Тоқпен және электромагниттік өріспен ұлпаларға әсер еткенде пайда болатын үдеріс



бет2/3
Дата21.12.2023
өлшемі18,49 Kb.
#141971
1   2   3
Тұрақты токпен әсер-гальванизация және электрофорез әдістері;
Үздікті(импульсті) электр тогымен әсер- электростимуляция әдістері;
Жоғары жиілікті электр тогымен әсер- дарсонвализация және электрохирургия әдістері.
Адам ағзасына электр немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері:
Тұрақты электр өрісімен әсер-аэроионотерапия әдістері;
Жоғары немесе ультражоғары жиілікті электр
немесе магнит өрісімен әсер-индуктотерапия және УЖЖ –терапия әдістері;
Аса жоғары жиілікті диапозандағы электромагниттік толқынмен әсер-микро толқындық терапия және дециметрлік толқынды (ДЦТ) терапия әдістері.
Гальванизация әдісі. Адам денесіне электродтар арқылы бекітілген, тұрақты токтың адам ағзасына аз күшпен әсер етуге негізделген емдік әдіс гальванизация деп аталады. Гальванизация әдісі перифериялық және орталық нерв жүйелерін, радикулитті, ми және жұлын қан айналысының бұзылуы, т.б. көптеген ауруларды емдеуде қолданылады.
Электрофорез әдісі. Тұрақты токтың көмегімен адам ағзасына инъекциясыз дәрі енгізу үшін қолданылатын әдіс электрофорез деп аталады. Электрофорез әдісінде электродтар мен адам денесінің арасына салынатын дәкелер дәріге малынады. Тұрақты токпен әсер еткенде теріс электродтың астындағы дәкеден теріс иондар және олардың күрделі химиялық қосылыстары, оң электродтың астындағы дәкеден оң иондар және олардың күрделі химиялық қосылыстары адам ағзасына кіреді.
Электростимуляция және дефибрилляция. Ағзаның функционалдық күйін өзгерту үшін тітіркендіргіш ретінде үздікті (импульсты) электр тогын қолдану әдісін электростимуляция деп атайды.
Қазіргі кезде электростимуляция клиникада ішкі органдарды (ішек, қуық, жатыр және т.б.) емдеуде жиі қолданылады.
Қысқа мерзімді күшті токпен әсер ету әдісін дефибрилляция деп атайды.
Фибрилляция күйіндегі жүрек өздігінен қалыпты жұмыс істей алмайды. Жүректі осындай күйден шығару үшін дефибрилляция әдісі қолданылады.Бұл әдісте адамның жүрек тұсына ұзақтығы 10-15 ампер, кернеуі 4-6 киловольт бір ғана электр разрядымен әсер ету керек.Осындай тітіркендіргіштің әсерінен адамның барлық бұлшық еттері, соның ішінде жүректің бұлшық етері де, бір сәтте жиырылып, бір сәтте босайды.Соның нәтижесінде жүректің бұлшық еттерінің функциясы қалпына келуі мүмкін.
Дарсонвализация. Жүйке жүйесі рецепторларын сергіту үшін қолданылатын әдіс дарсонвализация деп аталады. Алғаш рет француз физиологы және дәрігері Дарсонваль ұсынған. Бұл әдісте адамның денесіне жоғары жиілікті әлсіз электр разрядымен әсер етеді. Электрод жоғары жиілікті 500кГц, кернеуі 15-20 кв, ток күші 0,015-0,02 А ток көзіне қосылады. Ток күші аз болғандықтан жылу эффектісін тудырмайды.Осындай ток көзіне қосылған электродты адам денесіне жақындатқанда олардың арасында әлсіз электр разряды пайда болады.Сол разрядтар нерв рецепторларының қабілетін арттырып, адамды сергітеді.
Электрохирургия. Электрохирургия деп– ЖЖ жылулық әсерін пайдаланып ұлпаны айтамыз. Осы кесуді электротомия деп, ал оны күйдіре немесе балқыта отырып кесуді, жапсыруды электрокоагуляция деп атайды. ЖЖ ток ұлпа арқылы өткенде активті электрод астындағы ұлпаның жасуша мен жасуша аралық қабаттардағы сұйықтар жоғары температураға (4000 градус және одан жоғары) дейін лезде қызады, жылдам қызған сұйықтардың булануы жарылыс (кавитация) түрінде жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет