Суға батқан адамның ішіндегі суын жедел шығарып, оның есін кіргізуге әрекеттену керек:
Ауыздың, мұрынның қуыстарын саусақпен құмнан немесе балшықтан тазарту;
Тілді сыртқа шығарып, оны осы жағдайда біраз уақыт ішке жібермей ұстай тұру қажет, өйткені ол тыныс алу жолын жабуы мүмкін;
Тар киімді шешіп, зардап шегушінің аяғын бүгіп, басы кеуде клеткасынан төмендеу болатындай етіп, етпетінен жатқызып, су тыныс алу органдарынан ағып шыққанда, екі жауырынның арасынан қатты қысу керек;
Тыныс алу жолдары мен асқазанды судан босағаннан кейін жасанды дем алдыруға тырысу керек;
Өз бетінше дем алудың алғашқы белгілері байқалған бойда жасанды дем алуды тоқтатып, мүсәтір спиртін иіскету керек;
Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, жылытқаннан кейін есі кірген бойда ыстық шай беру;
Зардап шегушіні жақын жерлердегі емдеу мекемесіне апару.
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді. Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту; тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару; жасанды тыныс алдыру; қан айналымын қолдау. Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады. Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (13-сурет). Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады. Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді.
Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда. Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |