Күкірт қышқылы Х ғасырда пайда болған. Ашқан парсы ғалымы –Абу- бекери-Рези. Күкірт қышқылын купоростардан алғандықтан «купорос майы» деп атаған.
Азот қышқылы ХV ғасырда анықталған.
Тұз қышқылын «тұз спирті» деп атаған. Бұл қышқылдарды күкірт қышқылы арқылы алған. Сондықтан күкірт қышқылын «қышқылдар анасы» деп атаған.
«Мағынаны тану» Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат. Негізгі белгісі: қышқыл дәм және күйдіргіш. Қышқыл ерітінділерді ажырату үшін арнаулы анықтағыш – индикаторлар пайдаланылады. Оларға лакмус, метилоранж, фенолфталеин жатады. Сірке қышқылы Лимон қышқылы Алма қышқылы Құмырсқа қышқылы Бейорганикалық Қышқылдардың жіктелуі: Органикалық HCl H2SO4 H3PO4 H2CO3 H2SiO3
Оттексіз қышқылдарды алу үшін (S, CI, Br ) сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді: «Жарнама» әдісі бойынша «Қышқылдардың индикаторға әсерін» жарнамалау. Эксперименттік бөлім: Дескриптор: Білім алушы
Индикаторларға анықтама береді.
Индикатор түрлерін қышқылға салғанда түстерінің өзгеретінін атап айтып бере алады.
лакмус
метилоранж
фенолфталеин
Тәжірибе ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ КҮЙДІРГІШ ЗАТ! Теріні және ағаштан, былғарыдан жасалған заттарды күйдіреді. Егер қышқыл ерітіндісі қолыңызға тамып кетсе, дереу қатты ағынды суға жуып, сосын жарақаттанған жерді 2%- дық ас содасы ерітіндісімен сүртіңіз. қышқыл Н 2 О БОЛМАЙДЫ! ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ Дескриптор: Білім алушы
Қышқыл жаңбырларға сипаттама береді.
Қышқыл жаңбырлардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын ұсына алады.
Тапсырманы «Фишбоун» әдісі арқылы талдап бере алады.
Пайдасы Зияны ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ Венн диаграммасы Дескриптор: Білім алушы
Қышқылдардың қолданылуын біледі.
Қышқылдардың пайдасын ашып айтып бере алады.
Қышқылдардың зияны туралы сипаттай алады.
Деңгейлік тапсырма 1. Агрегаттық күйлеріне сәйкес келетін қышқыл формуласын жазыңыз:
Сұйық
Қатты
Газ
2. Берілген бейметалл оксидтеріне сәйкес келетін қышқыл формуласын жазыңыз:
SO2
CO2
P2O5
SiO2
SO3
3. Әр бағанға реакция типіне сәйкес қышқылдар қатысатын бір реакция теңдеуін жазыңыз:
Айырылу
Қосылу
Орынбасу
Алмасу
Дескриптор: Білім алушы
Қышқылдардың агрегаттық күйлерін ажырата біледі.
Қышқылдардың формуласын жазып бере алады.
Қышқылдарға тән реакция теңдеулерін құрастыра алады.
Дескриптор: Білім алушы
Қышқылдарға байланысты реакция теңдеулерін жаза алады.
Есептің берілгені бойынша белгісіз заттарды анықтай алады.
Пропорция құру арқылы есепті шығара алады.
Кім жылдам? (есеп шығару) 1) 25%-дық 400 г күкірт қышқылы магний металымен әрекеттескенде қанша көлем сутегі бөлініп шығады?
2) 141,75г азот қышқылымен қанша грамм натрий гидроксиді әрекеттесе алады?
3) 2,45моль кальций карбонаты күкірт қышқылымен әеркеттескенде қанша литр көмірқышқыл газы бөлінеді?
Тақырыпты оқу, тақырып соңындағы В, С деңгейінің есептерін шығару.
«ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ» Қазіргі күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқылды жаңбыр. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксиді ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдарын түзеді. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-дан төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Қышқылды жаңбыр көлдердегі судың да қышқылдылығын арттырады. Канада, Швеция, Финляндияның оңтүстігіндегі көлдердің қышқылдылығы жылдан-жылға артып барады. Көлдің қышқылдануы және ауыр металл иондарымен ластануы балықтардың ұрықтанып көбеюіне ғана қауіп туғызып қоймай, ол планктондардың, балдырлардың және басқа тіршіліктердің жойылуына әрі адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Қышқылданған сулар металл құбырлармен аққан кезде металдарды ерітеді, олардың улы иондары пайда болады. Нью-Иорк аумағынан алынған қышқылды суды қорғасын ыдысқа құйып, бір түн қойғанда металл иондарының мөлшері тиісті мөлшерінен асып кеткен. Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады. Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.Әдетте рН <5,6 болса жауын- шашын «қышқыл жаңбыр» деп аталады. Күкірт және азот оксидтері металлургия өндірісінде және көмір, мұнай мен әр түрлі газдар жиналған кезде түзіліп атмосфера құрамына енеді, күкірт оксиді жылу электр станциясынан бөлінсе ,азот оксиді автомобиль көлігінде жанармай жанған кезде түзіледі. Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу.
Мәселенің сипаттамасы.
Қышқыл жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады.
Себептері. Азот диоксиді және күкірт оксиді сияқты заттардың атмосфераға шығарылуы (выбросы) қышқылды жаңбырдың себептері болып табылады. Табиғатта орман өрті және вулкан оның көзі болып табылады, бірақ атмосфераға бұл заттардың шығарылуы адамдардың іс-әрекеттерінен болады. Лақтырулар (выбросы) жылу электростанциясы, металлургиялық зауыттар, автокөлiктермен, азот тыңайтқыштарын қарқынды қолданылатын ауыл шаруашылықтары нәтижесніде болады. Азот пен күкірт оксидтері атмосферда су молекулаларымен қосылып, әртүрлі қышқылдар түзеді: азот, азотты, күкірт, күкіртті қышқылдар.
Зардаптары.
Суаттардың тотығуы олардың батпақтануына, су мекендеушiлерiнiң өліміне әкеледi. Соның нәтижесінде су экожүйесінде басталатын азық-түлiк тізбегі үзіледi. Топырақтардың тотығуы нәрлi заттардың еруiне, сонымен бiрге өсiмдiктерде өліміне немесе деградацияға әкелетін ауыр металлдардың сілтіленуіне алып келедi. Сонымен бiрге мұндай өсiмдiктерді қолдану адам денсаулығына зиян келтiруі мүмкін. Сонымен бірге адамның денсаулығы үшiн суды қолдану да зиянды болуы мүмкін.
Қышқыл жаңбырлармен күресу үшін көмір электростанцияларындағы қышқыл жаңбыр түзетін лақтырулырды қысқарту керек. Ол үшін:
-күкірті төмен көмірді қолдану немесе оны күкірттен тазарту.
-газ тәрізді өнімдерді тазарту үшін фильтрлерді орнату.
-талғаулы энергия көздерін қолдану керек.
Мәселені шешу жолдары.
Қышқылдардың пайдасы: 3) Тұрмыста тамақ өнеркәсібінде сірке суы, лимон қышқылы қолданылады. Жеміс-жидектерде қышқылдың орасан зор қоры бар. Жеміс қышқылын бұдан 10 мың жыл бұрын, медицина дамымай тұрған кезде адамдар жиі қолданған. Антибиотиктер жасалғанға дейін жұқпалы ауруларды емдеуге, іріңді жараларды жууға, ішек түйілгенде, тіпті оба індетіне қарсы қышқыл пайдаланылады.
1) Медицинада бор және тұз қышқылдары қолданылады.
2) Өнеркәсіпте шикізат есебінде және автокөлік аккумуляторларында күкірт қышқылы қолданылады. Қышқылдардың зияны: 1) Концентрлі қышқыл ағзаға түссе мүшені бұзады. 2) Қоршаған ортаны ластайды. Себебі олар тотықтырғыштар.
Қолданылуы: Қышқылдардың қолданылу саласы өте кең. HNO3 - азотты тыңайтқыштар алу үшін, H2SO4 - өте кең қолданыс табады, сондықтан оны химия өндірісінің «наны» деп атайды. Н3РО4- фосфор тыңайтқыштарын алу үшін HCl - тұздарын алу үшін, медицинада.
РЕФЛЕКСИЯ «Тик-ток» әдісі Мен үшін қызық болған дүние...
Мен үшін қиын болған дүние....
Мен үшін құнды болған дүние.....