қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз:
сізді тауып алғанға дейін дауыстап не қимыл жасап, назар аудартатын заттарды қолдану арқылы басқаларға белгі беріңіз;
артық қимыл жасамаңыз.
Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі
медициналық көмектің түрлері мен көлемі
Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде зақымданушыларға (науқастарға) медициналық көмек оны көрсету орнына, оны көрсететін тұлғалардың біліктілігіне және медициналық мүлікпен қамтамасыз етілуіне байланысты дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.
Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің көлемі, төтенше жағдай режимін енгізу төтенше жағдай аймағында қалыптасқан медициналық-санитариялық және дағдарысты жағдайға байланысты белгіленген медициналық көмек түрлері шеңберінде көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
Тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта мынадай медициналық көмек көрсетіледі:
1) дәрігерге дейінгі – орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері, парамедиктер, құтқарушылар, шұғыл қызметтің басқа да қызметкерлері, сондай-ақ өзіндік және өзара көмек көрсету тәртібінде өзге де тұлғалар;
2) білікті – жедел медициналық көмек бөлімшелерінің, азаматтық қорғау апаттар медицинасы мен медициналық қызметтері құралымдарының күштері, далалық жылжымалы медициналық әскери бөлімдер мен бөлімшелер, сондай-ақ өздерінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған денсаулық сақтау ұйымдары;
3) мамандандырылған – апаттар медицинасының мамандандырылған құрамалары, сондай-ақ көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдары.
Жер сілкінісінің бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады.Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпті ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау мен байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.