Топпен жұмыс



бет2/5
Дата18.05.2023
өлшемі163,81 Kb.
#94292
1   2   3   4   5
Әлеуметтік

Танымдық

Эмоционалдық

Тәжірибемен және
идеялармен алмасу;
Мәселені бірлесіп
шешудің амалын табу;
Барынша жоғары
ұжымдық нәтижелерге
қол жеткізу

Жұмыстың баламалы
амалдары туралы
идеяларды ұсыну және
пікір алмасу;
Маңызды дағдыларды
және түсініктерді дамыту

Топтың жекелеген
мүшелерінің білімі мен
тәжірибесіне сүйену;
Күрделі тапсырмаларды
орындау үшін қолайлы
ортаны қамтамасыз ету




Топтық_жоспарлау'>Топтық
жоспарлау

•Не істеу қажет?
•Сізге жұмысты
орындауға қанша
уақыт қажет?
•Жұмыс топ ішінде
қалай бөлінеді?
•Жұмыс істеу
барысында топ
ішіндегі қарым-
қатынас қалай
жүзеге
асырылатын
болады?

Топты
құру

•Топтың құрамына
кім кіреді?
•Сіздің жеке
артықшылығыңыз неде?
•Оларды
қаншалықты
ұтымды
пайдалануға
болады?
•Топ қалай бірлесіп
жұмыс атқарады?
Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?

  • Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша

әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану

  • Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы

жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді
болу

  • Басқаларды қолдау: топтың қызметіне

үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді
қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу

  • Басқаларды бақылау және басқалар туралы

хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне
қарым-қатынас барысында ықылас таныту.

Жоспарды
жүзеге асыру

•Топ мүшелері бір-біріне қалай
көмектеседі?
•Бір-бірінің
жұмысын қалай
талқылар едіңіз?
•Жұмыстың
барысы қалай
бақыланады?

Қызметті
жүзеге асыру

•Соңғы өнім
қандай нысанда
жасалады?
•Жобаны орындау
бары сында түрлі дағды лар түрлі тапсырма ларға сәйкес келе ме?
•Сізге жұмыстың
қай түрі үшін баға
беріледі?
•Топтық
ынтымақтастықтың болғандығы ның жеткілікті дәлелі
бар ма?

Топ жұмысын
бағалау

•Сіздер команда ретінде
Қаншалықты ұтымды жұмыс
істедіңіздер?
•Сіздер бір-бірлеріңізге
Қаншалықты көмек
көрсеттіңіздер?
•Топта жұмыстың қандай негізгі
аспектілері
ұтымды орындалды?
•Не орындалмады?
•Одан қандай сабақ алуға болады?




ШАҒЫН ТОПТАР

ЖҰПТАР

ҮЛКЕН ТОПТАР

4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді.
•Топ мүшелерінің кейбіреу лері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді.
•Тыныш, салмақты оқушы лар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін.

Жұп болып жұмыс іс теу жоғары деңгейлі
тапсырмаларды берле се орындауда (мыса лы, шешім қабылдау да, мәселелерді шешу де) және құрбы-құрдас тарын оқыту үшін тиімді.

•7-10 оқушыдан құралған үлкен топтар мәселені талқылау барысында көптеген көз-қарастар ы қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.
•Топ мүшелері көп болған сайын ондағы жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым-қатынас және
сөз сөйлеу қиындайды.
Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері
Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу;
• белсенді тыңдау;
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
• көмектесу және көмек сұрау;
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
• талқылаудың қорытындысын шығару;
• дәйекті айғақтар келтіру.
Проблемаларды шешу стратегиялары
Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте
ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін
тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл
оқушыларға:
• уақытты ұтымды жоспарлауға;
• инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
• топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе
екендігін анықтауға;
• топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе
топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
• тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Әлеуметтік өзара әрекеттестік дегеніміз не?
Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкін дігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді.
Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет