4.4.
Топырақ пішіні құрылымдарының типтері,
олардың топырақ-экологиялық байланысы
Егiншiлiк тәжiрибесiнде профессор В. В. Квасников
ұсынған топырақ түйiршiктерiн өлшемдері бойынша жiктеу
көптен берi қолданылынып келедi. Бұл жiктеу бойынша, 5
см үлкен түйiрлердi тоң кесектер деп 1-5 см – iрi
түйiршiктер, 0,25-10 мм – кiшi түйiршiктер және 0,25 мм
ұсақ
түйiршiктер
–
тозаң
немесе
микро-агрегаттар
(микроқұрылым) деп аталады. Iрi және кiшi түйiршiктер
макроқұрылымға жатады.
2.6. Топырақтың морфологиялық қасиеттері, олардың түзілуінің экологиялық
жағдайлармен байланысы
Топыраққа морфологиялық сипаттама бергенде алдымен оның механикалық құрамын
анықтайды. Ол үшін топырақты үгітіп суға илеп, иіріп сақина сияқты дөңгелек жасайды. Иірілу
деңгейі топырақтың ішіндегі бөлшектердің құрамына байланысты.
Топырақтың кеуектілігі. Топырақтың бос кеуектері топырақта көп орын алады. Кеуектердің
көлемі түрлі топырақтарда ғана емес, тіпті бір түрдегі топырақтың өзінде түрліше болады. Ірі
қуыстардың тесігі бірнеше сантиметр болуы мүмкін, уақ кеуектердің тесігі мм-дің жүзден,
мыңнан бір бөліміндей не онан да тар болады.
Топырақтағы кірмелер. Топырақта оның түзілу процесіне қатысы жоқ бөтен заттар кездесуі
мүмкін. Тас, кірпіш, т.б. Бұлар топырақтағы кірмелер болып есептелінеді.
Топырақтағы қосылыстар. Кейбір топырақтардын пішінінде әртүрлі жаңа қосылыстарды
байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |