б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру
Суға бату- бұл тыныс алу жолдарының суға толуы, оның нәтижесінде тыныс алу бұзылып, адам тұншығады. Зардап шегушінің терісінің бет жағы ағарады, дене сипағанда суық, бет бейнесі көгереді, тыныс алуы тоқтайды, тамырдың соғысы зорға сезіледі немесе білінбейді, мұрын мен ауыздың тесігінде ұсақ бүршікті көбік пайда болады.
Ең алдымен бір сәтке ойланған жақсы. Төңіректе құтқару құралы жоқ па? Ол адамның жүзгіштігін арттыратын кез-келген зат болуы мүмкін. Төңіректе қайық жоқ па екен? Көмекке тағы басқа нені алуға болады? Суға батушыны, оны міндетті түрде құтқарылатындығы туралы айқайлап айтып дем беріңіз.
Егер сіз батқан адамға жүзіп баосаңыз, судың ағысын, желдің бағытын, жағаға дейінгі қашықтықты барынша ескеруіңіз керек. Оған жақындағанда тыныштандыруға және сөзбен демеуге тырысыңыз. Егер бұлай ете алсаңыз суға батқан адам сабасына түсіп, құтқарушының арқасынан ұстауы тиіс. Басқашадай болса, қатаң іс-әрекетке дейін барыңыз.
Сіздің іс-әрекетіңіз: суға батушының жанына жүзіп барып, оның астынан сүңгіп өтіп, арт жағынан ұстап жағаға апарыңыз. Егер батқан адам сізді қолыңыздан, мойныңыздан немесе аяғыңыздан ұстап алса, дереу босаңыз, немесе қайта сүңгіңіз- өзін-өзі сақтау инстингі оны ұстаған жерді босатуға мәжбүр етеді.
Егер суға батқан адам есінен айрылса, оны бір қолынан ұстап, беті суға батпас үшін иегінен көтере отыра жағалауға апарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |