Топырақтың механикалық құрамы



бет3/5
Дата08.11.2022
өлшемі37,74 Kb.
#48450
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Топырақтың нығыздылығы-оның борпылдақ қуысты немесе нығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын және құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді. Топырақтың нығыздылығы топырақтың құрылымына, механикалық құрамына, органикалық және минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты. Топырақтарды нығыздылықтың деңгейіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Өте тығыз, біртұтас топырақ. Мұндай топырақ сортаң және карбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді, механикалық құрамы ауыр әрі өзі құрғақ болады.
2.Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен орналасқан. Сортаңдау және механикалық құрамы ауыр балшықты жерлерде топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауыл шарушылығына пайдалануға болады.
3.Тығыздау топырақ жердің иллювиальді қабатында кездеседі. Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға болады.
4.Борпылдақ топырақ үстіңгі қабатта болады. Өйткені мұнда органикалық заттардың мол болуына байланысты құрылымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сондықтан мұндай құнарлы топырақта мәдени топырақта мәдени өсімдіктер жақсы өседі.
5.Бос жылжымалы топырақ құмдақ және құмды жерлерде болады. Ауыл шарушылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.
Топыраққа морфологиялық сипаттама бергенде алдымен оның механикалық құрамын анықтайды. Ол үшін топырақты үгітіп суға илеп, иіріп, сақина сияқты дөңгелек жасайды. Иірілу деңгейі топырақтың ішіндегі бөлшектердің құрамына байланысты.
Топырақтың кеуектілігі. Топырақтың бос кеуектері топыраққа көп орын алады. Кеуектердің көлемі түрлі топырақтарда ғана емес, тіптібір түрдегі топырақтың өзінде түрліше болады. Ірі қуыстардың тесігі бірнеше сантиметр болуы мүмкін, уақ кеуектердің тесігі мм-дің жүзден, мыңнан бір бөліміндей не онан да тар болады.
Топырақтағы кірмелер.Топырақта оның түзілу процесіне қатысы жоқ бөтен кездесуі мүмкін. Тас, кірпіш т.б Бұлар топырақтағы кірмелер болып есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет