Тоқпен және электромагниттік өріспен ұлпаларға әсер еткенде пайда болатын үдеріс



бет3/3
Дата21.12.2023
өлшемі18,49 Kb.
#141971
1   2   3
Аэроионотерапия. Соңғы жылдары аэроионотерапия деп аталатын терапиялық әдіс кең қолданылуда. Бұл әдісте емдеу шаралары, жоғары кернеулі электр өрісімен өндірілген оң және теріс иондар арқылы іске асырылады. Емдік шаралары үшін оң және теріс зарядталған иондардың қатынасы 0.1 – 0.2 болуы шарт. Мұндай емдеу істері “Озотрон”,”Ионотрон”,”АГЭД - 01” құралдары арқылы іске асырылады.
Ультражоғары жиілік. Жиілігі 30 – 300 Мгц аралығындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар ультра жоғары жилікке жатқызылады, ал осы диапазон жататын 27.12 МГц жиілікке сәйкес келетін ЭМ өрісті емдеу мақсатында қолдануды ультра жоғары жиілікті терапия деп атайды. УЖЖ арқылы өте көп ауруларды емдейді, ол арқылы кез-келген қабыну процесін (эндокрин бездерінің, фурункулез, травматизмде, іріңдеде, ринит, неврит т.б. көптеген) басуға болады.
Микротолқынды терапия. Микро-толқынды терапия деп - адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 2375 МГц, толқын ұзындығы 12.6 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқынның максимал қуаты 70 – 100 Вт артпауы тиіс.
Дециметрлік толқынды терапия. Дециметрлік толқынды терапия деп адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 460 МГц, толқын ұзындығы 65 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқынның максимал қуаты 100 Вт артпауы тиіс.
Медицинада биологиялық өлшеулер әдістер классификациясының функциональдық принципін жүрек қан тамырлар жүйесінің параметрлері арқылы көрсетіледі. Мұнда механикалық (б баллистокардиография, фонокардиография, қанның қысымын өлшеу), электрлік және магниттік (электрокардиография, магнитокардиография), оптикалық өлшеу (оксигемометрия) және басқа физикалық әдістер қолданылады.
Б баллистокардиография Жүрек жұмысын зерттеу мақсатымен дененің қозғалысын (тербелісін) тіркеу әдісі ббаллистокардиография деп аталады және оны клиника да диагностикалық мақсатта қолданылады. Жүректің сол қарыншасының бір жиырылуынан ондағы қанның аортаға шығарылуы панда болады.
Ішкі ағзаларда туындайтын дыбыстарды тікелей тыңдау емханалық зерттеу тәсілдерінің маңыздыларының бірі аускультация әдісі деп аталады. Бұл мақсатта ең қарапайым құралдарды фонендоскоп, стетоскоп пайдаланылады.
Қазіргі техника дамыған XXI ғасырда магнит пен электр өрісін адам ауруларын емдеуде кең қолданыс табуда. Бұл құралдар өзінің бастауын XVIII, XIV алған. Бұлардың ішіндегі ең бір атап өтерлері электрохирургия, кардиостимулятор, электрокардиограф, электроэнцофалограф және т.б. Болашақта бұдан да озық құралдар ойлап табылады деп үміттенеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
Б.Арызханов “Биологиялық физика” 1990, Қайнар
Бират Көшенов “медициналық Биофизика” Алматы “Қарасай” 2009
У.А.Ваизак “Медфизика”. Арызханов.Б “Биологиялық физика” 1990ж
Тиманюк В.А., Животова Е.Н. Биофизика, Киев, 2004 ж.
Ремизов А.М. «Медицинская и биологическая физика», М.,2004 ж.
www.google.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет