Топырақ құраушы процесс био-физикалық-химиялық процестерге жатады



бет3/3
Дата29.11.2023
өлшемі29,35 Kb.
#131210
1   2   3
Байланысты:
топырактану

Топырақ су қасиеттері деген- топырақтың құрғақтылығының процентпен көрсетілген су мөлшері.
Топырақ негізінен көп фазалы болғандықтан оған суды сініру және ұстап тұру тән. Қай кезде болмасын оның құрамында су болады. Оған су жауын-шашын, ыза су, ауаның буынан және суару жолдарымен келеді. Топырақтағы сулы өсімдіктер жандылардың тіршілігінің негізгі көзі.Өсімдіктер органикалық заттар түзуге суды әр мөлшерде қажет етеді.
Өсімдіктерді сумен толықтыру ол топырақтағы сумен өлшенбейді.Ол топырақтың сіңірілуіне, суды өткізуіне, ұстап қалуына, сақтауына байланысты. Бір дәрежеде ылғал болған судың мөлшері оның механикалық құрамына, қарашірігіне байланысты өзгереді.Сондықтан топырақтың құрылымындағы су мөлшері жауын-шашынға емес су күйінің өзіне байланысты.
Топырақтың барлық қуыстарының сумен толған кездегі ылғал мөлшері толық ылғал сыйымдылығы болып табылады. Мұндай жағдай қар еріген кезде, қатты жаңбырдан және егістікті суарғаннан кейін байқалады. Толық ылғал сыйымдылық кезінде топырақтағы ауа атмосфераға ығыстырылып шығарылады, сондықтан оттегі азаяды да, топырақтың құнарлылығы кемиді және өсімдік өнімі төмендейді. Толық ылғал сыйымдылық топырақтың қуыстылығына байланысты.
Толық су сыйымы деп топырақтың барлық қуыстары гравитациялық суға толған кездегі ылғалдылықты айтады. Мұндай жағдайда топырақтың ауа алмастыру қабілеті бәсеңдеп, өсімдік тамырлары тұншығады.
Топырақтағы ауа мөлшері және оның құрамы оның ауа сыйымдылығы мен ауа алуына, сондай-ақ кеуектілігі мен ылғалдылығына байланысты, өйткені топырақ ауасы су жоқ барлық тесіктерді алады. Бір ылғалдылығы құрылымдық топырақта ие капилярсызкеуектілу, ауаның артық құрылымы жоқ. Топырақты сумен қосымша қанықтыру одан ауаны шығаруға әкеледі. Ауа режимі құрылымдық және борпылдақ топырақтарда ең қолайлы.


Топырақ ауасы деп оның қуысының судан бос жерлерін толтыратын газдың қосылыстары. Топырақ ауасы құрамы жағынан атмосфера ауасынан көмірқышқыл газым және оттегімен ерекшеленеді. Топырақтың әртүрлі типінде ауа мөлшері де әртүрлі болады. Ауа мен атмосфера арасында үнемі газ алмасу процесі жүреді. Бұл топыраққа таза ауаның оттегінің келуін жақсартады.

Ауа сыйымдылығы – топырақта ауаның көлемдік процентпен мөлшері. Топырақтың ылғалдылығына және саңылаулығына байланысты.

Топырақтың ауа режимі – топыраққа ауа түсу, топырақ кесіндісінде ауаның қозғалуы, топырақтың қатты, сұйық және тірі фазаларымен әрекеттесуде құрамы мен физикалық күйінің өзгеруі, атмосфералық ауамен газ алмасуы барлық құбылыстарының бірлестігі.
Топырақтың ауа режимі тәуліктік, мерзімдік, жылдық және көп жылдық өзгерістерге жатады және тікелей байланыста топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерімен, ауа райы жағдайларымен, өсімдік сипатымен, егілетін мәдениеттерімен және агротехникамен болады. Ең қолайлы ауа режимі структурлы топырақтарда, бос құрылысы бар түскен суды және ауаны өткізуге және таратуға қабілетті топырақтарда кездеседі.

12. Топырақтың жылулық қасиеттері.


Топырақтың жылу режимі мәдени өсімдіктер дамуында маңызды рол атқарады. Қоректік заттар мен су мөлшері қаншалықты көп болса да, топырақ температурасы көтерілмей, ауылшаруашылық дақылдарының қалыпты өcyi мен дамуы, жоғары өніділік қамтамасыз етілмейді. Топырақ температурасы төмен болғанда өсімдік өcyi тоқталады. Топырақ температурасы микроағзалар тіршілігіне де үлкен ықпал етеді.
Топырақтағы басты жылу кезі Күн сәулесінің энергиясы болып табылады, сонымен қатар топыраққа, аздаған мөлшерде, Жер қойнауынан да жылу келеді. Ашық жерлерде Күн сәулесінің энергиясы топырақты тікелей жылыта алады. Қалың ормандарда күн сәулелері топырақ бетіне жетпейді, бұл жағдайда жылу топыраққа жылыған ауа мен атмосфералық жауын-шашын арқылы беріледі.
Шығу тегі мен құрамы әртүрлі топырақтар жылу қасиеттері бойынша бip-бipiнeн ерекшеленеді. Жылу режимін айқындайтын жылу қасиеттеріне топырақтың жылу сіңіpyi немесе сәуле ciңipyi, жылу бepyi, жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жатады.
Топырақтарды жылы және салқын топырақтар деп бөледі.

Топырақтың жылу сіңіpyi - оның топырақта жылу энергиясына айналатын Күн cәyлeлepiн қабылдау қабілеті. Топырақтың жылуды сіңіpyi топырақтың түсіне де байланысты: түсі күңгірт топырақтар ашық түсті топырақтарға қарағанда жылуды жақсы сіңіреді. Топы­рақта қарашірік неғұрлым көбейген сайын, оның түсі де соғұрлым күңгірттене түседі, сондықтан топырақтың Күн энергиясын қабылдау қабілеті де артады. Мысалы, ашық топырақтарға органикалық тыңайтқыштарды енгізгенде олардың температурасы артады.


Топырақтың Күн энергиясын сіңіруіне беткей экспозициясы мен ондағы өсімдіктер жамылғысы да әсерін тигізеді. Күнгей беткейлердің топырағы күн энергиясын теріскей беткейлер топырағына қарағанда көп сіңіреді. Өсімдік жамылғысы жылу сіңірілуін кемітеді. Жаздық ыстық күндерінде орман топырақтары ашық жерлердің топырақтарына қарағанда аз жылынатыны барлығымызға белгілі. Топырақтың ылғалдылыгы мен жұмсақтығы жоғарылаған сайын энергия қабылдауы да өседі.

Топырақ жылуы деп топырақтың атмосфераға жылу беруін айтады. Жылу беруіне топырақтың ылғалдылығы, структурасы, қарашірік мөлшері, тірі және өлі жамылғысы, ал қыста қар жа­мылғысы әсер етеді. Судың жылу бepyi жоғары, топырақтың мине­ралдық бөлшектерінің жылу бepyi баяу. Жылуды барлығынан баяу бepeтіні қарашірік. Құрамында ылғалы көп топырақтар жағдайы бірдей, бipaқ құрғақ топырақтарға қарағандажылуды жылдам береді.Қарашірік жылуды көп сіңіреді және жақсы ұстайды, яғни қарашірігi көп топырақтар жылуды жақсы ұстайды.


Tipi және өлi жамылғы жылу шығынын азайтады, ал қыста оны қар жамылғысы азайтады. Жаңадан жауған, құрамында көп ауасы бар қар жылуды нашар өткізеді, яғни топырақтан жылу берілуін азайтады. Сондықтан қар астындағы топырақ температурасы қарсыз жермен салыстырғанда жоғары болады. Қар күздік егінді үсуден сактайды. Ашық далаға қарағанда орманда, қардың қалың болуына байланысты, топырақ тоңы қатты тереңдемейді.
Топырақтағы жылудың негізгі көзі-күн сәулесінің қуаты. Сонымен қатар, аздаған мөлшерде жылу топыраққа құрлық тереңдігінен химиялық, биологиялық және радибелсенді процестер арқылы келеді. Топыраққа енген күн сәулесінің қуаты жылуға айналып, оның төменті қабаттарына жылжиды, аздау бөлігі топыраққа сіңбей бетінен шағылысады. Топырақтың беткі қабатының температурасы құрлыкка таяу ауа кабаты температурасынан төмен болған жағдайда, топырақ өзінің бойына жинаған жылуды қайтып береді. Топырақка сіңген күн сәулесінің қуаты мен қайтарылған жылудың мөлшеріне байланысты, оның беткі және теменгі кабаттарының температуралық айырмашылығы артқан сайын, одан жылу шығу да өседі. Сондықган беткі топырақ кабатының ішінде жылы жағдай калыптасыуна тигізетін әсері зор. Топыраққа енген немесе шағылысқан жылудың мөлшері оның түсіне, ылғалдылығына, түйіртпектілітіне, өсімдікттер жамылғысына байланысты. 

13. Топырақ құнарлылығы


Құнарлық топырақтың қасиеті өсімдікті қоректі элементтермен яғни сумен, жылумен, ауамен қамтамасыз ету.
Топырақ құнарлылығының өзгеруіне тікелей әсер ететін оның негізгі қасиеттеріне топырақтың су, ауа, жылу және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, механикалық құрамы реакциясы және микробиологиялық қасиеттері жатады. Агротехникалық шаралар дұрыс сақталынбаған топырақтарда оның жоғарыда аталған қасиеттері біршама төмендейді, ал мұның өзі сайып келгенде, оның құнарлылығының да нашарлауына себепкер болады.
Топырақтың құнарлылығын арттыру деген сөз – оның жоғарыда аталған әртүрлі қасиеттеріне пайдалы әсер ете отырып, оларды мейлінше жақсартып, ірі түрлі топырақ жағдайында өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан мол әрі сапалы өнім алу шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру немесе арттыру қазіргі кезде екі тәсілмен, заттық және тенологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер т.б. қолдануды қажет етеді, ал екінші тәсіл – ауыспалы егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ өңдеуді, егу әдістерін т. б. қолдануды қажет етеді. Аталған әдістердің мақсаты бір болғанымен, оған жету жолдары әртүрлі болып келетіні түсінікті.
Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық моделін (үлгісін) жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтылы топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне сай келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады.
Топырақ құнарлығының технологиялық үлгісі міндетті түрде экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі керек.
Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары мыналар:
— егіншілктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-топырақты жазықтілгіш құралдарымен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;
— жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінле жолақтап орналастыру;
— органикалық тыңайтқыштарды және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу;
— көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру немесе арттыру қазіргі кезде екі тәсілмен, заттық және тенологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер т.б. қолдануды қажет етеді, ал екінші тәсіл – ауыспалы егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ өңдеуді, егу әдістерін т. б. қолдануды қажет етеді. Аталған әдістердің мақсаты бір болғанымен, оған жету жолдары әртүрлі болып келетіні түсінікті.
Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық моделін жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтылы топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне сай келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады.
Топырақ құнарлығының технологиялық үлгісі міндетті түрде экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет