Конфеттер арқылы топқа бөліну
Оқушыларға конфеттер таратылады.Оқушыларды конфет түрлеріне қарай топтастыруға болады.Конфеттерге «Сәттілік» немесе «Бүгінгі сабақта 5-тік баға алуыңа тілектеспін» деген сияқты әдемі сөздер жазып қыстырып қоюға болады.
Түстер арқылы топқа бөліну
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлуге болады.Бір түсті алған оқушылар бір топқа бірігеді.Түстерге қарап оқушыларға психологиялық мінездеме беруге де болады.Бірақ оқушыларға жағымды әсер қалдыру керек.
Ойындар арқылы топқа бөліну
«Атомдар мен молекулалар» ойыны
Оқушыларға мұғалім бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді.Молекулалар
бірігіп-бірігіп,екеу болады,сосын үшеу болады,атомдар түзіледі.Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы топтасады.
Оқушылар екеу-екеу
қолдарын көтеріп ұстасады,үйдің шатырын жасайды.Шатырдың астына бір оқушы кіріп тұрғын болады.Сәлден соң мұғалімнің нұсқауымен тұрғын екеу болады.Осылай төрт оқушыдан шағын топтар құралады.