Топ фмк 21-19 Курс: Семестр: 7


«Ауызға –ауыз» әдісімен жасанды демалдыру



бет37/58
Дата31.12.2021
өлшемі323,52 Kb.
#22979
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
Апат.катаст.

«Ауызға –ауыз» әдісімен жасанды демалдыру:

«Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.

«Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.

Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.

Сильвестр әдісі жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады (15а-сурет). Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды (15б-сурет). Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.
Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру:

а) ауа жұту; б) ауа шығару

Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.

Шефер әдісі

Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы –жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.

Шефер әдісі

а) ауа жұту; б) ауа шығару



Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (16а-сурет), оның басы қозғалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды (16б-сурет).

Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады.

Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.

16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру:

а) ауа жұту; б) ауа шығару



17-Сурет. Жүректің сыртқы сылауы

Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (17-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (18б-сурет), ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (18а-сурет). Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.

Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады (18б-сурет).







18-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.

а) ауа жұту; б) ауа шығау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет