Топпен жұмыс



бет3/5
Дата18.05.2023
өлшемі163,81 Kb.
#94292
1   2   3   4   5
Байланысты:
коспект

Топқа бөлу әдістері
ҚаЖыл мезгілдері,жануарлар,құстар немесе басқа да суреттерді үшке,төртке,беске (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып,араластырып оқушыларға таратылады.Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.

  • Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну;

  • Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну:

Мұғалім бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратып береді.(неше топқа бөлсеңіз сонша геометриялық фигураларды бірнешеуден аласыз) Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.

  • Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну:

Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы; туған айы,жұлдызнамалық белгісі,шашының түсі,киімінің өлшемі,есімінің бас әрібі т.б) сол бойынша топқа бөлуіне болады.

  • Сандар арқылы топқа бөліну:

Жұп сандар және тақ сандар арқылы екі топқа бөлінуге болады.Бірліктер,ондықтар,жүздіктерді парақшаларға жазып,оқушыларға таратып үш топ құрауға немесе 1,2,3,4,5 деп ауызша оқушыларға айтып,сол сандарды есте сақтап тұруларын ескертіп,бірлер бір топ,екілер бір топ,үштер бір топқа,төрттер бір топ,бестер бір топ құрауларына (сандарды тағы басқаша түрлендірулеріне) болады.

  • Ән шумақтары бойыншатопқа бөліну

Мұғалім оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.

  • Суреттер арқылы топқа бөліну

Оқушыларға түрлі суреттер таратылып (мысалы; гүл түрлері,жануарлар,құстар,жеміс-жидектер т.б) суреттердің біркелкілігіне қарап үш-төрт адамнан бірігіп,топ құрауларына болады.

  • Әріптер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға әріптер айтып (А;Б;С;Д төртке бөлу керек болса осы төрт әріпті қайталап барлық оқушыларға айта береді ),есте сақтауларын сұрайды.А әрібі айтылғандар бір топ,Б әрібі бір топ,С әріптері бір топты,Д әріптері тағы бір топты құрайды.Осылайша төрт топқа бөлуге болады.
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет