбилік шақтағы балалардың күн тәртібін жасауда жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетін ескеру (ойнату, сергіту, тамақтандыру, серуендету мерзімін), жүйке қызметін қалпына келтіру үшін ұйықтау мерзімін анықтау, тамақтану уақытын тұрақтандыру, бұл шақта бала жүйкесінің жұмыс істеу қабілеті өзгеріп отырады.
Серуен Таза ауада болу – баланың денсаулығын нығайтады және организмді шынықтырады, танымдық мүмкіндіктері мен қимыл-қозғалыстарын арттырады.
Бала күнделікті қандай болмасын ауа райында 4-5 сағат серуендеуі керек. Жыл мезгілі ауысуына байланысты серуен уақытының өзгеріп отыруы да мүмкін. Баланы әр серуеннен оралған соң өздігінен шешініп, жуынып-шайынуға үйрету керек. Жылдың әр мезгіліне, әр түрлі температураға байланысты бала киіміне мән беріңіз.
Тамақтану. Баланың қалыпты дұрыс дамуы тамақтануына байланысты екендігін ұмытпаңыз.
Ең бастысы – уақытында, мөлшерімен, 4-5 рет тамақтануды дұрыс ұйымдастыра білу.
Бала тағамының құрамында сүттен даярланатын тағамдардың болуы міндетті (қаймақ, ірімшік, айран т.б.)
Ең бастысы баланы күштеп, зорлықпен тамақтандырмау керек, керісінше өзінің тамақтануға тілегі пайда болу үшін жағдай жасау керек. Бала тамақтан ұшынып қалмау үшін біркелкі санитарлық-гигиеналық ұсыныстар: