Топырақ құраушы процесс био-физикалық-химиялық процестерге жатады



бет2/3
Дата29.11.2023
өлшемі29,35 Kb.
#131210
1   2   3
Байланысты:
топырактану

Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті деп, оның сумен немесе желмен бірге келген әртүрлі заттардың топырақ кеуектерінде ұсталып қалуын айтады. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында елгезерге еленген кездегі ұннан қалған кебектер сияқты, топырақ арқылы өткен сулардан ұсталып қалған әртүрлі заттар.

Топырақтың физикалық сіңіруі деп, топырақ бөлшектерінің беткі қабатының топырақ ауасы мен ерітіндісінен кейбір молекулаларды сіңіру қасиетін (абсорбция) айтады.

Физика-химиялық сіңіру қабілеті деп қатты фазада сіңірілген катиондардың өзіне жұғысқан топырақ ертіндісіндегі катиондарға эквивалентті санына тең мөлшерде алмастыру қасиетін айтады
Химиялық сіңіру қабілеті (немесе хемосорбциялық) деп топырақ ертіндісіндегі әртүрлі компоненттердің әрекеттесуінің нәтижесінде суда ерімейтін немесе өте аз еритін тұнба түзілуін айтады. Мәселен карбонаттар мен гипстердің түзілуі.

Топырақтың биологиялық сіңіруі деп – топырақтың тірі бөлігі арқылы микроорганизмдер мен өсімдіктер тамырлары топырақ ертіндісінен әртүрлі заттарды сіңіруін айтады.
Осы сіңірулердің ішінде, топырақтың көп қасиеттеріне өзінің шешуші әсерін тигізетін сіңіру – топырақтың физика-химиялық немесе алмасу сіңіруі. Сондықтан академик К.К.Гедройц баса назар аударған болатын. Оның зерттеуі бойынша алмасу реакцияларына қатысы бар қосылыстарды топырақтың сіңіру кешені деп атайды. Топырақтың сіңіру кешеніндегі (ТСК) катиондар әр уақытта өзіне тең мөлшекрдегі басқа катиондарға алмаса алады.
Топырақтың сіңіру мүмкіндігі әртүрлі топырақтарда әртүрлі. Топырақ неғұрлым қарашірікке бай және механикалық құрамы ауырлау (балшықты) болса, соғұрлым оның сіңіру қабілеті де жоғары, ал топырақ қарашірікке кедей, құрамы жеңіл (құм, құмдақ) болса, оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы болады.
Топырақ сіңіру кешені құрылысы. Топырақтың өз денесінде топырақ ерітіндісіндегі иондарды, ұсақталған минералдық және органикалық заттарды, тірі микроорганизмдерді, әртүрлі суспензияларды ұстап қалу қабілетін айтады. Топырақтың сіңіру процесіне қатысатын компоненттер жиынтығын К.К.Гедройц топырақ сіңіру кешені (ТСК) деп атады. ТСК-ның басым бөлігін топырақ коллоидтары құрайды.

8. Топырақ құрылымы


Топырақ құрылымы топырақ үшін маңызды болып табылады. Топырақ құрылымы деп оның массасының бөліну қасиетін айтады. Ол ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы болып түрлерге бөлінеді. Топырақ құрылымы – топырақтың жетілген кезде көлемі мен пішіні, құрамы әр түрлі болатын жеке бөліктерге бөліну қабілеті. Топырақ құрылымы түзілген кезде өсімдік тамырлары мен топырақтың коллоидтарының жабысқақтық қасиеті үлкен роль атқарады.
Топырақ құрылымы топырақтың ауа мен су алмасу режимінің негізгі ерекшелігін анықтайды, сондықтан топырақ құнарлығын арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Табиғатта құрылымы жөнді түзілмеген құмдақ және құмды борпылдақ, жеңіл топырақтар майда кесекті топырақтарда кездеседі. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып 

9. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері


Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.
Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 г/см, қара топырақтікі-2,37 г/см, ауыр сазды топырақтікі-2,67 г/см болады.
Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.
Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 г/см,-ден 1,80 г/см –ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 г/см –ден 3,0 г/см-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп боған сайын , оның тығыздылығы төмендейді. Мысалы, қара шірігі мол қара топырақтың тығыздылығы 2,37 г/см. Топырақ тығыздылығына оның гранулометриялық құрамы, құрылымы үлкен әсер етеді.

10. Топырақтың Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне оның созымдылығы , ісінуі,шегуі,байланыстылығы,жабысқақтығы, физикалық «пісуі» жатады.


Тұқымның бөртіп өнуі, өсімдік тамырының төмен қарай бойлап өсуі, топырақ пенг атмосфераның арасында газ алмасу, жер өңдеу сапасы топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты.
Топырақтың созымдылығы деп оның сыртқы күштің әсерінен өзінің пішінін өзгертуін және оны ұзақ уақыт сақтай алатын қабілетін айтамыз.
Топырақтың ісінуі деп оның ылғалдану нәтижесінде көлемін ұлғайтуын айтамыз, ал, керісінше, топырақ кепкенде өзінің көлемін кішірейтуін топырақтың шөгуі деп атайды.
Топырақ түйіршіктерін бір-бірінен ажыратуға әсер ететін сыртқы механикалық күштің әсеріне топырақтың қарсы тұра алатын қасиетін оның байланыстылығы дейді.
Жер өңдеу құралдарының жұмыс органдарына немесе басқа заттарға топырақтың жабысу қабілетін оның жабысқақатығы деп атайды.
Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуі» деп оның өңдеуге дайын болған кезін, яғни, топырақтың кеберсіп, оны өңдейтін құралдардың жұмыс органдарына жабыспайтын жағдайын айтады. Піскен топырақ жеңіл өңделеді, құралға жабыспайды, кесекке айналмайды және т.б.
физико-механикалық құрамы

11. Топырақтың су қасиеттері мен топырақ ауасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет