Топырақтың потенциалды қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта сіңірілген сутек не-месе алюминий иондары тудырады.
Топырақтың алмасу қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта алмаса сіңірілген сутек не-месе алюминий иондары тудырады. Алмасу қышқылдық топырақты бейтарап тұздың ерітіндісімен (KCl) өңдегенде анықталады.
Алмасу қышқылдықты KCl судағы ерітіндісінің рН шамасымен немесе 100 г топырақтағы миллиграмм-эквивалентпен өрнектейді. Топырақтың алмасу қышқылдығы шамасына актуалды қышқылдық та кіреді. Сондықтан алмасу қышқылдығының шамасы актуалды қышқылдықтан жоғары болады.
Топырақтың гидролитикалық қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешенінің қышқылдығы, оны топырақпен берік байланысқан, қиын алмасатын сіңірілген сутек иондары тудырады. Гидролитика-лық қышқылдық топырақты гидролитті сілтілі тұздың ерітіндісімен (CH3COONa) өңдегенде анықталады.
Гидролитикалық қышқылдықты 100 г топырақтағы миллиграмм-эквивалентпен өрнектейді.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы алмасу жəне гидролитикалық қышқылдықтарының өлшеміне ғана емес, топырақтың негіздермен қанығу дəрежесіне де байланысты болады.
Егер топырақтың гидролитикалық қышқылдығының шамасын Н əрпімен, сіңірілген негіздердің қосындысын (Ca, Mg, K, Na жəне т.б.) S əрпімен белгілесек, онда топырақтың жалпы сіңіру сыйымдылығы
болғанда:
S + H = T.
Топырақтың сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақтағы милли-грамм-эквивалент түрінде өрнектеледі.
Топырақтың негіздермен қанығу дəрежесі (V) – сіңірілген негіздердің қосындысын (S) сіңіру сыйымдылығына (Т) қатынасын пайызбен өрнектеу:
12–1427 177
Топырақтың негіздермен қанығу дəрежесі жалпы сіңіру сыйымдылығының қандай бөлігі сіңірілген негіздерге, қайсысы гидролитикалық қышқылдыққа тиетінін көрсетеді. Негіздермен қанығу дəрежесінің шамасы топырақтың қышқылдығы мен сіңіру қабілетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы тұрақты болмайды. Əртүрлі биологиялық, химиялық жəне физикалық-химиялық құбылыстар-дың нəтижесінде топырақта қышқылдар немесе негіздер пайда бо-лып, топырақ реакциясы өзгеріп тұрады.
Топырақ реакциясы енгізілетін тыңайтқыштар əсерінен де өзгереді. Мысалы, физиологиялық қышқылды тұздарды (NH4Cl, (NH4)2SO4, т.б.) енгізгенде топырақ ерітіндісі қышқылданады, ал физиологиялық сілтілі тұздарды (NаNO3, Ca(NO3)2) пайдаланғанда қышқылдығы азаяды немесе топырақ ерітіндісі сілтіленеді.
Физиологиялық қышқылды немесе физиологиялық сілтілі тыңайтқыштарды əрдайым енгізгенде топырақ ерітіндісінің ре-акциясы күшті өзгере алады да, өсімдіктердің жəне топырақ микроорганизмдерінің тіршілігіне үлкен əсер етеді.
Бірақ əртүрлі топырақтарда реакцияның өзгеруі бірдей болмай-ды. Біреуінде топырақ ортасы баяу, басқаларында жылдам өзгеріп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |