Топырақтың орташа химиялық құрамы, А. П. Виноградов



бет1/9
Дата05.04.2023
өлшемі63,43 Kb.
#79507
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8. Тема 8.


Дәріс №8


8.1. Экологиялық факторлардың топырақтардың химиялық құрамына əсері

Топырақ түзілу құбылыстарының нəтижесінде жалпы тау жыныстарының құрамын сақтай отырып, көптеген элементтердің мөлшеріне өзгерістер енгізеді.


Топырақтың орташа химиялық құрамы, % (А.П.Виноградов,





1962):










O - 49

К -1,36

Mn -0,085

Co -0.0008 Mo

Si – 33

Mg -0,60

P - 0,08

B -0,001

Al – 7,13

Ti – 0,46

N- 0,10

Mo -0,0003

Fe - 3,80

С -2,00

Cu -0,002

Na -83

Ca -1,37

S – 0,085

Zn -0,005




Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында O мен Si, екінші Al мен Fe, үшінші Ca мен Mg, солардан кейін Na, K, т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың химиялық құрамының өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамынан айырмашылығы бар. Мұнда органикалық элементтердің мөлшері көп: көміртегі 20 есе, азот 10 есе өседі. Сонымен қатар оттегі жəне сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий, темір калий, кальций, магнийдің аз екені байқалады. Осы элементтер əртүрлі химиялық қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі, сутегі, оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді, мине-ралды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.


Оттегі су гидроксидтер, алюмосиликаттар, бос қышқылдар жəне олардың тұздарының құрамында болады.


Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтерінің бірі – кремний.


Ол жер қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп, органикалық заттар құрамындағы көміртегі сияқты маңызды рөл атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі

– кварц минералы SiO2. Кремний жəне кремний қышқылдарының тұздары силикаттар мен алюмосиликаттар құрамына кіреді. Өсімдіктердің құрамында да кремний бар,мысалы, ол дəнді дақылдарда 10%-дан 60%-ға дейін жетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет